33
ҚАЗАҚ
оқтын араластырып немесе шайқау керек. Тағамды берер алдында күйіп қалмау
үшін оның жылылығын тексеру керек.
Аса маңызды ақпарат
• МІНДЕТТІ ТҮРДЕ балаға берердің алдында тамағы ыстық емес пе соны
тексеріңіз. Шиша немесе басқа ыдыстағы затты шайқағаныңыз жөн, сонда
жылылығы бүкіл ыдыстың бойында бірдей таралады.
• ҚЫСҚАТОЛҚЫНДЫ режимде жұмыртқаны қабығымен дайындауға немесе
пісірілген жұмыртқаны жылытуға болмайды, өйткені олар ішкі тығыздықтың
жоғарылауынан жарылып кетеді.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
1. Пешті біркелкі əрі берік тегістікке қойыңыз. Кішкентай балалардың қолы
жетпейтіндей орынды сайлап алыңыз.
2. Пешті артқы жəне екі жағынан қабырғаға дейін 7-8 см, ал пештің үстіңгі жағындағы
бос кеңістік 30 см кем болмайтын аралық болатындай етіп қойыңыз,.
3. Пештің есігінде тоқтату жүйесі орнатылған, ол есікті ашқан кезде қорек көзі
тоқтатылатындай етіп жабдықталған. Есіктің жабылу схеиасына өзгертулер
енгізбеңіз.
4. Пешті ішіне тағамдар қоймай іске қосуға болмайды, өйткені бос түрде іске
қосқаннан ол істен шығып қалуы мүмкін.
5. Өте аз мөлшерде сұйықтығы бар тағамдарды дайындау олардың күйіп кетуіне не
жанып кетуіне жол беруі мүмкін.
Егер жанып кетуге жол берілген жағдайда:
• Есігін
ашпаңыз.
• Пешті өшіріп, розеткадан жүйелік желісін ажыратыңыз.
6. Беконды дайындаған кезде оны тікелей шынысының үстіне қоймаңыз, шынының
іштен қызып кетуі оның шытынап кетуіне əкелуі мүмкін.
7. Пештің ішінде тағамды күйгенше қойып қоюға тырыспаңыз.
8. Мойыны жіңішке ыдыстарда сұйық заттарды жылытуға болмайды.
9. Пешті үйде сүрлеу ісіне пайдалануға болмайды, өйткені сізде ол ыдыстардың
ішіндегі заттардың қайнау температурасына жеткендігі жайлы толық сенім жоқ.
10.Сұйық заттар мен сусындардың ұзақ та қатты қайнап кетпеуі үшін жəне де
күйіп қалмау үшін бұл тағамдар мен сусындарды дайындаудың алдында жəне
ортасында араластырып алу керек. Ол үшін жылытуды өшіріп біраз уақыт күте
тұру керек, тағамы бар ыдысты шығарып, араластырып, содан кейін пештің ішіне
дайындауды əрі қарай жалғастыру үшін қайта қою керек.
11.Пешті үнемі тазалап отыру керек. Үнемі тазаламаған жағдайда оның сыртқы
түрі өңсізденеді, оның жұмыс қуаттылығы нашарлауы мүмкін жəне де ары қарай
қолданудың қауіпті болуы да мүмкін.
Үнемі есте сақтайтын қағидалар
1. Пеште тағамды дайындау уақытынан асып кетпеңіз. Əр кезде қағаздан,
пластиктен т.б жанатын материалдардан жасалған ыдыстарды қолданғанда
дайындау кезеңін үнемі бақылап отырыңыз.
2. Пешті ешуақытта онда əртүрлі заттарды сақтау үшін пайдаланбаңыз. Ешуақытта
1683.indd 33
1683.indd 33
12.04.2010 10:21:40
12.04.2010 10:21:40
Downloaded From Microwave-Manual.com Manuals