10
ҚАЗАҚША
ФЕН VT-1301
Фен шашты құрғату және ретке келтіру үшін арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Ауа беру жылдамдығының ауыстырып-қосқышы
(0\ \ )
2.
Ыздыру деңгейінің ауыстырғышы ( / / )
3.
«Салқын ауа» беру батырмасы
4.
Ондырма-концентратор
5.
Ауа жинағыштың торы
6.
Ілуге арналған ілмек
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты ванна бөлмесінде,
душта, бассейнде ж.т.б. су маңында пайдалануға
болмайды.
• Фенді ванна бөлмесінде қолданып болғаннан
кейін, құрылғыны желіден ажырату керек, яғни,
желі бауының ашасын розеткадан шығару керек,
өйткені судың жақындығы фен сөндіргіш арқылы
сөніп тұрғанның өзінде қауіп төндіреді;
• Қосымша қорғаныс үшін қосылу номиналды тоғы
30 мА аспайтын, қорғаныс сөндіру құрылғысын
(ҚСҚ) ванна бөлмесінің қуаттану тізбегіне
орнатқан жөн; орнату барысында маманға хабар-
ласқан дұрыс.
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Электр аспабын пайдалану алдында берілген
пайдалану бойынша нұсқаулықты зейін қойып оқып
шығыңыз және оны анықтамалық материал ретінде
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта көрсетілгендей, тікелей
нұсқаулық бойынша құрылғыны қолданыңыз.
Құрылғымен дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкелуі мүмкін.
• Іске қосу алдында электрлік желідегі кернеудің
құралдың жұмыс кернеуіне сәйкес келетіндігіне
көз жеткізіңіз.
• Ешқашан жұмыс істеп тұрған құралды қараусыз
қалдырмаңыз.
• Құралды аэрозольдар себілетін немесе оңай
тұтанатын сұйықтықтар пайдаланатын жерлерде
қосуға болмайды.
• Шашқа арналған лакты шашты сәндегеннен кейін
ғана жағыңыз.
• Құралды пайдаланып болғаннан кейін және
тазалау алдында міндетті түрде сөндіріңіз.
• Желілік баудың айырын электрлік розеткадан
шығарғанда баудан тартпаңыз, айырдан ұстаңыз.
• Құрал корпусын және желілік баудың айырын су
қолмен ұстамаңыз.
• Құрады суға толы ваннаға немесе қолжуғышқа
түсіп кете алатын жерлерде ілуге және сақтауға
болмайды, құралдың корпусын, желілік бауды
немесе желілік баудың ауырын суға немесе кез-
келген басқа сұйықтыққа салуға болмайды.
• Ваннада жуынған кезде құралды пайдаланбаңыз.
• Егер құрал суға түсіп кетсе, онда жылдам желілік
айырды электрлік розеткадан шығару керек, содан
кейін ғана құрылды судан шығаруға болады.
• Балалардың қауіпсіздігі үшін орам ретінде
пайдаланылатын
полиэтилен
пакеттерді
қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірмен ойнауға
рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
• Құрал жұмыс істеп тұрғанда балаларға құрал
корпусына, желілік бауға немесе желілік баудың
айырына қолдарын тигізуге рұқсат етпеңіз.
• Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін
балаларды қадағалау керек.
• Егер жұмыс істеп тұрған құралдың маңында
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар
жүрсе, аса сақ болыңыз.
• Осы құрал балалардың қолдануына арналмаған.
• Жұмыс кезінде және жұмыс цикл арасындағы
үзілістерде құралды балалардың қолы жетпейтін
жерде орналастырыңыз.
• Дене, сенсорлық немесе ақыл-сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды қоса
алғанда) немесе оларда өмірлік тәжірибесі
немесе білімі болмаса, егер олар бақыланбаса
немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауап
беретін тұлғамен аспапты пайдалану туралы
нұсқаулықтар берілген болмаса, аспап олардың
пайдалануына арналмаған.
• Ұйқыңыз келіп тұрған кезде құралды пайдалануға
болмайды.
• Құралды дымқыл шашты немесе синтетикалық
жасанды шашты сәндеу үшін пайдалануға
болмайды.
• Құралдың ыстық бөліктерінің бетке, мойынға және
басқа дене мүшелеріне тиюіне жол бермеңіз.
• Құрал жұмыс істеп тұрған уақытта оны жылуға
сезімтал беттерге, жұмсақ беттерге (мысалы,
төсекке немесе диванға) қоюға және бүркеуге
болмайды.
• Құрылғыны пайдалануға беру кезінде желілік
бауысымды толық ұзындығы бойынша тарқатуға
кеңес беріледі.
• Желілік баусымы:
–
ыстық заттармен жанаспауы;
–
өткір жиектер арқылы созылып тұрмауы керек;
–
құрылғыны тасымалдау үшін тұтқа ретінде
қолданылмауы қажет.
• Қуаттандыру бауының бүтіндігін мезгілімен
тексеріп отырыңыз.
• Қуаттандыру бауы немесе қуаттандыру бауының
ашасы зақымданған болса, егер құрал кідіріспен
жұмыс істесе, сондай-ақ ол құлаған болса құралды
пайдалануға тыйым салынады. Қуаттандыру бауы
зақымдалған болса, қауіпті жағдайды болдырмау
үшін оны өндіруші, сервистік қызмет немесе
баламалы білікті маман ауыстыруы керек.
• Аспапты өздігінен жөндеуге тыйым салынады.
Аспапты өздігіңізден бөлшектеуге болмайды,
IM VT-1301.indd 10
1/10/20 9:58 AM