17
ҚазаҚша
Термопоттың ішкі бетіндегі дақтар
Судың құрамында болатын әртүрлі қоспалардың
әсерінен құтының ішкі металл беті өзінің түсін
өзгертуі мүмкін.
•
Дақтарды жоюды лимон қышқылымен немесе
ас үйлік сірке сумен іске асыруға болады.
•
Лимон қышқылының немесе сірке суының
жағымсыз дәмін кетіру үшін суды қайнатыңыз
да, оны төгіп тастаңыз.
•
Осы рәсімді судағы иіс пен дәм толық кеткенге
дейін қайталаңыз.
Қақты кетіру
•
Металл құтының ішкі бетінде пайда болатын
қақ судың дәмдік қасиеттеріне әсерін тигізеді,
сонымен қатар су мен қыздырғыш элемент
арасындағы жылу алмасуды бұзады, бұл оның
қызып кетуіне және жылдам істен шығуына
әкелуі мүмкін.
•
Қақты кетіру үшін ас сірке суының 2:1 қатынасы
бойынша араластырылған суды термопоттың
максималды «Макс» (15) деңгейіне дейін
құйыңыз.
•
Желі баусымының штеккерін (16) термопот
корпусындағы ағытпаға (12) тығыңыз, ал желі
баусымының ашасын (16) розеткаға қосыңыз.
•
Термопот қайнату режиміне іске қосылады.
Су қайнағаннан кейін желі баусымы ашасын
розеткадан шығарып, сірке су ерітіндісі бар
термопотты түнге қалдырыңыз.
•
Таңертең сірке су ерітіндісін төгіңіз, термопотты
максималды деңгейіне «Макс.» (15) дейін
толтырыңыз, суды қайнатыңыз және төгіңіз.
•
Қақты жою үшін электр шәйнектерге арналған
арнайы құралдарды пайдалануға болады.
•
Қажет болған кезде термопотты тазалау
рәсімін бірнеше рет қайталаңыз.
САҚТАЛУЫ
•
Темопотты ұзақ мерзімге сақтауға алып
қойярдан бұрын, оны электр желісінен
ажыратыңыз, құрылғының салқындауына
мүмкіндік беріңіз және суды төгіңіз.
•
Термопотты тазалауды жүргізіңіз.
•
Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИНАҒЫ
Термопот – 1 дана
Желі баусымы – 1 дана
Нұсқаулық – 1 дана
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электрлік қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50 Гц
Номиналдық тұтыну қуаты: 750 Вт
Судың максималды көлемі: 4,2 л
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың
және қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың
құрамына кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін, оларды күнделікті тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастауға болмайды, аспап пен қуаттандыру
элементтерін ары қарай кәдеге асыру үшін
мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі
қайта өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке,
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне
немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдын-ала хабарламай, аспаптың дизайнын,
конструкциясы және оның жұмыс қағидатына
әсер етпейтін техникалық сипаттарын
өзгерту құқығын өзіне қалдырады, соған
байланысты нұсқаулық пен бұйымның арасында
кейбір айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер
пайдаланушы
осындай
сәйкессіздіктерді
анықтаса, нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасын
алу үшін сәйкессіздік туралы [email protected]
электрондық поштасына хабарлауыңызды
сұраймыз.
Құрылғының қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе
квитанциясын көрсетуi қажет.
IM VT-1197.indd 17
01.08.2018 17:13:31