IM2021
49
4.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Аспаптың сыртын тұрақты түрде шаң-тозаңнан және ластанудан тазалап отыру
қажет, өйткені бұл оның жұмыс істеу тиімділігіне және үй-жайды жылытудың
температуралық параметрлеріне әсер етеді.
Профилактикалық жұмыстарды орындау алдында аспапты сөндіріңіз және оны
электр желісінен ажыратыңыз, оған салқындауға уақыт беріңіз, содан кейін оның
бетін жұмсақ сәл ылғалды шүберекпен сүртіп шығыңыз. Тазалау үшін жуу
құралдарын, оның ішінде абразивті құрамдары бар құралдарды пайдаланбаған
абзал. Аспаптың өткір заттармен зақымдалуына жол бермеңіз, өйткені боялған
беттегі сызаттар тоттың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Конвектордың артқы бөлігін де тұрақты түрде шаңнан және ластанудан тазалап
отыру керек. Ол үшін аспапты кронштейннен шешіп алыңыз, ал тазалағаннан
кейін, оны бастапқы күйіне қайтарыңыз.
Профилактикалық тазалау рәсімін конвектордың техникалық күйін қолдау және
оның сыртқы түрін ұзақ жылдар бойы сақтау үшін тұрақты түрде жүргізіп отырған
жөн.
ЕСКЕРТУ:
Беткі жағында эмаль түсінің өзгеруі ақау болып табылмайды, өйткені бұған ауада
шаң-тозаң мен басқа да ластау бөлшектерінің жоғары құрамы себеп болады.
5.
ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫ
Жұмыс істеу қағидаты
Бөлменің аяқ деңгейімен бірдей төмен бөлігіндегі суық ауа конвектордың қыздыру
элементі арқылы өтеді. Қыздыру кезінде көлемі ұлғая отырып, жылы ағын шығу
торының жалюздері арқылы жоғары көтеріледі және бөлме ішінде баяу таралады.
Бұл кезде жалюзидің иілуімен белгіленген ағынның бағыты оны қабырға мен
терезелерге қарай таратпай, бөлме ішінде жылы ауаның қолайлы, жылдам
айналымын қамтамасыз етеді.
Негізгі ерекшеліктері
1.
Конвекция (бұдан шыққан атау – «конвектор») әсерінің жұмсақ жылу таратумен
ауа қыздырғышын жылу энергиясының үнемді көзіне айналдырады, сөйтіп жыл
сайын өзінің қолдаушылар санын едәуір ұлғайта түседі.
2.
Температура режимдерін басқарудың қарапайым, әрі тиімді мүмкіндіктері.
3.
Жоғары ПӘК және берілген температураны жылдам жинау есебінен тез өзін-өзі
өтеушілік.
4.
Орнатудың оңайлығы, пайдаланудағы беріктік және жеңіл қызмет көрсету.
5.
Электр энергиясын үнемдеу үшін үш режимді қыздыру.
6.
Конвекторды кез келген ыңғайлы жерге орналастыру үшін тірек тұғырлары
жиынтықта.
7.
Құлаудың құрамдас датчигі, егер ол тік күйінен ауытқып кетсе, мысалы, егер
аспапты тұғырларда пайдалану кезінде байқаусызда құлатып алатын болса,
конвекторды сөндіріп тастайды.
Summary of Contents for TEC.E1X M 1000
Page 9: ...IM2021 9 Рисунок 4 Рисунок 5 ...
Page 10: ...IM2021 10 Рисунок 6 Рисунок 7 ...
Page 24: ...IM2021 24 Fig 4 Fig 5 ...
Page 40: ...IM2021 40 Малюнок 5 Малюнок 6 Малюнок 7 ...
Page 53: ...IM2021 53 4 сурет 5 сурет ...
Page 54: ...IM2021 54 6 сурет 7 сурет ...
Page 60: ...www timberk ru ...