IM022
SC-BS33ED45
12
Қорек элементерін қайтадан зарядтауға немесе түрлі құралдардың көмегімен қайта белсендіруге
болмайды, оларды бөлшектемеңіз, отқа тастамаңыз және қысқа тұйықтамаңыз.
Қуаты таусылған элементтер аспаптың бұзылуына себеп болуы мүмкін. Аспапты пайдалануда ұзақ уақыт
үзіліс болған кезде, қорек элементтерін батарея ұяшығынан шығарып қойыңыз.
Егер қорек элементтерінің біреуінің қуаты таусылған болса, қорғағыш биялай киіңіз де, батарея ұяшығын
құрғақ сулықпен тазалаңыз.
Қорек элементтерінің құрамында денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды уытты заттектер болуы мүмкін.
Осыған байланысты қорек элементтерінен қолданыстағы заңнамалық нормаларға қатаң сәйкес түрде
арылу керек. Пайдаланып біткен элементтерді ешқандай жағдайда да лақтырып тастауға болмайды.
Қорек элементтерін отқа тастамаңыз. Жарылыс қатері бар!
ЖҰМЫСЫ
Осы таразы биоэлектрлік қарсыласуды (B.I.A.) талдау қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бұл орайда түрлі
тіндердің пайыздық құрамын айқындау адам сезбейтін, қауіпсіз әрі зиян келтірмейтін, таразының
платформасындағы аса сезгіш датчиктер арқылы өтетін электр тоғының көмегімен небары бірнеше
секундта іске асады.
Өлшену кезінде мынаны ескерудің маңызы зор: майлы тіннің пайыздық құрамын тек жалаңаяқ тұрып өлшеу
керек, табанды сәл сулаған дұрыс. Табан мүлде құрғақ болса, бұл дұрыс емес нәтиженің алынуына себеп
болуы мүмкін, өйткені табанның электрлік өткізгіштігі тым төмен.
Егер майдың, бұлшық ет тінінің, сүйек массасының және судың пайыздық арақатынасын өлшеген кезде,
барлық құрамдастардың сомасы 100%-дан артық болып шықса, бұл таразының ақаулығы емес. Бұл
құбылысты физиологиялық тұрғыдан түсіндіруге болады. Диагностикалық таразының жұмысы
биоимпеданстық талдауға негізделген, ол бұлшық ет пен сүйек тіндерінің өздерінің де құрамында болатын
май мен судың мөлшерін анықтайды. Сондықтан, алынған нәтижелерді қоспастан, түрлі көрсеткіштердің
өзгеру динамикасын әр көрсеткіш бойынша бөлек қарастырған дұрыс.
Бұл таразы Bluetooth құрылғысымен жұмыс істейді, IOSи Android платформаларындағы телефондармен
сыйысымды. Өлшенген парамерлерді қадағалау мен сақтауға ыңғайлы болуы үшін арнайы «OKOK-
International» қолданбасы пайдаланылады.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Таразының жайпақ тегіс жазық жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ заттардың
үстіне қоймаңыз.
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған
кезде оны тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың дәл көрсетілуіне әсер етуі мүмкін.
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын
өлшену керек.
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан тұрғаннан кейін 2 сағат өтпей тұрып салмақты өлшемеген
жөн.
Таразының үстіне шығыңыз. Ештеңеге сүйенбей, тік тұрыңыз.
ШЕКТЕУЛЕР
Май массасын және басқа мәндерді айқындаған кезде, төмендегі жағдайларда өлшеу нәтижелері дәл емес
немесе өтірік болуы мүмкін:
10 жасқа толмаған балалар үшін,
кәсіпқой спортшылар және бодибилдингпен айналысатындар үшін,
жүкті әйелдер үшін,
температурасы көтеріліп тұрған, адамдар үшін, диализбен емделген кезде, үнемі болатын ісіну немесе
остеопороз кезінде,
жүрек – қантамырға арналған препараттарды қабылдап жүрген адамдар үшін (жүрек пен қантамырға
қатысты проблемалар кезінде),
қантамырды кеңейтетін немесе тарылтатын препараттарды қабылдап жүрген адамдар үшін.
ТАРАЗЫНЫ ДАЙЫНДАУ
Полярлығын дәл келтіре отырып, таразының артқы панеліндегі арнайы ұяшыққа AAA тұрпатты
батареяларды салыңыз. Ұяшықты жабыңыз. Таразы жұмысқа дайын.
Таразы әдепкі бойынша «kg» өлшем бірлігіне бапталған. Таразының артқы панелінде ажыратқыш бар, оның
көмегімен Сіз өлшем бірлігі ретінде стоун «st» немесе фунт «lb» мәнін таңдай аласыз.
ӨЛШЕУ
Дененің май массасы мен басқа параметрлерін дәлірек айқындау үшін пайдаланушы туралы кейбір жеке
деректерді енгізу қажет.
Таразы 8 жады ұясымен жарақталған, оларда сіз және, мысалы, сіздің отбасы мүшелеріңіз жеке
деректеріңізді сақтай аласыз.
Өзіңіздің смартфоныңызды пайдаланып, интернетке қосылыңыз (WI-FI, 3G немесе 4G ұсынылады).
Смартфонның параметрлерінде Bluetooth функциясын белсендіріңіз.
Смартфоныңыздағы «Google Play» немесе «App Store» дүкендерінен «OKOK- International» қолданбасын
жүктеп алыңыз.
Қолданбаны смартфоныңызға орнатыңыз, қолданбаны іске қосыңыз да, нұсқауларды орындаңыз.
Summary of Contents for SC-BS33ED45
Page 8: ...IM022 www scarlett ru SC BS33ED45 8 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 10 2 0 C 2 XX XXXX XX XXXX...
Page 10: ...IM022 www scarlett ru SC BS33ED45 10 BMI BMI 08 30 2018 08 30 2018 30 30 20 6 0 0...
Page 13: ...IM022 www scarlett ru SC BS33ED45 13 1 2 3 BMI BMI 08 30 2018 08 30 2018 30 30 0 0...