28
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Алғаш рет іске қосар алдында бұйымның заттаңбада
•
көрсетілген техникалық сипаттамалары электр
желісінің параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тек
•
тұрмыстық мақсатта ғана пайдалану керек. Аспап
өнеркәсіптік мақсатта қолдануға арналмаған.
Үй-жайлардан тыс жерде пайдалануға болмайды.
•
Егер құрылғыны пайдаланбайтын болсаңыз, оны
•
тазалар алдында электр желісінен әрқашан ажыратып
қойыңыз.
Электр тогы соғуынан және от шығуынан аулақ болу
•
үшін аспапты суға немесе басқа сұйық заттарға
матырмаңыз.
Балалардың аспаппен ойнауына жол бермеңіз.
•
Токқа қосылған аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
•
Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды
•
пайдаланбаңыз.
Қуат көзіне қосу сымына зақым келген аспапты
•
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге әрекет
•
жасамаңыз. Ақаулықтар пайда болған жағдайда
Сервис орталығына хабарласыңыз.
Қуат көзіне қосу сымы өткір жиектер мен ыстық
•
заттарға тиіп тұрмауын қадағалаңыз.
Қуат көзіне қосу сымын тартқыламаңыз, ширатпаңыз
•
және ешқандай затқа оны орамаңыз.
Азық-түлік пен сұйық тағамды тек қозғалтқыш толық
•
тоқтағаннан кейін ғана алыңыз.
Процессорға азық-түлікті шамадан артық салмаңыз.
•
Процессор жылдам әрі тиімді жұмыс істеуге
•
мүмкіндік береді. Бұл орайда
үздіксіз жұмыс істеу
уақыты 1 минуттан аспауға тиіс.
Процессорды ыстық азық-түлік салмаңыз (> 70 ºC).
•
2 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Алғаш рет пайдаланар алдында алмалы-салмалы
•
бөлшектерінің барлығын жуғыш зат қосылған жылы
сумен жуыңыз да, әбден құрғатыңыз. Қаптамасының
сыртын сәл дымқыл әрі жұмсақ матамен сүртіңіз.
Қаптамасын кез келген сұйық затқа матыруға
•
және оны сумен жууға тыйым салынады.
Тиісті көрсеткіштерді бірлестіріп, саптаманы
•
корпусқа өжеткенше салыңыз.
Қоспалардың шайқалып төгілуін болдыртпау үшін,
•
іске қосу алдында блендерді араластырылатын
тамақ өнімдеріне батырыңыз.
2.1 ШАҒЫН-ҰНТАҚТАҒЫШ
Шараға азық-түлікті салыңыз.
•
Тостағанға жетекті кигізіңіз және бекітілгенге дейін
•
сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Сәйкес нұсқарларды қатарластырып, корпусты
•
тостаған жетегіне орнықтырыңыз және бекітілгенге
дейін сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
2.2 СҰЙЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ПІСУГЕ / АРАЛАСТЫРУҒА
АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
Қондырма
жұмыртқаның
ақуызынан
немесе
•
майонезден крем пісуге арналған.
Жұмысты төмен жылдамдықпен бастаңыз.
•
Бұл қондырманы ешқашан да тығыз қамыр илеу үшін
•
пайдаланбаңыз.
3 ЖҰМЫС
Жинақтауды толық әрі тиісті түрде іске
•
асырғаныңызға көз жеткізіңіз.
Процессорды электр желісіне қосыңыз.
•
Реттеушінің көмегімен (6) талап етілетін қуатты
•
орнатыңыз.