IM020
SC-HS60500
8
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін
және
біздің
компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген
техникалық талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары
сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған
және
іске
пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет
мерзімі бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар
орындалған жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы
мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығың
ыз жә
не оны анықтамалық материал ретінде сақтаңыз.
Алғашқы қосудың алдында бұйымның техникалық сипаттамасының жапсырмадағы, электр жүйесінде
көрсетілген параметрлеріне
сәйк
естігін тексеріңіз.
Осы Пайдалану нұсқауына
сәйк
ес тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Аспап
өнеркәсіптік
қолдануға арналмаған.
Жайдан тыс қолданылмайды.
Жабдықты тазалаудың алдында не ол қолданылмаса
әр
қашан лектр жүйесінен сөндіріп тастаңыз.
Электр тоғының ұруына
және
жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр жүйесінен дереу сөндіріп
тастаңыз және с
ервис орталығына тексертіңіз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін
тәжір
ибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап
беретін адам қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл
аспапты қолдануына болмайды.
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші, сервистік қызмет
немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Құрылғыны ванна бөлмесінде пайдаланған кезде пайдаланудан кейін оны желіден ажырату қажет,
себебі судың жақын болуы, тіпті аспап ажыратулы тұрған кезде де қауіп тудырады.
Қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтармен қолданбаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Қоректену бауы зақымдалған аспапы қолданбаңыз.
Күйіктердің алу құтылуына жылытқыш элементтерге тимеңіздер.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде
2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі
әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
ЕСКЕРТУ:
Абай болыңыз, жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты қызып кетеді!
Аспапты тек таза құрғақ шашқа немесе сүлгімен сорғытылған шашқа ғана қолдану керек.
ЕСКЕРТУ! Аспапты жуынатын бөлмелерге, бассейндерге
және
ішінде суы бар басқа ыдыстарға
жақын жерде пайдалануға болмайды.
Жасап шығарылған күні бұйымда
және
(немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада, XX.XXXX
пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» – жасап шығарылған айы, келесі төрт сан
«XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСЫ
Аспап шашта «ирек» толқындар жасауға арналған.
Қуат сымының орауын түгелдей жазыңыз.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз.
Айналу жылдамдығын таңдау түймесін 1-ші, 2-ші немесе 3-ші қалыпқа ауыстырыңыз, бұл орайда
таңдалған жылдамдыққа с
әйкес кел
етін индикатор жанады.
0 - аспап өшірулі
1 - пластиналардың айналу жылдамдығы төмен.
2 - пластиналардың айналу жылдамдығы орташа.
3 - пластиналардың айналу жылдамдығы жоғары.
Жұмысты бастардан бұрын пластиналардың дұрыс бағытта қозғалып тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұл
оларға шаштың оралып қалмауы үшін қажет.
Бұл үшін аспапты қолыңызға алыңыз да, пластиналарды қысып, олардың қай жаққа айналып
тұрғанын тексеріңіз. Қозғалыстың дұрыс бағыты – шаштың түбінен ұшына қарай.