Қазақ - 10
ТД өлшемі,
дюйм
VESA бұранда тесігінің
техникалық шарттары
(A * B), миллиметр
C (мм)
Стандартты
бұранда
Саны
65
400 x 300
5-7
M8
4
75
400 x 400
85
600 x 400
Қабырғаға ілу жинағын теледидар тоққа қосулы тұрғанда орнатуға болмайды. Бұл адамның
электр тоғы соғуынан жарақат алуына себеп болуы мүмкін.
• Стандартты өлшемнен ұзын немесе VESA бұрандалар стандартына сай келмейтін бұрандаларды
қолданбаңыз. Тым ұзын бұрандалар теледидардың ішкі бөлшектеріне зиян келтіруі мүмкін.
• VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін қабырғалық аспа жинақ қолданылса,
бұрандаларының ұзындықтары қабырғалық аспа жинақ спецификациясына байланысты басқаша
болуы мүмкін.
• Бұрандаларды өте қатты қатайтпаңыз. Себебі құрылғыға зақым келуі немесе құрылғы құлап, адам
жарақат алуы мүмкін. Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін жауапкершілік көтермейді.
• VESA стандартына сай емес немесе ұсынылмаған қабырғаға ілу жинағы қолданылса немесе сатып
алушы өнімді орнату нұсқауларын орындамай, өнімге нұқсан келсе не адам жарақат алса, Samsung
компаниясы жауапкершілік көтермейді.
• Қабырғалық аспа жинақты орнатқан кезде, теледидар мен қабырғаның арасында 40 мм-ден астам
орын қалдырыңыз.
• Теледидарды 15 градустан асыра қисайтпаңыз.
• ТД-ды үнемі екі адам қабырғаға орнатуға тиіс.
–
82 дюймдік немесе үлкенірек теледидарларды қабырғаға төрт адам орнатуы керек.
ТД-ды дұрыс желдету
Теледидар мен One Connect құрылғысын орнатқанда, ауаның алмасуына кедергі жасамау үшін міндетті
түрде кемінде 10 см орын One Connect мен басқа нысандар арасында (қабырғалар, шкафтың бүйірлері
және т.б.) сақталуы керек. Дұрыс желдетпеген кезде, құрылғының ішкі температурасы артып, өрт шығуы
немесе оған зақым келуі мүмкін.
• ТД-ды тұрғыға қою немесе қабырғалық аспа жинаққа орнату үшін Samsung Electronics бөлшектерін
ғана қолдануды ұсынамыз. Егер басқа өндіруші шығарған бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге зақым
келуі немесе ол құлап, адам жарақат алуы мүмкін.