Қазақ - 8
• One Connect құралын төңкеріліп немесе тігінен тұрған қалпында пайдаланбаңыз.
• One Invisible Connection қосу үшін Bending Cover пайдаланыңыз, бұл One Invisible Connection
сымының 90 градус бұрыш жасап майысуымен қатар, кабельді майыстыруына жол бермейді.
Олай етпесеңіз, кабельге елеулі нұқсан келуі мүмкін.
• One Invisible Connection құралын жалғаған кезде, оның қосқыштарының пішіндері мен
өлшемдеріне назар аударып, дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз. Олай етпесеңіз, өнімнің
бұзылуына себеп болуы мүмкін.
• One Invisible Connection құралын жалғаған кезде One Invisible Connection құралының
кабелінің бұратылмауын қадағалаңыз. Бұлай істемеген жағдайда, теледидардың жұмыс
тиімділігі төмендеуі немесе кабельге нұқсан келуі мүмкін.
• Қалған кабельді реттеген кезде алдыңғы бетте берілген, кабельді реттеу жолдары
көрсетілген суретке қараңыз.
• Кабельге келесі әрекеттердің ешбірі жасалмауы керек. One Invisible Connection желісінде
қуат тізбегі бар. Кабельге зақым келтірумен қатар, өзіңіз тоққа соғылып қалуыңыз мүмкін.
• One Connect абайлап ұстаңыз. Оның салмағы ауыр.
Майыстыру
Бұрау
Тарту
Басу
Электр қатеріне
ұшырау
1-ШІ СЫНЫПҚА ЖАТАТЫН ЛАЗЕР ҚҰРЫЛҒЫСЫ (One Invisible Connection
)
• Назар салыңыз - ашқан кезде көзге көрінбейтін лазер сәулесі шығады. Сәулеге қадалып
қарамаңыз.
–
One Invisible Connection кабелін қатты майыстырмаңыз. Кабельді кеспеңіз.
–
Кабельдің үстіне ауыр зат қоймаңыз.
–
Кабель қосылымдарының ешқайсысын бөлшектемеңіз.
• Назар салыңыз - Осы нұсқаулықта айтылмағана басқару құралдарын, түзету немесе
пайдалану процедураларын пайдалансаңыз, қауіпті сәуле әсеріне ұшырайсыз.