Қ
аза
қ
ша
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
VisaCare дегеніміз не және ол теріңізге қалай көмектесе алады? Жас,
ұйқысыздық, эмоциялық күйзелу немесе қоршаған ортаның элементтері
теріңізге әсер етуі мүмкін. Терінің қартаюының бірінші белгілерін көре
бастағанда және тері енді жылдам қалпына келмесе, теріңіз қосымша күтімді
және көңіл бөлуді қажет етеді. Осы себепті біз VisaCare құрылғысын,
қартаюдың бірінші белгілерін шешетін, бүгін және ертең жас кездегідей
көрінетін теріні беретін тамаша жаңа әдісті жасадық. Теріңізге байланысты
бір рет қолданудан немесе бірнеше рет қолданудан кейін жұмсағырақ және
қалпына келген тері сияқты әсерлерді бірден алуыңыз мүмкін. Терінің
беріктігі және біркелкірек тері реңкі сияқты әсерлерді 4-6 апта ішінде алуға
болады.
VisaCare үйде ыңғайлы жағдайда пайдаланып, теріні жұмсағырақ, берігірек
және қалпына келген күйге жеткізе аласыз. VisaCare бір уақытта түлететін
және уқалайтын қос әрекетті жүйесі бар. Бұл жүйе — теріні тек қолдармен
түлетуден тиімдірек және көбірек басқарылады. Ағымдағы процедураны
жақсартуға арналған VisaCare құрылғысын теріні тазалаудан кейін және
қоректік масканы, күндізгі кремді немесе түнгі кремді жағудан бұрын
пайдаланыңыз. Қолданудан кейін тері масканы немесе кремді жақсырақ
сіңіруге дайын болады. Жұмысқа кірісуге дайынсыз ба? Шын және көрінетін
нәтижелер алу үшін VisaCare құрылғысын үйде аптасына екі рет
пайдаланыңыз.
Philips микродермабразия технологиясы қалай
жұмыс істейді
Philips VisaCare құрылғысы бір уақытта уқалайтын және түлететін DualAction
Air Lift & Exfoliation жүйесін ұсынады. Бұл терінің қалпына келу процесін
стимуляциялап, берігірек, жұмсағырақ және жылтыр теріні береді.
1 Түлету ұшы табиғи жасушаларды жаңарту процесін стимуляциялау
арқылы теріні жаңартады және жұмсағырақ, текстурасы анығырақ және
берігірек теріні ашады. Ол қатты, қабыршақты теріні жайлап итеріп, теріні
жақсартады және қолданудан кейін теріні таңдаулы кремді жақсырақ
сіңіруге дайындайды.
2 Air Lift System™ қан айналымын жақсартатын жұмсақ, стимуляциялайтын
массажды жасайды, әрі өлген тері жасушаларын кетіреді және теріні
қалпына келтіреді.
Жалпы сипаттама (1-сурет)
1 Сүзгі
2 Түлету сақинасы
3 Микродермабразия ұшы
4 Қосу/өшіру түймесі
5 Зарядтау шамы және «төмен батарея зарядының» индикаторы
6 Сап
79
Қазақша
Summary of Contents for VisaCare
Page 1: ...SC6240 ...
Page 2: ......
Page 3: ......
Page 4: ......
Page 5: ...English 6 Čeština 18 Polski 30 Română 43 Slovensky 55 Русский 67 Українська 68 Қазақша 79 ...
Page 67: ...Русский 67 Русский ...
Page 90: ......
Page 91: ......
Page 92: ......
Page 93: ...empty page before backcover ...