![Philips VisaCare User Manual Download Page 88](http://html.mh-extra.com/html/philips/visacare/visacare_user-manual_314658088.webp)
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support
сайтына кіріңіз немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда жиі кездесетін мәселелер аталып өтеді. Төмендегі
ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар
тізімін көру үшін www.philips.com/support торабына кіріңіз немесе еліңіздегі
Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе
Шешім
Құрылғыны теріме
қолдануға сәйкес
келетіндігін білмеймін.
Құрылғының теріңіз үшін жарамды екенін тексеріңіз.
Құрылғы зарядталмайды.
Құрылғы қосылған розетканың жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз. Құралда
көрсетілген қуат, жергілікті тоқ қуатына сәйкес болуы тиіс. Құрылғыны
тұрғыға дұрыс қойғаныңызды тексеріңіз. Егер сіз ваннадағы розетканы
қолданып жатқан болсаңыз, ваннадағы шамды қосып, ваннадағы
розетканы белсендіріңіз. Егер құрылғыдағы шам бәрібір жанбаса немесе
құрылғы әлі зарядталмай жатса, еліңіздегі Philips тұтынушыларға қолдау
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғы зарядталып
жатқан кезде жұмыс
істемейді.
Бұл — қауіпсіздік шарасы. Құрылғы зарядталып жатқанда жұмыс істеуге
арналмаған. 5 минут қолдану үшін құрылғыны шамамен 1 сағат бойы
зарядтаңыз.
Құрылғыны ылғалды теріде
пайдаланғанда оңтайлы
нәтижелер алмаймын.
Құрылғыны тек құрғақ теріге қолданыңыз. Құрылғы тең құрғақ теріде
оңтайлы жұмыс істейді.
Менің терім құрылғы
қолданысын көрсетіп
жатыр.
Бұл құрылғыны пайдалану қолданыстан кейін бірден азғантай қызаруға
әкелуі мүмкін. Қолдану кезінде жылуды, шаншуды сезінуіңіз мүмкін.
Әдетте, бұл әсерлер бірнеше минут ішінде жоғалады және әдетте
жағымды болады. Құрғақ немесе қабыршақты тері, ұзақ қызару немесе
қабыну болуы мүмкін. Бұл жағдайда құрылғыны бетіңізге тым қатты
басқан болуыңыз немесе бір аумақта тым көп рет қолданған болуыңыз
мүмкін. Келесі қолдану кезінде құрылғыға азырақ қысым түсіріңіз немесе
аумақта азырақ рет қолданыңыз. Сирек жағдайларда құрылғы көгеруді
немесе күлбіреуді, тырналуды немесе пигменттің өзгеруін тудыруы
мүмкін. Барлық дерлік тері реакциялары бір апта ішінде кетеді,
пигменттің өзгеруі бірнеше апта немесе бірнеше ай ішінде азаяды.
Ықтимал жанама әсерлерді болдырмау үшін қолданудан кейін күннен
қорғауы бар күндізгі кремді немесе күннен қорғайтын кремді
пайдаланыңыз. Бұл күн күйігін болдырмауға көмектеседі. Құрылғы
сынақтан өткен және оны пайдаланушы нұсқаулығында сипатталғандай
пайдалану қауіпсіз екені расталған. Дәрілер немесе өнімдер және
олардың ықтимал жанама әсерлері әр адамға әр түрлі әсер етеді. Осы
құрылғыны немесе кез келген басқа өнімді пайдаланғанда сирек немесе
бұрын белгісіз болған жанама әсердің ықтималдығы әрқашан бар
болғандықтан жоғарыда аталмаған жанама әсер болса, Philips
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
88
Қазақша
Summary of Contents for VisaCare
Page 1: ...SC6240 ...
Page 2: ......
Page 3: ......
Page 4: ......
Page 5: ...English 6 Čeština 18 Polski 30 Română 43 Slovensky 55 Русский 67 Українська 68 Қазақша 79 ...
Page 67: ...Русский 67 Русский ...
Page 90: ......
Page 91: ......
Page 92: ......
Page 93: ...empty page before backcover ...