130
KK
8 Ақауларды жою
Бұл тарауда ылғалдандырғышта орын алуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған.
Егер төменде берілген ақпарат көмегімен ақаулық жойылмаса, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық
Мүмкін шешімі
Ылғалдандырғыш
жұмыс істемейді.
•
Ылғалдандырғышқа ток келіп тұрғанын тексеріңіз.
•
Су ыдысы сумен толтырылғанын және жоғарғы блок су ыдысына
дұрыстап қойылғанын тексеріңіз.
Ауаны
ылғалдандырмайды.
•
Су ыдысы сумен толтырылғанын және жоғарғы блок су ыдысына
дұрыстап қойылғанын тексеріңіз.
•
Бөлме тым көп желдетілуі мүмкін. Есіктерді және терезелерді
жабыңыз.
•
Бөлме тым үлкен. Ұсынылған бөлме өлшемі: 25 м
2
.
Су ыдысынан су ағады.
•
Ылғалдандырғышқа артық су құйылмағанын тексеріңіз.
•
Әр тазалаудан кейін, не болмаса толтыру үшін жоғарғы блокты
және/немесе су ыдысын алғаннан кейін ылғалдандырғыш дұрыс
жиналғанын/қосылғанын тексеріңіз.
•
Су ыдысы дұрыс орналастырылғанын тексеріңіз. Егер мәселе
шешілмесе, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Ылғалдандыру
сүзгісінде біраз
жиналған ақ зат бар.
Жиналған ақ зат қақ деп аталады және судағы минералдардан тұрады.
Ылғалдандыру сүзгісіне жиналған қақ ылғалдандыру сапасына әсер
еткенімен, денсаулыққа зиян тигізбейді. Пайдаланушы нұсқаулығында
берілген тазарту бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Біраз уақыттан кейін
сүзгі сарғыштау түске
боялады.
Сары түсті қалдықтар тампон материалының табиғи ізі болып
табылады, олар ылғалдандыру сапасына әсер етпейді. Қақты жою үшін
ылғалдандыру сүзгісін жиі тазарту керек және ылғалдандыру сүзгісін 6
ай сайын ауыстыру керек.
Ылғалдандырғыштан
жағымсыз иіс шығады.
•
Су ыдысы сумен толтырылғанын тексеріңіз.
•
Ылғалдандыру сүзгісін тазартыңыз («Ылғалдандыру сүзгісін тазалау»
тарауын қараңыз).
Ауа шығысынан ауа
шықпайды.
Ылғалдандырғышты қуат көзіне жалғап, қосыңыз.
Ылғалдандырғыштан
бу шығып жатқанын
көрмеймін. Ол жұмыс
істеп жатыр ма?
Бу өте таза болса, ол көзге көрінбейді. Ылғалдандырғышқа NanoCloud
ылғалдандыру технологиясы орнатылған, ол шығару аймағынан таза,
ылғал ауа шығарады және бу шығармайды. Сондықтан да, бу көзге
көрінбейді.