88
Неліктен нәресте модуліндегі қайта
зарядталмайтын батареялар тез отырады?
Батарея қуатын қалай үнемдеуге болады?
Динамиктің дыбыс немесе
•
микрофонның сезімталдық деңгейін
азайтыңыз.
Пайдаланылмаса, нәресте модулі мен
•
түнгі жарықты өшіріп қойыңыз.
ECO режимін қосыңыз.
•
Нәресте мониторының белгіленген жұмыс
диапазоны — 330 метр. Неге нәресте
мониторы бұдан аз қашықтықта ғана жұмыс
істейді?
Көрсетілген диапазон тек дала, яғни
•
ашық кеңістік үшін жарамды.
Неге ата-ана модулінің жұмыс уақыты
24 сағаттан аз?
Ата-ана модулін бастапқы 4 рет
•
зарядтағанда, жұмыс уақыты
24 сағаттан аз болады. Қайта
зарядталатын батареялар 4 рет
зарядталып және зарядын жұмсап
болғаннан кейін ғана сыйымдылығын
толық пайдаланады.
Дыбыс және микрофонның
•
сезімталдық деңгейін азайтыңыз.
Неге ата-ана модулі 8 сағаттан артық
зарядталады?
Бірінші рет немесе ұзақ уақыт бойы
•
қолданылмағаннан кейінгі зарядтау
уақыты — 10 сағат.
Зарядтағанда, ата-ана модулін өшіріп
•
қойыңыз.
Электр қуаты берілмей қалса, не болады?
Ата-ана модулі жеткілікті деңгейде
•
зарядталып, нәресте модуліне
батареялар салынған болса, нәресте
мониторы қуат берілмей қалған
жағдайда да жұмысын жалғастыра
береді.
Неліктен ата-ана модулінен қатты шулы
дыбыстар шығады?
Ата-ана модулі мен нәресте модулінің
•
арасын кемінде 1,5 метрге дейін
жақындатыңыз. Бірнеше секундтан
кейін шуды басу функциясы қосылады.
Ата-ана модулінің дыбыс деңгейін
•
азайтыңыз.
Неге дыбыс естілмейді? Баламның
жылағаны неге естілмейді?
Ата-ана модулінің дыбыс деңгейін
•
көтеріңіз.
Микрофонның сезімталдық деңгейін
•
арттырыңыз.
Бала мен нәресте модулінің арасын
•
жақындатыңыз.
Нәресте мониторын жұмыс
•
диапазонының шегінен шығарсаңыз,
ата-ана модулін нәресте модуліне
жақындатыңыз. Сонда байланыс қайта
орнатылады.
Нәресте мониторы жасырын тыңдаудан
және кедергілерден қорғалған ба?
Бұл нәресте мониторының DECT
•
технологиясы басқа құралдардың
кедергі келтіруінен және жасырын
тыңдаудан қорғайды.
Неліктен ата-ана модулі басқа дыбыстарды
тым жылдам қабылдайды?
Нәресте модулінің айналасындағы
•
дыбыс көздерін алшақтатыңыз.
Микрофонның сезімталдық деңгейін
•
төмендетіңіз.
Неліктен ата-ана модулі нәрестенің
жылағанын өте кеш қабылдайды?
Нәресте модулінің микрофоны балаға
•
қарап тұруы керек.
Нәресте модулін кемінде 1 метр
•
қашықтыққа қойыңыз.
Микрофонның сезімталдық деңгейін
•
арттырыңыз.
KK