105
KK
Қазақша
Мәселе
Мүмкін.шешімі
Ауа сапасы шамының
түсі ешқашан
өзгермейді.
•
Бөлшек датчигі кір. Бөлшек датчигін тазалаңыз («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Құралдан жағымсыз
иіс шығады.
•
Құрылғыны алғаш бірнеше рет қолданғанда одан пластмассаның
иісі шығуы мүмкін. Бұл әдеттегі нәрсе. Дегенмен, егер сүзгілерді
алып тастағаннан кейін де, құрылғыдан күйік иісі шығып тұрса, Philips
дилеріне немесе Philips уәкілетті сервис орталығына жүгініңіз. Сүзгі
ішкі газдардың сіңуіне байланысты пайдаланылғаннан кейін иіс
шығаруы мүмкін. Сүзгіні қайта пайдалану үшін тікелей күн сәулесіне
қою арқылы қайта белсендіру ұсынылады. Иіс әлі де сақталса, сүзгіні
ауыстырыңыз.
Құрылғының дыбысы
өте қатты шығады.
•
Құрылғы Турбо режимде жұмыс істеген жағдайда қалыпты деп
есептеледі.
•
Автоматты режимде егер құрылғы тым шулы болса, құрылғы жоғары
жылдамдықта жұмыс істеуі мүмкін, себебі ауа сапасы нашарлайды
немесе қолданбадағы сіздің жеке параметріңіз жоғары желдеткіш
жылдамдығын іске қосады. Қолданбада Ұйқы режимін таңдауға
немесе параметрлерін өзгертуге болады.
•
Егер әдеттен тыс дыбыс шықса, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
•
Егер ауа саңылауына бір нәрсе түсіп кетсе, ол да әдеттен тыс
қатты дауысты туындатуы мүмкін. Тез арада құрылғыны өшіріп,
құрылғыдан бөтен заттарды алып тастау үшін, оны төңкеріңіз.
Экран артқы
қақпағының
ашылғанын көрсетеді.
•
Алдымен қуатты өшіріңіз де, артқы қақпағын тиісінше орнатыңыз.
Құрылғыны қуатқа жалғап, қайта орындаңыз.
Экранда «E1» қате
коды көрсетіледі.
•
Мотор ақаулықтары бар. Еліңіздегі тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Wi-Fi ойдағыдай
теңшелмеді.
•
Ауа тазартқыш қосылған маршрутизатордың екі ауқымы бар
болса және қазіргі уақытта 2,4 ГГц желісіне қосылмаған болса,
осы маршрутизатордың басқа ауқымына (2,4 ГГц) қосылып, ауа
тазартқышпен тағы да жұптасып көріңіз. 5 ГГц желілеріне қолдау
көрсетілмейді.
•
Веб-бетте түпнұсқалығы тексерілетін желілерге қолдау
көрсетілмейді.
•
Ауа тазартқыш Wi-Fi маршрутизаторының әрекет ету аймағында
екеніне көз жеткізіңіз. Ауа тазартқышты Wi-Fi маршрутизаторына
жақынырақ қойып көруге болады.
•
Желі атауының дұрыстығын тексеріңіз. Желі атауы тізілімге сезімтал.
•
Wi-Fi құпия сөзінің дұрыстығын тексеріңіз. Құпия сөз тізілімге
сезімтал.
•
«Wi-Fi қосылымын қалпына келтіру» бөліміндегі нұсқаулармен
орнатуды қайта орындаңыз.
•
Wi-Fi байланысын электромагниттік немесе басқа кедергілер
үзуі мүмкін. Құрылғыны кедергі келтіруі мүмкін электрондық
құрылғылардан алыс ұстаңыз.
•
Мобильді құрылғының ұшу режимінде емес пе екенін тексеріңіз.
Wi-Fi желісіне қосылған кезде ұшу режимінің сөндірулі екеніне көз
жеткізіңіз.
•
Ақаулардың диагностикасы бойынша қосымша және өзекті
кеңестерді алу үшін, қолданбада анықтама бөлімін қараңыз.