28
© Mothercare UK Ltd. 2018
Version 1.2 07/01/18
safety & care notes
сақтық және күтіп ұстау туралы ескертпелер
Нұсқаулық қораптың ішінде.
Пайдаланардан бұрын зейін қойып
оқыңыз да, б
бұйымды күтіп ұстау
Манежді/төсекті дымқыл шүберекпен сүртіп, соңынан таза жұмсақ шүберекпен құрғатып тазалауға болады.
Түрпілі заттарды, ағартқышты, спиртті немесе аммиак негізіндегі тұрмыстық жылтыратқыштарды пайдалануға
болмайды.
Ұстаған немесе жылжытқан кезде абай болу керек. Қалай болса солай ұстаса, ағаш жиһаз бүлінуі мүмкін.
Ағаш табиғи материал болғандықтан, уақыт өте келе түсі күңгірт тартады.
ЕСКЕРТУ: Манежге/төсекке жақын жердегі ашық жанған оттың және электр сымының өртенуі, газдан болатын өрт т.с.с.
сияқты басқа да қатты қызу көздерінің қатері туралы ұмытпаңыз.
ЕСКЕРТУ! Манеждің кез келген бөлшегі сынған, жыртылған немесе жоғалған болса, оны пайдалануға болмайды және
тек өндіруші құптаған қосалқы бөлшектерді пайдалану керек.
ЕСКЕРТУ! Манеждің ішінде ештеңені қалдыруға немесе оның жанында аяқты қоюға болатын не болмаса тұншығып
әлде қылғынып қалу қатерін төндіретін басқа бір затты қоюға болмайды. Мысалы, жіптер, жалюзи/перде баулары т.с.с.
ЕСКЕРТУ! Манеждің ішінде бір бөстектен артық пайдалануға болмайды.
Бөстектің ең төменгі қалпы ең қауіпсізі болып табылады, сондықтан сәби отыра алатын жасқа жеткенде соны
пайдалану қажет.
Егер баланы манеждің ішінде назардан тыс қалдыратын болсаңыз, жылжымалы жағының жабық екенін әрдайым
тексеріңіз.
Таңдалған бөстектің қалыңдығы манеждің ішкі тереңдігін (бөстектің үстіңгі қабатынан бүйір қабырғаның үстіне дейін)
оның түбінің ең төменгі қалпынан 500 мм-ден немесе оның түбінің ең жоғары қалпынан 200 мм-ден кем
қысқартпауға тиіс.
Манежде пайдаланылатын бөстектің өлшемі: ұзындығы 120 см, ені 60 см және қалыңдығы 10 см-ге дейін.
Ені мен ұзындығы арнайы көрсетіледі, себебі бөсектің және манеждің бүйір қабырғалары мен екі жағының арасындағы
бос жер 30 мм-ден аспауға тиіс.
Құрастыруға арналған барлық бөлшектерді дұрыс қатайтып бұрап, үнемі тексеріп, қажет болса қайтадан қатайтып бұрап
отыру қажет.
Сәби манежден өрмелеп шыға алатын болғанда, құлап кетіп жарақат алмас үшін сол сәби үшін манежді пайдалануға
болмайды.
Дәрі-дәрмек, жіп, серпімді кішкене ойыншық немесе соған ұқсас заттарды манежден қол созым жерден алыс ұстау
керек.
Манежді тегіс әрі орнықты беткі қабатта, электр розеткаларынан алыс жерде пайдалану керек.
Ішінде бала жатқан манежді жылжытуға болмайды.
Бір рет құрастырғаннан кейін қайтып бөлшектемеңіз.
Шамадан тыс қажалуы ағашты бүлдіріп, оның жарылуына себеп болуы мүмкін.
EN 716-1 стандартына сай келеді.
тұтынушыларға қызмет көрсету
Балаңыздың қауіпсіздігі үшін өзіңіз жауапкершілік көтересіз.
Егер осы бұйымға қатысты проблема болса немесе ауыстырылатын бөлшектер қажет болса, жақын жердегі
Mothercare дүкеніне хабарласыңыз.
Kz