
26
ҚазаҚша
26
тиюіне жол бермеңіз. Желілік шнурдың
оқшауламасының бүлінуіне жол бермеңіз.
•
Желілік шнурды және желілік шнур ашасын
су қолмен ұстауға тыйым салынған.
•
Құрылғыны, желілік шнуырды және желілік
шнурдың ашасын суға немесе кез келген
басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
•
Құрылғы суға құлап кеткен жағдайда оны
дереу электр желісінен ажыратыңыз.
Бұл кезде суға қолыңызды салмаңыз.
Құрылғыны әрі қарай пайдалану жөніндегі
сұрақтар бойынша рұқсаты бар (уәкілетті)
сервис орталығына жүгініңіз.
•
Құрылғының саңылауларына немесе
бөлшектерінің арасындағы кеңістікке бөтен
заттарды сұқпаңыз.
•
Киімнің шеттері немесе басқа заттар
құрылғының қақпағы мен корпусының ара-
сына түсіп кетпеуін қадағалаңыз.
•
Құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз,
құрылғыны пайдаланбайтын болған
жағдайда оны үнемі сөндіріп және электр
желісінен ажыратып отырыңыз.
•
Жарақат алып қалмас үшін қысымды рет-
теу клапанының үстіне еңкеймеңіз және
шығатын будың температурасын қолмен
тексермеңіз.
•
Мультипісіргіштің қақпағын ашқан кезде
өте абай болыңыз. Қақпақты ашпас бұрын,
қысымды реттеу клапанын абайлап ашыңыз
және қысымның толық шығуын күтіңіз.
•
Қысымды реттеу клапанын және қақпақты
бұғаттау жүйесінің клапанын таза күйде
ұстаңыз, ал олар ластанған жағдайда -
тазалаңыз.
•
Құрылғыны тостағы орнатылмаған кезде
пайдалануға қатаң тыйым салынады,
сондай-ақ ішіне өнімдер салынбаған және
тағамдарды әзірлеуге арналған тостақта
сұйықтық мөлшері жеткіліксіз болған кезде
құрылғыны қосуға тыйым салынады.
•
Қақпақтың ішкі жағындағы силикон
төсеменің бүлінген жерлері болған кезде
құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
•
Тағамды әзірлеген кезде рецептілер
кітабында келтірілген ұсыныстарды,
әсіресе, құрғақ өнімдердің мөлшері мен
қажетті сұйықтық көлеміне қатысты
кеңестерді сақтаңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде қақпақты
ашпаңыз және тостақты шығармаңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде оны
бүркемеңіз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
оны тасымалдауға тыйым салынады.
Құрылғыны қақпақта орналасқан тұтқадан
ұстап тасымалдауға қатаң тыйым салы-
нады.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде қақпақ,
тағамдарды әзірлеуге арналған тостақ,
сондай-ақ корпустың бөлшектері қатты
қызады, оларға қол тигізбеңіз, ыстық
тостақты шығарып алу қажет болған кезде
асүйлік қолғаптарды пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны тұрақты түрде тазалап
отырыңыз.
•
Балалар қауіпсіздігі тұрғысынан, қаптама
ретінде пайдаланылатын полиэтилен
пакеттерді қараусыз қалдырмаңыз.
•
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэти-
лен пакеттермен немесе қаптама үлдірімен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
•
Құрылғыны балаларға ойыншық ретінде
пайдалануға рұқсат бермеңіз.
•
Бұл құрылғы балалар мен мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың пайдалануына
арналмаған, ол тек, олардың қауіпсіздігіне
жауап беретін адаммен қауіпсіз пайдалану
туралы тиісті және түсінікті нұсқаулықтар
және құрылғыны дұрыс пайдаланбаған
жағдайда пайда болуы мүмкін қауіптер
туралы түсінік берілген жағдайда ғана
мүмкін.
•
Балалар мен мүмкіншілігі шектеулі жандар
құрылғыны тек жауапты ересек адамдардың
қадағалаумен ғана пайдалана алады.
•
Құрылғыны
бөлмеден
тыс
жерде
пайдалануға тыйым салынады.
•
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан
кезде ешқашан желілік шнурдан тартпаңыз,
оны желілілік ашасынан ұстап, розеткадан
абайлап суырып алыңыз.
•
Құрылғыны желілік шнуры немесе желілік
шнурының ашасы бүлінген жағдайда,
егер ол іркілістермен жұмыс істеп тұрса,
сондай-ақ ол құлағаннан кейін пайдалануға
тыйым салынады. Құрылғыны өз бетіңізше
жөндемеңіз. Барлық жөндеу сұрақтары
бойынша рұқсаты бар (уәкілетті) сервис
орталығына жүгініңіз.
MW-3803_izmena.indd 26
14.03.2013 14:44:29
Summary of Contents for MW-3803 BK
Page 1: ...MW 3803 BK MW 3803_izmena indd 1 14 03 2013 14 44 27...
Page 3: ...1 2 3 4 5 6 9 8 7 10 11 MW 3803_izmena indd 3 14 03 2013 14 44 27...
Page 5: ...5 MW 3803_izmena indd 5 14 03 2013 14 44 27...
Page 11: ...11 1 1 1 1 1 1 1 220 240 50 60 900 5 3 1902 03 41 MW 3803_izmena indd 11 14 03 2013 14 44 28...
Page 26: ...26 26 MW 3803_izmena indd 26 14 03 2013 14 44 29...
Page 45: ...45 MW 3803_izmena indd 45 14 03 2013 14 44 31...
Page 52: ...52 MW 3803_izmena indd 52 14 03 2013 14 44 31...
Page 65: ...2013 GOLDER ELECTRONICS LLC 2013 MW 3803_izmena indd 65 14 03 2013 14 44 32...