![background image](http://html.mh-extra.com/html/maxwell/mw-2106-w/mw-2106-w_manual-instruction_1746338018.webp)
ҚазаҚ
ШаШ ҚЫРҚУҒа аРНаЛҒаН ЖИНаҚ
Сипаттамасы
1.
«ON/OFF» қуат ажыратқышы
2.
Төменгі жүзді жылжыту иінтірегі
3.
Үстіңгі жүз
4.
Астыңғы жүз
5.
Ілуге арналған ілмек
6.
Саптама-тарақ 3 мм
7.
Саптама-тарақ 6 мм
8.
Саптама-тарақ 9 мм
9.
Саптама-тарақ 12 мм
10.
Самайды қырқуға арналған саптамалар
11.
Тарақ
12.
Қайшы
13.
Майлаушы май
14.
Тазалауға арналған қылшақ
15.
Триммердің қорғаушы қалпағы
16.
Саптама-триммер
17.
Триммердің моторлы блогы
18.
Триммерді ажыратқыш
19.
Батарея бөлігінің қақпағы
ҚаУІПСІзДІК ШаРаЛаРЫ
Электроприборды пайдаланбас бұрын, осы
пайдалану нұсқаулығымен мұқият танысып
шығыңыз да, оны осы прибордың бүкіл
пайдаланылу мерзімі ішінде анықтамалық
материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Приборды дұрыс қолданбау оның бұзылуына
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне
зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін.
•
Бірінші рет қосар алдында, электр желісінің
кернеуі құрылғының жұмыс кереуіне сәйкес
келетіндігін тексеріп алыңыз.
•
Триммер мұрын мен құлақ ішіндегі түктерді
қырқуға арналған. Приборды тек тікелей
мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
•
Тек жеткізу жинағына кіретін саптама-
тарақтарды ғана пайдаланыңыз.
•
Саптамалары мен жүздері бүлінген маши-
наны пайдалануға тыйым салынады.
•
Жүздердің тазалығы мен оларда майлағыш
майлардың болуын қадағалаңыз.
•
Әрбір пайдаланып болғаннан кейін
машинаның жүзін және триммердің сап-
тамасын жинаққа кіретін қылшақтың
көмегімен тазалап отырыңыз.
•
Қосулы тұрған приборды қараусыз
қалдырмаңыз.
•
Шаш қырқуға арналған машинаны және
триммерді жұмыс кезінде үзіліс жасағанда
немесе оны пайдаланбайтын болған
жағдайда ажыратып отырыңыз.
•
Құрылғыны ылғалдығы жоғары және тем-
пературасы жоғары жайларда, сондай-ақ
ванна немесе душ қабылдап жатқан кезде
пайдаланбаңыз.
•
Приборларды су толтырылған ваннаның
немесе раковинаның жанында сақтамаңыз.
Машинаны немесе триммерді суға немесе
басқа сұйықтыққа батырмаңыз, олардың
ағып тұрған судың астында жумаңыз.
•
Құрылғыны пайдаланған кезде желілік
шнурды оның ұзын бойына жазу керек.
•
Желілік шнур:
–
ыстық заттарға тимеу керек,
–
суға батырылмауы керек,
–
өткір жиектер арқылы созылып тұрмауы
керек,
–
құрылғыны тасымалдау үшін тұтқа ретінде
пайдаланылмауы тиіс.
•
Пайдаланбас
бұрын,
машинаның
жүздерінің дұрыс орналасқанын және трим-
мер саптамасының орнатылғанын тексеріп
алыңыз. Жүздердің қисайғаны байқалған
болса, онда оларды түзеу керек ( Жүздерді
түзеуді қараңыз).
•
Құрылғыны балаларға ойыншық ретінде
пайдалануға рұқсат етпеңіз, оларды
балалардың қолдары жетпейтін жерлерде
сақтаңыз.
•
Бұл құрылғылар балалар мен мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың пайдалануына
арналмаған, ол тек, олардың қауіпсіздігіне
жауап беретін адаммен, оларға қауіпсіз
пайдалану туралы тиісті және түсінікті
нұсқаулықтар мен құрылғыларды дұрыс
пайдаланбаған жағдайда пайда болуы
мүмкін қауіптер туралы түсінік берілген
жағдайда ғана мүмкін.
•
Өрттің пайда болу тәуекелін болдыр-
мас үшін құрылғыны электр розеткасы-
на қосқан кезде өткізуші тоқ құралдарын
пайдаланбаңыз.
•
Құлақ пен мұрындағы түктерді қырқуға
арналған триммерді пайдалану кезінде
абай болыңыз. Құлақ және мұрын тесігіне
18
MW-2106.indd 18
15.10.2012 14:36:20