![background image](http://html1.mh-extra.com/html/maxwell/mw-1154/mw-1154_instruction-manual_1746303016.webp)
16
ҚАЗАҚ
•
Егер іске қосылып тұрған құрылғының
жанында балалар немесе мүмкіндігі
шектеулі тұлғалар болса, аса сақ
болыңыз.
• Егер, балалар мен мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларға, олардың қауіпсіздігіне
жауапты тұлғалар құрылғыны дұрыс
қолдану туралы жəне дұрыс қолданбаған
жағдайда туындайтын қауіп туралы
сəйкес, өздеріне түсінікті нұсқаулықтар
бермеген жағдайда, бұл құрылғы
балалармен немесе мүмкіндігі шектеулі
тұлғалармен пайдалануға көзделмеген.
• Блендер тез жəне тиімді жұмыс істеуге
көмектеседі, дегенмен,
үздіксіз жұмыс
істеу уақыты 60 секундтан аспау керек.
Блендермен арықарай жұмыс істеу үшін ,
электромоторды суыту үшін үзіліс жасау
керек (3-4 минуттан кем емес
).
•
Блендер тек тұрмыстық қолданысқа
арналған.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
• Блендерді қаптамадан алып шығыңыз.
•
Қосу алдында құрылғының жұмыс
кернеуі желінің кернеуіне сəйкес келетінін
тексеріңіз.
• Құрылғыны қолдану алдында барлық
саптамаларды (F), (D), (H) жəне
сыймаларды (I) бейтарап жуғыш құрал
қосылған жылы сумен жуып, жақсылап
шайып тастаңыз. Мотор блогын (С)
жұмсақ, сəл ылғал матамен сүртіңіз.
• Мотор блогын, редукторды (Е), желі
бауының ашасын жəне желі бауын суға
немесе өзге сұйықтыққа батыруға тиым
салынады.
•
Блендердің саптамаларын ыдыс жуу
машинасына салмаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда кез келген
бөлшектерін шешуге тиым салынады.
БЛЕНДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Блендер құймалар, сорпалар, майонездер,
балалар тағамын дайындауға, сондай-
ақ, ішімдіктер немесе коктейльдер
араластыруға өте қолайлы.
БЛЕНДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ:
жинастыру алдында желі
бауының ашасы розеткаға салынбағанын
тексеріңіз.
• (D) саптаманы (C) мотор блогына
салыңыз . (рис.2)
•
Желі ашасын розеткаға салыңыз.
Блендер пайдалануға дайын.
• Блендер саптамасын (D) ұсақтағыңыз/
араластырғыңыз келген өнімдер салынған
ыдысқа салыңыз да, «қалыпты» (А)
түймешесі немесе (В) «турбо» түймешесі
арқылы жұмыс тəртібін қосыңыз.(сурет
3.)
• Блендерді сағат тілімен жəне оған қарсы
айналдыра өнімдерді ұсақтаңыз.(сурет
4.)
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
желі ашасын розеткадан шығарыңыз.
Ескерту:
Өнімдер ыдысқа құрылғы
қосылғанға дейін салынады. Араластыру
үрдісіне дейін, жемістердің қабығын
тазалап, барлық жеуге жарамсыз, сүйек
сияқты бөлшектерін алып тастап, жемістерді
шамамен 2,5 см көлемде кесіп қойыңыз.
• (D) саптаманы блендердің жұмысы
кезінде де шешуге тиым салынады.
• Жүздерін зақымдамау үшін мұз, мұздалған
өнімдер, дəнді дақылдар, күріш, хош
иістендіргіштер мен кофе сияқты қатты
өнімдерді өңдемеңіз.
КӨПСІТКІШТІ ҚОЛДАНУ
Көпсіткіш саптаманы крем, бисквитты камыр
немесе дайын десерттерді араластыруға
қолданыңыз.
ЕСКЕРТУ:
жинастыру алдында желі
бауының ашасы розеткаға салынбағанын
тексеріңіз.
• Редукторды (E) мотор блогына (C)(сурет7)
салыңыз.
• Мотор бөлімшесі (С) орнатылған (F)
көпсіткішін редукторға салыңыз (сурет 9)
• Желі ашасын розеткаға салыңыз.
• Көпсіткішті (F) өнімдер салынған ыдысқа
салыңыз, (А) түймешесі арқылы (10
сурет) қалыпты жұмыс тəртібін қосыңыз.
MW-1154.indd 16
MW-1154.indd 16
30.06.2010 17:50:07
30.06.2010 17:50:07