34
KZ
Нұсқаулық
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Жылужелдеткішті суға салуға
болмайды. Ылғал қолыңызбен
жылужелдеткішті
қолдануға,
ұстауға
тыйым
салынады.
Жылужелдеткішті ашып, оның
қозғалмалы бөлшектеріне тиісуге
болмайды. ТӘУЕКЕЛДІҢ АРТЫ
ӨЛІММЕН АЯҚТАЛУЫ МҮМКІН!
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Жұмыс
уақытында
жылужелдеткіштің
торы мен корпусына тиісуге
болмайды.
Күйіп
қалуыңыз
мүмкін!
∙
Жылужелдеткішті торсыз қоспаңыз.
∙
Тордың ауа кіріп-шығатын жерін тұтастай немесе
жартылай болсын жабуға болмайды. Бұл жалынның
тұтануына әкеп соғуы мүмкін.
∙
Жылужелдеткіштің тесіктерін бітемеңіз, тоқ ұруы
мүмкін!
∙
Жылужелдеткіш жұмыс жасап тұрған кезде,
орнынан қозғауға болмайды.
∙
Жылусақтағыш жарамсыз болып қалған
кезде және бұйым сөніп қалғанда, қайта қоспас
бұрын сақтағыштың жарамсыз болып қалу себебін
анықтаңыз.
∙
Бұйым жұмыс істеп тұрған кезде, оны тастап
кету қауіпті болған жағдайда, оны сөндіріп, қолдану
мүмкіндігін шектеп кеткен жөн (газ кіретін жерді бітеп,
айырды алып тастаңыз).
∙
Бұйымды сөндірген кезде, ажыратқышты
«Өшіру» (OFF) күйіне келтіріңіз. Айырды
ажыратқышты сөндірмей тұрып, суыруға болмайды.
∙
Қолданып болған соң, сондай-ақ жылужелдеткішті
әрдайым орнынан ауыстырған кезде, сұйытылған газ
баллонының бетін қақпақпен жауып қойыңыз.
∙
Бұйымды жөндейтін кезде және техникалық
қызмет көрсетпес бұрын айырды розеткадан суырып
тастаңыз.
∙
Егер бұйым жұмыс істеуін жалғастырмаса,
айырды суырып, газ баллонын алып тастау қажет.
∙
Егер
бұйым
жұмыс
жасаған
кезде,
келеңісіздіктерге тап болып жатсаңыз, IVT Өкілетті
Сервис Орталығына хабарласыңыз. Қандай жағдай
болмасын, қызмет қөрсетуші арнайы маман жыл
сайын бұйымды тексеруден өткізген дұрыс.
ҚОРАПСЫЗДАНДЫРУ
Қаптан алу кезінде барлық бөлшектердің түгел
екендігіне көз жеткізіңіз. Соңғы беттегі жинақтау
сызбасын қараңыз. Қандай да болмасын бөлшектер
бомаған жағдайда немесе ақаулы болған жағдайда
IVT қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
ГАЗ БАЛЛОНЫН ЖАЛҒАУ
1. Газ шығаратын бұранда шлангасын (6)
жылужелдеткішке жалғағаннан кейін газ баллонын
келесі ретте біріктіру қажет: газ реттегіші (сақтап
тұрушы клапан жинақтамасы) және газ шлангасы.
2. Барлық жалғағыштардың ұзындығына, негізінен
біріктіруші бұрандаға көз жеткізген жөн!
3. Газ шығарушы қақпақты ашып, газ шығып тұр
ма, тексеріңіз. Созылған кездегі беріктікті жалғауды
тексеруге арналған спреймен немесе сабын
сұйықтығымен тексеруге болады: егер көпіршік
болса, газ шығып жатыр деген сөз.
∙
Реттегіш пен шланганың өзге түрлерін
қолданбаған жөн (тек қана бұйым жинақтамасына
кіретін – сол типтегі, сол техникалық шарттағы,
қолдануға лайықты құрауыштарды ғана).
∙
Шланга айналып, босап кетпес үшін газ баллоны
мықты орналасуы қажет, оған салмақ түспеуі керек,
немесе газ жылужелдеткішінің басқа да жанып
тұрған бөліктеріне тиіп тұрмауы керек.
∙
Газ баллонын таза ауасы бар жерде, яғни жылу
көзі бар жерден, жанып тұрған өрттен алшақ жерде
алмастырған жөн (шырақ, темекі және т.б.) Сондай-
ақ, баллон қақпағы жабық тұру қажет.
∙
Сұйытылған газ баллондары тек тік күйінде
тұруы қажет; олар күн сәулесінің әрекетінен
сақтандырылуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! [F1]. Газ
баллондарын
жұмыс
жасап
тұрған жылужелдеткіш алдына
қондыруға тыйым салынады. Оны
жылужелдеткіштің қырынан немесе
артқы жағынан қондыру қажет. ӨРТ
БОЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР!
ЖҰМЫС ЖАСАМАС БҰРЫН ТЕКСЕРУ
∙
Жылужелдеткішті қоспас бұрын газ шлангасына
зақым келмегенін тексеріп алған жөн.
∙
Шланга мен жалғағыштың тесіліп кетпегеніне
көз жеткізген соң ғана жылужелдеткішті іске қосуға
болады. Егер бұйым жұмыс жасап тұрған кезде
тесіліп кетсе, газдың берілуін тоқтатып, бірден
терезе-есіктерді ашу қажет.