KAZ
17
Алғаш пайдаланар алдында
•
Құралды пайдаланбас бұрын барлық қаптама материалдарын
алып тастаңыз.
Құралды пайдалану
•
Шашыңызды жуып болғаннан кейін орамалмен мұқият
құрғатыңыз, тараңыз.
•
Фенді тек құрғақ қолыңызбен ұстаңыз.
•
Құралды пайдалану барысында электр сымды толығымен
жазып алу қажет (сым оралып қалмауы керек).
•
Айырды жерге қосылған розеткаға салыңыз.
•
(5), (6) ауыстырып-қосқышын өзіңізге қажет температурамен
және ауа толқынымен қамтамасыз ететін қалыпқа қойыңыз.
•
Кептіру барысында фенді басыңыздан 10-15 см қашықтықта ұстаңыз.
•
Шашыңызды кептіргеннен соң қуаттылық ауыстырып-қосқышын
(6) «0» (сөндіру) қалпына қойып, айырды розеткадан суырыңыз.
Концентратор (1)
•
Ауа толқынын қалаған шаш аумағына бағыттау үшін
пайдаланылады.
•
Концентраторды құралға бекіту үшін, оны тетікке кіргізіп,
бекітілгенше басу керек.
Салқын ауа толқыны (4)
•
Егер Сіз шашыңызды қылшақтың көмегімен қалыпқа келтірмекші
болсаңыз, алдымен ыстық ауа толқынынан бастаңыз. Шашты
бұйралай орап алып, оны 15-20 секунд бойы қалыпқа келтіріп,
бекітіңіз.
•
Салқын ауаны жіберу үшін «салқын ауа» (4) тетігін басыңыз.
Шашты қалыпқа келтіруді концентратордың көмегімен тиімдірек
іске асыруға болады.
•
Салқын ауа қызуды біршама төмендетіп, бұйралана қалыпқа
келтірілген шашты тез суытуға мүмкіндік береді.
Температура ауыстырып-қосқышының көрсеткіштері (5)
- жеңіл кептіруге арналған төменгі температура (B I)
- күтіммен кептіріп, түзетуге арналған орташа температура (B II)
- жылдам кептіруге арналған жоғары температура (B III)