KAZ
18
Қуаттылық ауыстырып-қосқыштың қалпы (6)
O - ажыратылған
I
- жайлап, күтімді кептіруге және қалыпқа келтіруге арналған
орташа қуатты ауа толқыны
I
- тез кептіруге және қалыпқа келтіруге арналған аса қуатты ауа
толқыны
(5) және (6) ауыстырып-қосқыштарды мүмкін болатын қолдану
нұсқалары:
A I + B I: - ауа ағынының төменгі жылдамдығы және төменгі температура;
A I + B II: - ауа ағынының төменгі жылдамдығы және орташа температура;
A I + B III: - ауа ағынының төменгі жылдамдығы және жоғары температура;
A II + B I: - ауа ағынының жоғары жылдамдығы және төменгі температура;
A II + B II: - ауа ағынының жоғары жылдамдығы және орташа температура;
A II + B III: - ауа ағынының жоғары жылдамдығы және жоғары температура.
Қызып кетуге қарсы сақтандырғыш
Фенді пайдалану барысында ауаны айдату және беру саңлауларының
жабылып қалмауын бақылап отырыңыз. Бұл жағдай орын алғанда,
қызып кетуден сақтандырғыш тетігі жұмысқа қосылып, фен автоматты
түрде жұмысын тоқтатады. Айырды розеткадан суырып, фенді
суытыңыз, содан кейін ғана оны қайтадан пайдалануға болады.
Тазалау және күту
•
Тазалар алдында әдайым айырды розеткадан суырып алыңыз.
•
Фенді ешқашан суға батырмаңыз.
•
Фенге шаң мен май тамшыларының тиуіне жол бермеңіз.
•
Ауа сорғыштың саңылауларын үнемі жұмсақ қылшақпен тазалап
отырыңыз.
•
Қажет болған жағдайда, фенді сәл ғана ылғалды матамен,
сабынды қоспаларсыз сүртіп, сосын әбден құрғатыңыз.
Сақтау
•
Аспапты ұзақ уақыттық сақтауға алып қоюдан бұрын, аспапты
тазалаңыз.
•
Желілік сымды қозғалтқыш блоктың айналасына орамаңыз.
•
Аспапты құрғақ, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.