KAZ
12
Аспапты пайдалану
Еденүсті таразысы Сіздің денеңіздің дәл салмағын өлшейтіндей етіп
жасалған. Таразыны орнату үшін сәйкес жерді таңдаңыз. Таразыны
орнату үшін құрғақ, тегіс, сырғанақ емес, таразымен жұмыс істеу
ыңғайлы болатын жер сәйкес келеді.
•
Таразыны қаптамасынан шығарып, аспаптың жұмысына кедергі
келтіретін кез келген жапсырмаларды алып тастаңыз.
•
Батарея бөлімшесінің қақпағын ашып, байланыстарындағы
қорғау үлдірін алып тастаңыз. Полярлығын қатаң сақтап («Қуат
көзі элементін ауыстыру»), «CR 2032» типті қуат көзі элементін
орнатыңыз, осыдан кейін батареялық бөліктің қақпағын жабыңыз.
•
Өлшеу бірлігін таңдау үшін таразының екінші жағында түймеше (3)
ескерілген. Түймешені (3) басып, өлшеу бірлігі ретінде килограмм
(kg), фунт (lb) немесе стоунды (st) таңдаңыз.
•
Таразы Сіз оларға тұрғанда қосылады.
•
Таразыға тұрып, қозғалмаңыз. Өлшеу кезінде дисплей (4) бетіндегі
салмақтың мәні жыпылықтайды. Салмақтың мәні жыпылықтауын
тоқтатқанша күтіңіз.
•
Салмағыңыз дисплей бетінде шамамен 10 секунд көрсетіледі,
осыдан кейін аспап автоматты түрде сөнеді.
Кеңестер
•
Өлшеуді күн сайын бір уақытта жүргізіңіз.
•
Тамақтанғаннан кейін 2-3 сағат өтуі тиіс.
•
Өлшеу кезінде барынша дәл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін,
таразыны бір жерге қойыңыз.
Қуат көзі элементін ауыстыру
•
Батареялық бөліктің қақпағын ашып, полярлықты қатаң сақтап,
«CR 2032» типті қуат көзі элементін орнатып, батарея бөлімшесінің
қақпағын жабыңыз.
•
Егер таразы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, қуат көзі
элементтерін батарея бөлімшесінен шығарыңыз.
Назар аударыңыз!
Таразыны абайлықпен пайдаланыңыз, себебі олар өлшеу құралы
болып табылады.
Оларды құлатпаңыз және барынша көп жол берілетін салмақтан артық
жүктемеңіз.
Summary of Contents for HT-962-013
Page 14: ...KAZ 14 ...