70
KZ
2
2
Токты ажырату
!
Пайдаланбаған кезде, оны тазалаған кезде және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын атқарған кезде
кептіргішті розеткадан ағытып қойыңыз.
Əрбір циклдан кейін сүзгіні тазалау
Сүзгі – кептіргіштің негізгі құрамдас бөлігі:
оның функциясы –
кептіру кезінде түзілетін
талшықтар мен
түйіршіктерді жинау.
Кептіру аяқталғаннан
кейін сүзгіні су ағыны
астында шаю арқылы
немесе шаңсорғышпен
тазалаңыз. Сүзгі
бітеліп қалса, кептіргіш
ішіндегі ауа ағыны өте нашарлайды:
кептіру уақыттары ұзарып, көбірек қуат
қолданылады. Оған қоса, кептіргіш
зақымдалуы мүмкін.
Сүзгі кептіргіштің тығыздағышының
алдында орналасады (Суретті қараңыз).
Сүзгіні алып тастау:
1. Сүзгінің
пластикалық тұтқасын
жоғары қарай
тартыңыз (Суретті
қараңыз).
2. Сүзгідегі
түйіршіктерді
тазалап, оны орнына
дұрыстап қойыңыз.
Сүзгі кептіргіш
тығыздағышымен жабылып, орнына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
!
Сүзгі тұтқышына қайта қойылмаған
болса, кептіргішті пайдаланбаңыз.
Əрбір циклдан кейін барабанды
тексеру
Кептіргіш ішінде қалып қою мүмкін кіші заттарды
(кіші орамалдар) алу үшін барабанды қолмен
айналдырыңыз.
Барабанды тазалау
!
Барабанды тазалау үшін абразивті заттарды, болат
жүнін немесе тот баспайтын болатты тазартқыш
заттарды қолданбаңыз.
Тот баспайтын болат барабанда түрлі-түсті үлдір пайда
болуы мүмкін: ол су және/немесе кондиционер сияқты
жуудан қалған тазартқыш заттардың қосылуынан
түзілуі мүмкін. Бұл түрлі-түсті үлдір кептіргіштің
тиімділігіне әсер етпейді.
Əрбір циклдан кейін су ыдысын босату
Су ыдысын шығарып алып,
оны шұңғылшаға немесе
басқа канализацияға ағызу
жеріне босатыңыз, одан кейін
орнына дұрыстап қойыңыз.
Жаңа кептіру бағдарламасын
бастамас бұрын, әрдайым су
ыдысын тексеріп, босатып
отырыңыз.
Су ыдысын босатау төмендегі жағдайларға әкелуі
мүмкін:
- Кептіргіш қызбайды (сондықтан кептіру циклы
аяқталғанда кірлер әлі дымқыл болуы мүмкін).
- Су ыдысы толы екенін білдіру үшін «Су ыдысын
босату» жарық диоды жанады.
Су ыдысының толуы
Кептіргіш алғаш рет пайдаланылған кезде су ыдысқа
дереу ақпайды, себебі су сорғы арқылы өтуі тиіс. Бұл
автоматты түрде орындалады және оған бірнеше
минут қажет, бұл мерзім барысында кептіру үдерісінің
тиімділігіне әсер етілмейді.
Конденсор бөлігін тазалау
• Конденсор бөлігін мерзімді түрде (ай
сайын) шығарып алып, конденсордың
артқы жағынан суық сумен шаю арқылы,
тілімшелерін түйіршік қалдықтарынан
тазалап отырыңыз.
Конденсорды шығарып алу:
1. Кептіргішті
розеткадан ағытып,
есікті ашыңыз.
2. Конденсор қақпағын
ашыңыз (Суретті
қараңыз), сағат
тіліне қарама-қарсы
бағытта 90°-қа бұру
арқылы үш ілмекті
босатыңыз, одан кейін
конденсорды шығарып
алу үшін қысқыштан
тартыңыз.
3. Тығыздағыштардың
бетін тазалап,
ілмектері мықтап
жабылғанына көз
жеткізіп, көрсеткілерді
жоғары қаратып
бөлікті орнына салыңыз.
Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету
Кептіргішті тазалау
• Метал мен пластиктен жасалған сыртқы жақтарын
және резеңке бөлшектерін дымқыл шүберекпен
тазалауға болады.
• Жиналып қалған кез келген түйіршіктерді,
талшықтарды немесе шаңды тазалап алу үшін
мерзімді түрде (6 ай сайын) алдыңғы ауа кіргізу
торын шаңсорғышпен тазалаңыз. Оған қоса, анда-
санда шаңсорғышпен конденсордың алдыңғы
жағын және сүзгі аумағын талшық қалдықтарынан
тазалаңыз.
!
Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
!
Электр және механикалық бөліктер қауіпсіз түрде
жұмыс істейтінін қамтамасыз ету үшін кептіргішті
мерзімді түрде өкілетті техникалық мамандарға
тексертіңіз («Көмек» тарауын қараңыз).
Қысқа кеңестер
!
Есік сүзгісі мен конденсатор сүзгісін
жүктеген сайын тазалауды ұмытпаңыз.
!
Жүктеген сайын су ыдысын босатуды
ұмытпаңыз.
!
Мұның арқасында құрылғыңыздың
ЖОҒАРЫ өнімділігі қамтамасыз етіледі.
Шүмек
Артқы жағы
Алдыңғы
жағы
Конденсор
бөлігі
Су ыдысы
Конденсор
бөлігі
Конденсор
қақпағы
Сүзгі
Тұтқа
Ауа
кіргізу
Ілмектер