76
KZ
Көйлектер
Бұл - мақтадан жасалған көйлектерге арналған бағдарлама. Оны 3 кг-ға дейінгі (шамамен 10 көйлек) киімдерге
пайдалануға болады.
Көйлектер мен фибра күтімі опциясы
Бұл - синтетикалық материалдардан жасалған немесе полиэстер және мақта сияқты табиғи және синтетикалық
материалдардан жасалған көйлектерге арналған бағдарлама. Оны 3 кг-ға дейінгі (шамамен 14 көйлек) киімдерге
пайдалануға болады.
Осы бағдарламаның көмегімен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады, дегенмен жиектері немесе тігістері
аздап дымқыл болуы мүмкін. Ондай жағдайда көйлектердің ішін сыртқа қаратып, бағдарламаны аз ғана уақытқа қайта
қосыңыз.
Джинсылар
Бұл – «деним» мақтадан жасалған джинсыларға арналған бағдарлама. Джинсыларыңызды кептірмес бұрын, қалталарын
сыртқа шығарыңыз.
Қою және ашық түсті киімдерді бірге салмаңыз.
Оны бірдей материалдан тігілген күрте сияқты киімдерде қолдануға да болады.
Осы бағдарламаның көмегімен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады, дегенмен жиектері немесе тігістері
аздап дымқыл болуы мүмкін. Бұндай жағдайда,
джинсылардың ішін сыртқа қаратып, бағдарламаны аз ғана уақытқа қайта қосыңыз.
! Джинсыңызда созылғыш белдіктер, кнопкалар немесе сәндік бұйымдар болса, бұл бағдарламаны пайдаланбаған
дұрыс.
Нәресте бағдарламасы
Бұл – нәрестеңіздің киімдері мен жаялықтары (мақта және шашақ жіп) сияқты кішкентай, ерекше күтімді қажет ететін
материалдарды және сіздің деликатты киімдеріңізді кептіруге арналған бағдарлама.
Пластик жабындары бар көкірекшелер немесе жөргектер сияқты заттарды КЕПТІРМЕҢІЗ.
Оны 2 кг-ға дейінгі киімдерге пайдалануға болады.
Бұл бағдарламада кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады, бірақ кейбір салмағы ауыр киімдердің жиектері
дымқыл болуы мүмкін. Ондай жағдайда киімдердің ішін сыртқа қаратып, бағдарламаны аз ғана уақытқа қайта қосыңыз.
Уақыты орнатылған кептіру циклі (15’ - 40’ - 60’ - 90’’)
Бұл бағдарламаларды кептіру уақыты мен температурасын орнату керек болғанда пайдалануға болады.
Бағдарламаның соңғы минуттарында СУЫҚ АЙНАЛДЫРУ циклі орындалады.
15’:
минуттық бағдарлама - бір рет қолданылған асжаулықтағы және шомылу халатындағы ылғалды кетірудің таптырмас
жолы.
40’:
бұл жылдам бағдарлама кір жуу машинасында жоғары жылдамдықпен айналған киімдерді, мысалы, жұмыс
аптасында пайдаланылған көйлектерді кептіруге оңтайлы болып табылады.
60’:
уақыт бойынша бағдарлама кір жуу машинасында жоғары жылдамдықпен айналған киімдерді, мысалы, төсек-орын
тысын кептіруге оңтайлы болып табылады.
90’:
уақыт бойынша бағдарлама киімдердің үлкен мөлшерін кептіруге оңтайлы болып табылады (төмендегі кестені
қараңыз)
Жаңарту
Фибра материалдары мен киімдерді жаңартуға арналған қысқа уақыттық бағдарлама. Ол шамамен 20 минутқа
созылады.
! Бұл кептіру бағдарламасы болмағандықтан, әлі кеппеген киімдерге қолданылмайды.
Оны кез келген салмақта қолдануға болады, дегенмен салмағы аз жүктерде тиімділігі артады.
Мата
Жүктеме
1 кг
2 кг
3 кг
4 - 5 кг
6 кг
Мақта –
40 or 60
минут
40 or 60
минут
60 or 90
минут
90 минут
-
Синтетика –
fi bre care
40 or 60
минут
40 or 60
минут
60 or 90
минут
-
-
Акрилонитрил –
fi bre care
40 минут
60 минут
-
-
-