
*2233926*
2233926
Қазақ
181
6.6
Алдыңғы қақпақты орнату немесе бөлшектеу
Алдыңғы қақпақпен өңделген кезде, қорғауыш қаптама салынады.
1. Алдыңғы қақпақты жабық жағымен стандартты қорғауыш қаптама ішіне тірелгенше салыңыз.
2. Бөлшектеу үшін алдыңғы қақпақтың құлпын ашыңыз және оны стандартты қорғауыш қаптамадан
алып тастаңыз.
6.7
Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе бөлшектеу
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі.
Аспап қозғалтқышы тоқтап қалғанда алмалы-салмалы аспап ажыратылып қалуы
мүмкін.
▶
Алмалы-салмалы аспапты не қыспа гайканы бекітпес бұрын алмалы-салмалы аспап толығымен
тоқтағанша күтіңіз.
▶
Алмалы-салмалы аспап пен қыспа фланецтің бөліктері аспап моторы тоқтап қалған кезде
шпиндельден ажыратылмайтындай етіп оларды қыспа гайкамен бұрап бекітіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі.
Алмалы-салмалы аспап қызып кетуі мүмкін.
▶
Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз.
Кесу мен ажарлау сапасы төмендесе, алмасты дискілерді алмастыру керек. Өзге жағдайларда
алмас сегменті биіктігінің 2 мм-ден аз болуы ауыстыруға себеп болады.
Басқа диск түрлерін кесу сапасы төмендеген кезде немесе бұрыштық ажарлағыш бөліктері
(дискіден басқа) жұмыс кезінде жұмыс материалына тиген жағдайда алмастыру керек.
Абразивті дискілерді тозу мерзімі өткеннен соң алмастыру қажет болады.
6.7.1 Алмалы-салмалы аспапты орнату
1. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз. → Бет 180
2. Қыспа фланецтегі дөңгелек қималы сақинаның бар екендігін және зақымдалмағанын тексеріңіз.
Нәтиже
Дөңгелек қималы сақина зақымдалған.
Қыспа фланецте дөңгелек қималы сақина жоқ.
▶
Жаңа қыспа фланецті дөңгелек қималы сақинамен орнатыңыз.
3. Қыспа фланецті шпиндельге берік, айналмайтындай етіп орнатыңыз.
4. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
5. Қыспа гайканы орнатылған алмалы-салмалы аспапқа сай бұрап бекітіңіз.
6. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
7. Қыспа кілттің көмегімен қыспа гайканы бекемдеңіз, шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз және
қыспа кілтті алып тастаңыз.
6.7.2 Алмалы-салмалы аспапты бөлшектеу
1. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз. → Бет 180
АБАЙЛАҢЫЗ
Сыну және бұзылу қаупі бар.
Шпиндель айналып тұрғанда шпиндельді бұғаттау түймесі басылып
тұрса, алмалы-салмалы аспап босап қалуы мүмкін.
▶
Шпиндельді бұғаттау түймесін тек шпиндель өшірулі күйінде болғанда басыңыз.
2. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
3. Қыспа кілтті орналастырып және сағат бағытына қарсы айналдырып, қыспа гайканы босатыңыз.
4. Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіп, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
Printed: 29.08.2019 | Doc-Nr: PUB / 5476814 / 000 / 02
Summary of Contents for AG 4S-A22
Page 2: ...1 Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 3: ...2 3 4 5 Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 4: ...6 7 8 9 Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 5: ...10 11 12 Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 225: ...Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 226: ...Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 227: ...Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...