
172
Қазақ
2233926
*2233926*
▶
Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер
көмегіне жүгініңіз.
Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
▶
Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз.
Зақымдалған не пішіні
өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
▶
Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз.
Өрт немесе 130
°C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
▶
Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз.
Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз.
Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
▶
Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз.
Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.1.2 Тегістеу және зімпара дискілерімен тегістеу, сым қылшақтармен жұмыс істеу,
жылтырату және кесу дискілерімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы
жалпы нұсқаулар:
▶
Бұл электр құралды тегістеу және зімпара дискілерімен тегістеу үшін, сым қылшақпен және
кесу дискілерімен жұмыс істеу үшін қолдануға рұқсат етіледі. Аспаппен бірге алынған
барлық қауіпсіздік техникасы туралы нұсқауларды, нұсқауларды, схемаларды және
деректерді орындаңыз.
Төменде берілен нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына,
өртке және/немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶
Бұл электр құрал жылтыратуға арналмаған.
Электр құралды басқа мақсатта қолдану қауіпті
жағдайлардың пайда болуына әкелуі мүмкін және жарақаттанудың себебі болуы мүмкін.
▶
Өндіруші арнайы осы электр құрал үшін жасамаған немесе ұсынбаған керек-жарақтарды
қолданбаңыз.
Сіздің электр құралда қандай да сайманды бекіте алғаныңыз оны қауіпсіз
пайдалануға кепіл бермейді.
▶
Алмалы-салмалы құралда көрсетілген шекті айналу жиілігі электр құралда көрсетілген ең көп
айналу жиілігінен азырақ болмауы керек.
Рұқсат етілгеннен көбірек жиілікпен айналатын жұмыс
аспабы бұзылуы мүмкін.
▶
Алмалы-салмалы құралдың сыртқы диаметрі және қалыңдығы электр құралдың
өлшемдеріне сай болуы керек.
Өлшемдері қажеттіге сай келмейтін жұмыс аспаптарын жеткілікті
дәрежеде экрандау немесе басқару мүмкін емес.
▶
Бұрандалы алмалы-салмалы аспаптар тегістеу шпинделінің бұрандасына сай болуы керек.
Фланецпен орнатылатын алмалы-салмалы аспаптарда алмалы-салмалы аспаптың тесік
диаметрі фланецтің патрон диамтеріне сай болуы керек.
Электр құралда дұрыс бекітілмеген
алмалы-салмалы аспаптар бір қалыпта айланбай, қатты дірілдеп бақылау жоғалтуына алып келуі
мүмкін.
▶
Зақымдалған жұмыс аспаптарын қолданбаңыз. Әр пайдалану алдында тегістеу дискілерінде
сынықтар мен сызаттар, тегістеу тарелкаларында сызаттар, тозу немесе қатты сырылу, сым
қылшақтарында сыну немесе үзілу бар-жоғын тексеріңіз. Электр құрал немесе жұмыс аспабы
құлағаннан кейін оларда зақымдар бар-жоғын тексеріңіз немесе жұмыс аспабын ауыстыруды
орындаңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспапты қолданғанда оператор мен жанында тұрған
тұлғалар одан қауіпсіз қашықтықта болуы керек. Аспапқа бір минут бойы ең көп айналу
жиілігімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек.
Ақаулы жұмыс аспаптары көбінесе осы бақылау
уақыт аралығында істен шығады.
▶
Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз. Жағдайларға байланысты қорғауыш масканы
немесе қорғауыш көзілдірікті қолданыңыз. Қажет болғанда шаңнан қорғайтын масканы,
қорғауыш құлаққапты, қорғауыш қолғаптарды немесе сізді өңдеп жатқан материалдың майда
бөлшектерінен қорғайтын арнайы алжапқышты қолданыңыз.
Әр түрлі жұмыстарды орындау
кезінде пайда болатын бөлшектердің көзге тиюінен қорғауды қамтамасыз ету керек. Жұмыс кезінде
пайда болатын шаңды респиратордың шаңнан қорғайтын сүзгіні ұстап тұруы керек. Қатты шу тым
көп әсер еткенде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶
Бөгде тұлғалар жұмыс аймағынан қауіпсіз қашықтықта болуын қадағалаңыз.
Жұмыс
аймағындағы кез келген адам жеке қорғану құралдарын қолдануы керек.
Өңдеп жатқан
Printed: 29.08.2019 | Doc-Nr: PUB / 5476814 / 000 / 02
Summary of Contents for AG 4S-A22
Page 2: ...1 Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 3: ...2 3 4 5 Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 4: ...6 7 8 9 Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 5: ...10 11 12 Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 225: ...Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 226: ...Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...
Page 227: ...Printed 29 08 2019 Doc Nr PUB 5476814 000 02 ...