38
Брошюра серіппесімен түптеу нұсқаулары
Әрбір қадам осы нұсқаулықтың алдында берілген суреттерге сәйкес келеді.
1.
Брошюра серіппесін орнату
1
Қақпақты және тесу тұтқасын (A) тік күйге көтеріңіз.
2
Құжатты толығымен қақпақтың үстіне қойыңыз.
3
Қағаз қалыңдығы бағыттауышының (B) көмегімен
қажетті брошюра серіппесінің өлшемін тексеріңіз (мм).
4
Брошюра серіппесі өлшемінің бағыттауышын (C)
пайдаланып серіппені таңдаңыз.
5
Брошюра серіппесінің селекторын (D) сіздегі
серіппенің өлшеміне сәйкес келгенше (6–25+ мм)
бұраңыз.
6
Құрылғы енді автоматты түрде серіппенің тым қатты
ашылуына жол бермейді және шекті тереңдікті
реттейді.
2.
Қағазды сұрыптау
1
Үлкен құжаттарды реттеу үшін құжат бөлгішін (E)
қолданыңыз.
2
Бөлгішті құжатқа итеріңіз.
3
Оңай тесуге дайын тұрған қағаздардың бірінші
бумасын ашу үшін бөлгішті жоғары қарай көтеріңіз.
4.
Қағазды тесу
Қолмен тесу үшін:
Көтерілген тұтқаны қағаз тесілгенше төмен түсіріңіз
және тұтқаны тік күйге көтерген кезде құрылғыны ұстап
тұрыңыз.
Электрлік жолмен тесу үшін (тек қана 230E):
“Тесу” түймесін (I) басыңыз.
Ескертпе:
Құрылғы шамадан тыс жүктеліп, тесу циклін орындай
алмаған жағдайда қызыл жарық диоды жанады. Қызыл
шамды өшіру үшін “тесу” түймесін басыңыз. Егер бұның
көмегі тимесе, қызмет көрсету желісіне хабарласыңыз.
5.
Брошюра серіппесімен түптеу
1
Пластик серіппенің ашық жағын жоғары қаратып,
серіппені ашатын тіске (J) қойыңыз.
2
Брошюра серіппесін ашу үшін серіппені ашу тетігін
(K) бұраңыз.
3
Әрбір қағаздар бумасын тесіңіз және содан кейін
құжат толығымен жүктелгенше ашылған серіппеге
салыңыз.
4
Серіппені жабу үшін брошюра серіппесін ашу тетігін
кері айналдырып, түптелген құжатты металл
тістерден көтеріп алыңыз.
Түптеу бойынша кеңестер:
• Ашық брошюра серіппесіне ең алдымен артқы
мұқабаны, содан кейін ішкі парақтарды және алдыңғы
мұқабаны салыңыз.
• Құжатыңызды түзету үшін оны (брошюра серіппесінің
ашық жағын жоғары қаратып) металл тіске қойыңыз
және 5-нұсқауды қайта орындау арқылы парақтар
қосыңыз немесе алып тастаңыз.
• Қосымша кеңестер мен тәсілдерді веб-сайтымыздан
қараңыз:www.gbceurope.com
Ескертпе
:
Құрылғыдағы “жылдам нұсқау” бағыттауышы
(Q) төрт оңай қадаммен түптеу әдісін көрсетеді.
3.
Қағаз өлшемін орнату
1
Қолмен басқарылатын құрылғыларда, қағазды
ортаға келтіру алдында әрқашан тесу тұтқасының тік
көтерілген күйде болғандығын тексеріңіз.
2
Тесу науасына (F) алдымен қағаз бумасын салыңыз.
3
Циферблаттың (G) көмегімен қағазды ортаға
келтіріңіз.
Құрылғыны A5 форматына сәйкес реттеу:
4
Құрылғының алдында орналасқан қосқышты (H) A4
күйінен A5 күйіне жылжыту арқылы реттеңіз.