30
Қазақ тілі
• Электр құралы қолданылып жатқан жерлердің
қасында балалар не оларға рұқсат берілмеген
адамдар болуына жол бермеңіз. Бөтен адамдар
оператордың көңілін бөліп, ол құралды бақылауды
тоқтатуы мүмкін.
Электр қауіпсіздік жөніндегі ұсыныстар
• Құрал ашасы тиісті розеткаға салынуы керек.
Бұл электр шок қауібін азайтады. Жерге қосу
контакттары бар аша розеткасын қолданбаңыз.
• Металл құбыры, жылытқыштар, пештер
және тоңазытқыштар секілді жерге қосылған
заттарды ұстамаңыз. Егер жұмысшының денесі
жерге қосылған затқа тисе, электр шок қауібі
артады.
• Электр құралды жауын және ылғалдылықтан
сақтаңыз. Құрал ішіне су кіріп кетсе, электр шок
қауібі көбейеді.
• Қуаттану сымын басқа мақсаттармен
қолданбаңыз. Ешбір жағдайларда да сымды
құралды тасымалдау не тарту үшін қолдануға
болмайды; сондай-ақ, құралды сымды тартып
өшіруге болмайды. Сымды қызудан, керосины
бар заттармен, құралдың өткір шеттері немесе
жылжымалы бөліктерімен жанасудан қорғаңыз.
Бұлінген немесе жалғанған сым электр шок қауібі
көбейтеді.
• Сыртта жұмыс істегенде, сондай жұмысқа
арналған ұзартқыш сымын қолданыңыз, ол
электр шок қауібін азайтады.
Жеке қорғану ұсыныстары
• Электр құралдарымен жұмыс істегенде
абай болыңыз және әрекеттеріңізді мұқият
жоспарлаңыз.
Шаршап
тұрғанда
немесе
есірткі, ішімдік немесе дәрі әсерімен құралды
пайдаланбаңыз. Бейғам қоладану жарақаттарға
әкелуі мүмкін.
• Жеке
қорғау
жабдықты
қолданыңыз.
Әрдайым қорғау көзілдірігін киіңіз. Керек болса
респираторлар, тайғанамайтын аяқ-киім, каска
және құлақ тығындарын қолданыңыз. Жеке қорғау
жабдығын қолдану электр шок қауібін азайтатын
факторлардың бірі.
• Электр құралы байқаусыздан қосылып кетпесін.
Розеткаға қосу алдында, қосқыш ӨШІРУ күйінде
тұрғанына көз жеткізіңіз. Құралды жылжытқанда
саусақтарыңызды негізгі ауыстырып-қосқыштан
аулақ ұстаңыз, сонда құралды байқаусыздан
қосып жіберу қауібі азаяды.
• Құралды қосу алдында, оның айналатын
бөлшектерінен кез келген бұрандалар мен
басқа заттарды алып тастаңыз. Айналатын
құрылғыда қалып қалған бұранда айтарлықтай
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
• Қарқынды күш салмаңыз, тұрақты позицияны
тауып әрдайым теңгерім сақтаңыз бұл құрал
бақылауын жеңілдетеді.
• Мол киім немесе салбырап тұратын әшекейлер
кимеңіз. Шаш, киімнің бөліктері және қолғап
электр құралдың жылжып тұратын бөліктерімен
жанаспауы керек.
• Құралдың бөлшектерді жинайтын жабдығы
болса, жабдық іске қосылып дұрыс қолданылатына
көз жеткізіңіз. Осындай жабдықты қолдану жұмыс
орнында бөлшектердің жиналуын азайтады.
Электр құралдарды пайдалану және күтім
көрсету
• Психологиялық және ақыл-ой қабілеттері
төмен адамдарға, сондай-ақ балаларға, егер
олардың кауіпсіздігіне жауапты адам оларды
электр құралды қолдану жөнінде қадағалап нұсқау
бермесе, қолдануға болмайды.
• Құралды шамадан тыс жүктемеңіз. Электр
құралдары тек тағайындалған әрекеттерді
атқару үшін арналған, ол қауіпсіздіктің кепілі және
жақсырақ нәтижелерге жетуге көмектеседі.
• Ауыстырып-қосқышы
дұрыс
істемейтін
электр құралдарын қолданбаңыз. Басқару арқылы
қосылып және өшірілмейтін құрылғы өздігінен
қауіпті және оны кенет жөндеу керек.
• Жөндеу жұмыстары, жабдықтарды ауыстыру
және сақтау барысында электр құралдың ашасын
розеткадан ажыратып тастаңыз. Бұл құралдың
байқаусыздан қосылып кету қатерін жояды.
• Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтау керек. Осы нұсқауды оқымаған және
тәжірибесі жоқ адамдарға электр құралын
қолдануға жол бермеңіз. Тәжірибесі жоқ адамның
қолында бұл құрал операторға да оның ортасына
да қауіп тұдыруы мүмкін.
• Құралға дұрыс күтім жасаңыз. Белағаштың
тозуын және жылжымалы бөлшектердің бірігу
тұрақтылығын бақылаңыз және құралдың
бұзылуына әкелетін кез келген ақауларға назар
аударыңыз. Құралдың дұрыс істемеуі, жиі сәтсіз
оқиғалардың себебі.
• Кесетін құрылғылар таза және жақсы
өткірленген болуы керек. Жақсылап бекітілген
өткір шеттері бар кесетін құралдар тұрып қалу
қауібін азайтып құралды басқаруды жеңілдетеді.
• Электр құралдары мен оның жарақаттарын
қолданған кезде осы нұсқаудағы ұсыныстар
тізімін қараңыз. Электр құралдардың ерекше
түрлерімен жұмыс істегенде, жұмыс жағдайлары
мен жасалатын жұмыс түрін еске алып
ұсыныстарды орындаңыз.
Электр құралдарына қызмет көрсету
Электр құралыңызға тек білікті маман ұсынылған
қосалқы бөлшектерді қолданып қызмет көрсетуі
керек. Бұл құрылғыңызды қолданған кезде еңбек
қорғауына кепіл болады.
Қозғалтқыш құралды қолдану барысындағы
қауіпсіздік шаралары
Жұмыс басталғанға дейін
• Электр құралын тек өндіруші ұсынатын
материалды
кесу
үшін
пайдаланыңыз.
Электр құралын нұсқаулықта көрсетілмеген
мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады
(мысалы, металды, ағашты, т.б. кесу үшін).
• Ең жоғары рұқсатты айналу жылдамдығы
электр құрал шпинделінен жоғарырақ кесу
дискілерін
пайдаланыңыз.
Кесу
дискілерін
өндірушінің ұсыныстарына сай пайдалану керек.
Осы нұсқаулықтағы техникалық талаптарға сай
емес кесу дискілерін пайдаланбаңыз.
• Ақаулары жоқ кесу дискілерін пайдаланыңыз.
Жарылған, деформацияланған дискілерді немесе
электр құралда жоғары дірілді тудыратын
дискілерді пайдалануға тыйым салынады.
• Өлшемдері (сыртқы және бекіту диаметрі)
ұсынылғаннан
басқаша
кесу
дискілерін
пайдаланбаңыз.
• Кесу жүзінің көрсеткісі әрқашан қорғағыш қақпақ
көрсеткісімен бірдей бағытта нұсқауы керек.
• Бұл электр құралы үшін кесу дискісінің басқа
түрлерін (айналмалы ара жүздері, абразивтік кесу
жүздері, т.б.) ешқашан пайдаланбаңыз.