![Cosmopolitan 8720039719194 Instruction Manual Download Page 39](http://html1.mh-extra.com/html/cosmopolitan/8720039719194/8720039719194_instruction-manual_2670755039.webp)
38
39
ПАЙДАЛАНУ
Алғаш қолданар алдында:
• Құралды қаптамадан шығарып, зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз.
• Қандай да бір зақым анықталған жағдайда, құралды қоспаңыз. Оны дереу сатушыға қайтарыңыз.
• Құралдың зауыттық тақтасында көрсетілген кернеудің сіздің үйіңіздегі электр желісінің кернеуіне сəйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
• Қуат кабелін электр желісінен ажырату үшін ашасынан ұстаңыз. Ешқашан қуат кабелінен ұстап тартпаңыз.
• Алғаш қолдану кезінде бастапқы бірнеше минут ішінде аз мөлшерде əлсіз түтін иісін сезуіңіз мүмкін. Бұл қалыпты жағдай жəне көп ұзамай басылады.
• Кейбір беттер қатты қызуы мүмкін. Оларға жанаспаңыз жəне басқалардың жанасуына жол бермеңіз. Пайдалану кезінде құрал ӨТЕ ЫСТЫҚ.
Ыстық бет пен қорғалмаған терінің, нақтырақ айтқанда, құлақ айналасындағы терінің, бет пен мойын терісінің жанасуына жол бермеңіз.
ТАҒАЙЫНДАМАСЫ
Назар аударыңыз! Құрал тек сыртқы қолданысқа арналған.
• Құрал тек адамның шашын кептіруге жəне сəндеуге арналған.
• Кез келген дұрыс қолданбау қауіпті болуы мүмкін!
• Шашты дайындау: Шашыңызды жуып, жақсылап кептіріңіз. Шашыңызды мұқият тараңыз. Шашқа арналған лакты жəне шаш күтіміне
арналған басқа да тұтанғыш құралдарды пайдаланбаңыз.
• Ашаны электр желісінің розеткасына қосыңыз.
• Құралды қосу үшін қосу/өшіру түймесін 3 секундқа жуық басып, ұстап тұрыңыз. Құрал қыза бастайды.
• Температураны 5 ºC қадаммен 80 ºC-тан 230 ºC-қа дейін реттеу үшін «+» жəне «-» түймелерін басуыңызға болады. Дисплейдегі ең жоғарғы
температура — 230 ºC, ол қыздыру элементінің ең жоғарғы температурасы болып табылады. Құралды пайдалану кезіндегі іс жүзіндегі ең
жоғарғы температура — 200 ºC.
• Құралды тағайындалған температураға жеткеннен кейін пайдаланып бастаңыз.
• ºC көрсеткішін ºF көрсеткішіне ауыстыру үшін «+» жəне «-» түймелерін бір уақытта басыңыз. Фаренгейт шкаласы бойынша дисплей: 176
ºF-446 ºF. Цельсий шкаласы бойынша дисплей: 80 ºC-230 ºC.
• Түзулеу үшін шаш бұрымын бөліп алыңыз. Щетка қалаулы температураға дейін қызған бойда шаштың тарақ тістерінен тереңінен өтетіндігіне
көз жеткізіп, щеткамен шашты түзулеңіз. Шаш барынша жақсы қызуы үшін оны баяу тараңыз. Баяу тарту қимылдарымен шашты түбінен
ұшына дейін түзулеңіз. Жаңа технологияға машықтану үшін құралды сенімді түрде пайдаланып үйренгенге дейін аз шаштан бастаңыз.
• Сəндеуді аяқтағаннан кейін құралды өшіріп, оны электр желісінен ажыратыңыз жəне тазалар немесе сақтауға жинап қояр алдында оны толық суытыңыз.
ТАЗАЛАУ
Құралды электр желісінен ажыратып, толық суытыңыз. Құрал қосулы тұрғанда немесе өшіргеннен кейін бірден оның ыстық беттеріне
жанаспаңыз. ҚҰРАЛДЫ САҚТАУҒА ЖИНАП ҚОЯР АЛДЫНДА КЕМ ДЕГЕНДЕ 30 МИНУТ СУЫТЫҢЫЗ. Құралдың бетін жұмсақ, сəл дымқыл
шүберекпен сүртіңіз. Құралға судың немесе басқа сұйықтықтың тиюіне жол бермеңіз.
САҚТАУ
Құралды электр желісінен ажыратып, салқындатыңыз жəне қорабына немесе құрғақ жерге сақтауға жинап қойыңыз. Құрал əлі ыстық немесе
электр желісіне қосулы болғанда, оны сақтауға қоймаңыз. Ешқашан қуат кабелін құралға орамаңыз. Ешқашан құралды қуат кабеліне ілмеңіз.
Қуат кабелін еркін жиналған күйі сақтаңыз. Құрылғының кірісіндегі кабельге механикалық жүктеме түсірмеңіз, бұл кабельдің тозуына немесе
зақымдалуына алып келуі мүмкін.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗ КƏДЕГЕ ЖАРАТУ
Бұл таңба бұйымды ЕО аумағында басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге кəдеге жаратуға тыйым салынатындығын білдіреді.
Қалдықтарды бақылаусыз кəдеге жарату нəтижесінде қоршаған ортаға немесе адамдардың денсаулығына зиян келтірілуіне
жол бермеу мақсатында материалдық ресурстардың экологиялық қауіпсіз қайта пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін
бұйымды тиісті жауапкершілікпен кəдеге жарату қажет. Қолданыста болған бұйымды қайтару үшін қайтару жəне жинау
жүйесін қолдануыңызды немесе бұйым сатып алынған бөлшек сауда сатушысына хабарласуыңызды сұраймыз. Сатушы
бұйымды экологиялық қауіпсіз кəдеге жарату үшін қабылдауы мүмкін.
Біздің өнімді үнемі жетілдіріп отыру саясатымызға сəйкес, біз техникалық жəне визуалдық өзгерістерді хабарламастан енгізу құқығын
өзімізде қалдырамыз. Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ағымдағы нұсқасы мына веб-сайтта берілген: www.arovo.com.
КЕПІЛДІК:
Кепілдік жасап шығарудағы немесе материалдардағы ақау себебінен болған кемшіліктерді анықтау тұрғысынан (біздің қарауымыз бойынша)
сатып алған күннен бастап 24 ай бойы əрекет етеді. Кепілдік чек болған жағдайда ғана жарамды. Кепілдік дұрыс қолданбау, бөлшектеу немесе
кездейсоқ бұзылу нəтижесінде ақаулы болған құралдарға қолданылмайды. Кепілдік ақаулар салдарынан болған зақымдарға қатысты жарамсыз.
ЕО НОРМАЛАРЫНА СƏЙКЕСТІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ
Біз: Arovo BV, Zijlweg 144, 2015 BH Haarlem,The Netherlands, www.arovo.com
бұйымға қатысты келесі деректер үшін жауапты екендігімізді мəлімдейміз:
Бұйымның нөмірі: KLR928981477 - Бұйымның атауы: Straightener brush - Штрих-коды: 8720039719194
a) Жоғарыда сипатталған декларация объектісі ЕО-ның үйлесімділікті қамтамасыз ету туралы тиісті заңнамасының талаптарына сай келеді:
EMC, LVD, ROHS, REACH.
b) Келесі үйлестірілген стандарттарда баяндалған талаптарға сай келеді: EN 55014-1:2017, EN 55014-2:2015, EN 61000-3-2:2014, EN 61000-3-3:2013,
EN 60335-2-23:2003+A1:2008+A11:2010+A2:2015, EN 60335-1:2012+A11:2014+A13:2017, EN 62233:2008, REACH (EC) 1907/2006, EU 2015/863.
Осы Сəйкестік туралы декларацияның ағымдағы нұсқасы www.arovo.com веб-сайтында берілген.
Summary of Contents for 8720039719194
Page 24: ...24 8 RCD 30 mA 1 2 3 On Off 4 5 360 6 BG 110 220V 50 60 Hz 50 W PTC 200 C 1 7 II...
Page 26: ...26 8 RCD 30 mA 1 2 3 4 5 360 6 GR CY 110 220V 50 60 Hz 50W PTC 200 C 1 7 m II...
Page 34: ...34 8 RCD 30mA 1 2 3 4 5 360 6 MK 110 220V 50 60Hz 50W 200 C 1 7m II...
Page 36: ...36 8 30 1 2 3 4 5 360 6 RU 110 220 50 60 50 200 C 1 7 II...
Page 38: ...38 8 30 1 2 3 4 5 360 6 KZ 110 220 50 60 50 200 C 1 7...