![COOLFORT CF-0525 GY Manual Instruction Download Page 11](http://html1.mh-extra.com/html/coolfort/cf-0525-gy/cf-0525-gy_manual-instruction_2661052011.webp)
ҚАЗАҚ
11
5. Аспапты өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз, жөндеу орталығына апарыңыз.
6. Аспапты жоғары температура жəне ылғалдылық жағдайында пайдалану кезінде аспаптың ішінде
тамшылар пайда болады. Бұл аспаптың бұзылғанын білдірмейді, тек тамшыларды құрғақ шүберекпен
сүртіп алыңыз.
7. Балаларға жəне мүгедек адамдарға аспапты қараусыз пайдалануға рұқсат бермеңіз.
8. Электр тогына түсу қатеріне жол бермеу үшін аспаптың бетіне сұйықтықтың төгілуіне жол бермеңіз.
Назар аударыңыз! Аспап айнымалы жəне тұрақты ток көзінен бір уақытта жұмыс істей алмайды.
КҮТІМ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
а) Аспапты тазалаудың алдында оны қорек көзінен өшіріңіз.
б) Тоңазытқыштың ішкі жəне сыртқы беттерін тазалау үшін еріткіштер жəне абразивті тазалау құралдарын
пайдалануға тыйым салынады. Майлы дақтарды кетіру үшін бейтарап жуу құралын пайдаланыңыз.
в) Аз-маз кірленуді кетіру үшін, оны таза құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
г) Аспаптың қақпағын (2) ағынды судың астында жумаңыз.
д) Сыртқы желдету торларындағы (3) шаңды шаңсорғышпен сорып алыңыз, ал содан кейін торларды ылғал
шүберекпен сүртіп алыңыз.
е) Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, оны өшіріп тастаңыз.
АҚАУЛЫҚТАР ТІЗБЕСІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ
Ақаулықтар
Ықтимал себептер жəне оларды жою жолдары
Тоңазытқыш жұмыс істемейді
жəне желдеткіш айналмайды.
1. Аспаптың қорек көзіне жалғанғанын жəне аспаптың қосылғанын
тексеріңіз.
2. Автомобильдің темекі тұтандырғыш ұяшығындағы сақтандырғыш күйіп
кетуі мүмкін.
3. Штекерде қысқа тұйықталудың бар-жоғын жəне байланыстардың
дұрыстығын тексеріңіз.
Суыту немесе жылыту кезіндегі
ақаулық.
1. Желдету саңылаулары бөтен заттармен бітеліп қалмауын тексеріңіз.
2. Аспаптың басқа заттарға тым жақын тұрмауын тексеріңіз. Тым жақын
тұрса, желдету саңылаулары бітеліп қалуы мүмкін.
3. Егер аспапта суыту функциясы бұзылса немесе желдеткіш жұмыс
істемесе, онда оны жөндеу үшін рұқсат етілген орталыққа хабарласыңыз.
4. Егер аспап тіпті суытпаса, ал желдеткіш жұмыс істеп тұрса, онда суыту
элементі бұзылуы мүмкін. Жөндеу үшін рұқсат етілген сервис орталығына
хабарласыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Қорек кернеуі
DC: 12 В; AC: 230 B
Тұтынылатын қуат
DC
Суыту режимі: 37 Вт
Қыздыру режимі: 30 Вт
АС
Суыту режимі: 36 Вт
Қыздыру режимі: 29 Вт
Көлемі
25 л
Климат
N жəне T
Максималды суыту
Қоршаған ортаның температурасынан 18 °С төмен
Максималды қыздыру
65 °С
Айнымалы ток көзінің қорек сымы
+
Тұрақты ток көзінің қорек сымы
+
Өндіруші алдын ала хабарламастан аспаптың сипаттамаларын өзгертуге құқылы.
Аспаптың қызмет мерзімі 5 жылдан кем емес
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi. Осы
гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi қажет.
Бұл тауар ЕМС – жағдайларға сəйкес келедi негiзгi Мiндеттемелер 89/336/EEC Дерективаның
ережелерiне енгiзiлген Төменгi Ережелердiң Реттелуi (73/23 EEC)
CF-0525.indd 11
CF-0525.indd 11
21.12.2006 10:20:17
21.12.2006 10:20:17