36
37
kz
kz
қаУІПСІЗдІК шараЛарЫ жӘне ПаЙдаЛа
-
нУға БерУ жӨнІндеГІ нҰСқаУЛЫқ
құралды пайдалану алдында пайдалануға беру
жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысыңыз,
оқығаннан кейін оны болашақта пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
• Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Құралды дұрыс емес қолдану оның бұзылуы-
на, пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
• Заттаңбада көрсетілген құралдың жұмыс кернеуі
электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз.
• Ауа ылғалдағышты тегіс, құрғақ және ылғалға
төзімді бетке орналастырыңыз және пайдала-
ныңыз. Қабырғаға, жиһаздың және интерьердің
басқа заттарына дейінгі қашықтық 30 см кем
болмауы керек.
• Ауа ылғалдағышты компьютерге немесе сезімтал
электрондық жабдыққа жақын жерде орналасты-
руға болмайды.
• Құралды ұзын талшықты еден төсеніштеріне
орнатуға болмайды.
• Ауа ылғалдағышты үй-жайдан тыс жерде пайда-
лануға тыйым салынады.
• Найзағай кезінде құралды пайдалануға кеңес
берілмейді.
• Құралды соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Желіге қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
• Құралды жылу көздерінің, жылыту аспаптарының
немесе ашық оттың тікелей жанында пайдалан-
баңыз.
• Құралды аэрозольдар пайдаланылатын немесе
тозаңдататын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Құралды ас үй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
• Егер құрал суға құлап кетсе, дереу желілік баудың
айырын электр розеткасынан суырыңыз, осыдан
кейін ғана құралды судан алуға болады.
• Желілік баудың ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюіне жол бермеңіз.
• Құралды пайдаланып болғаннан кейін немесе
тазалау алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Құралды электр желісінен ажыратқан кезде тек
желілік баудың айырынан ұстаңыз және оны
электр розеткасынан абайлап шығарыңыз, желілік
баудан тартпаңыз — бұл оның зақымдануына
әкеліп, қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.
• Құралдың корпусын, желік сымды немесе желілік
сым айырын су қолмен ұстамаңыз.
• Жеткізілім жинағына кіретін шешілмелі бөлшек-
терді ғана пайдаланыңыз.
1
2
20
21
14
15
18
22
15
16
19
13
13
16
17
11
12
18
3
6
7
8
4
17
14
9
5
Сур. 1
Сур. 2
Сур. 3
Сур. 4
Summary of Contents for BR4703
Page 31: ...brayer su ...