37
Сервистік қызмет - артикул
Жарамды күту және тазалау заттарын немесе басқа керек-
жарақтарды сервистік қызметтен, арнайы дүкеннен немесе
кейбір елдерде интернет арқылы интернет дүкеннен сатып алуға
болады. Бұл үшін сәйкес артикул нөмірін көрсетіңіз.
Бірінші рет пайдалану алдында
Мұнда тамақты бірінші рет әзірлеу алдында газ әзірлеу бетімен
не істеу керек екенін біле аласыз. Алдымен
Қауіпсіздік техникасы
туралы нұсқаулар
тарауын оқыңыз.
Духовка шкафын қыздыру
Жаңа құрылғының иісін кетіру үшін бос духовка шкафын
қыздырыңыз. Бұл жағдайда шкафты Жоғарғы/төменгі ыстық
%
режимінде 240 °C температурасында қыздыру тамаша шешім
болып табылады. Жұмыс камерасында орама қалдықтары
болмауын қадағалаңыз.
1. Функциялар ауыстырып-қосқышының көмегімен Жоғарғы/
төменгі ыстық
%
режиміне орнатыңыз.
2. Температура реттегішінің көмегімен 240 °C мәнін орнатыңыз.
Бір сағаттан кейін духовка шкафын өшіріңіз. Функциялар
ауыстырып-қосқылын және температура ауыстырып-қосқышын
нөл күйіне орнатыңыз.
Құралдарды тазалау
Құралды бірінші рет пайдаланбай тұрып ыстық сабынды сумен
және жұмсақ шүберекпен мұқият тазалаңыз.
Газ жанарығысыынң бастарын және
қақпақтарын алдын ала тазалау
Газ жанарғысының қақпағын (1) және басын (2) жуғыш затты
қосып тазалаңыз. Барлық бөлшектерді жақсылап құрғатыңыз.
Жалын бөлгішті және жанарғы қақпағын конфорка корпусына (5)
қайтадан орнатыңыз. Білте (3) және жалын датчигі (4)
зақымдалмауын қадағалаңыз.
Форсунка (6) құрғақ және таза болуы керек. Жанарғы қақпағын
жалын бөлгіште әрқашан тегіс орнату керек.
Әмбебап таба
HEZ332003
Шырынды бәліш, тоқаш, тоңазытылған тамақ және үлкен
құырдақтар үшін. Сондай-ақ тор астында май мен ет суын ұстау
үшін пайдалану да мүмкін.
Әмбебап табаны пеш есігіне кисайтып пешке жылжытыңыз.
Күйіп кетуден қорғайтын жамылғысы бар
әмбебап таба
HEZ332011
Шырынды бәліш, тоқаш, тоңазытылған тамақ және үлкен
құырдақтар әмбебап табада дұрыс таратылады. Әмбебап
табаны пеш есігіне кисайтып пешке жылжытыңыз.
Кәсіпқой таба қақпағы
HEZ333001
Қақпақ кәсіпқой табаны кәсіпқой қуыру табасына айналдырады.
Кәсіпқой табасы салынатын тор мен
HEZ333003
Үлкен көлемдерде пісіруге арналған.
Тор
HEZ334000
Ыдыс, бәліш пішіндері, құырдақ, стейк және тоңазытылған
тамақтар үшін.
Әйнекті таба
HEZ915001
Әйнекті таба демделетін тамақтар және көмештерге арналған.
Арнайы бағдарламалар және құыру автоматикасына сәйкес.
Арнайы жабдықтар
HЕZ нөмірі
Функция
Тот баспайтын болаттан жасалған беттерге
арналған майлықтар
Артикул нөмірі 311134 Кірдің жиналуына жол бермеңіз. Май негізіндегі арнайы
сіңірілетін құрам тот баспайтын болаттан жасалған
құрылғылардың сыртқы беттерін күтеді.
Духовка-шкафын, грильді тазалауға
арналған гель
Артикул нөмірі 463582 Жұмыс камерасын тазалауға арналған. Гельдің иісі жоқ.
Ұяшықты құрылымы бар микро талшықты
майлық
Артикул нөмірі 460770 Сезімтал сыртқы беттерді тазалау үшін арнайы жасалған,
мысалы, шыныны, шыны керамикасын, тот баспайтын болатты
немесе алюминийді. Микро талшықты майлық сұйықтықтар мен
майларды өте жақсы кетіреді.
Есік бұғаттағышы
Артикул нөмірі 612594 Ол балалар духовка шкафының есігін аша алмауына арналған.
Құрылғының есігіне байланысты бұғаттағыш әр түрлі
орнатылады. Есік бұғаттағышымен бірге келген ұсыныстарды
орындаңыз.