Қaзақша |
179
Bosch Power Tools
1 619 P11 591 | (19.9.13)
Құрал қорғағыш қаптаманың деңгейінен шығып
тұрмау үшін майысқан тегістеу дискісін электр
құралға берік және мүмкіндігінше жоғары
қауіпсіздік деңгейімен орнату керек.
Қорғағыш
қаптаманың деңгейінен шығып тұратын, дұрыс
орнатылмаған тегістеу шеңберін жеткілікті қорғау
мүмкін емес.
Қорғаныш қаптамасы электр құралында берік
бекітілген, ажарлауыш шарықтың ең кіші бөлшегі
пайдаланушы үшін қауіпсіздік деңгейінің ең
жоғары көрсеткішіне сай реттелген болуы қажет.
Қорғаныш қаптамасы пайдаланушыны сынған
бөлшектерден, ажарлауыш шарығының кездейсоқ
тиюінен және киімді жағып жіберуі мүмкін
ұшқындардан қорғайды.
Абразивті құралдарды тек ұсынылатын жұмыстар
үшін пайдалану керек. Мысалы: ешқашан кесу
шеңберінің бетін тегістемеңіз.
Кесу шеңберлері
материалды жиекпен алуға арналған. Бүйірлік күштер
әсер етсе осы абразивті құрал сынуы мүмкін.
Әрқашан зақымдалмаған, таңдалған тегістеу
шеңбері үшін өлшемдері және пішіні дұрыс
қысқыш фланецтерді пайдаланыңыз.
Дұрыс
фланецтер тегістеу шеңбері үшін тірек болып табылады
және оның сыну қаупін азайтады. Кесу шеңберлеріне
арналған фланецтер тегістеу шеңберлеріне
арналғаннан ерекшеленуі мүмкін.
Үлкен электр құралдардың тозған тегістеу
шеңберлерін пайдаланбаңыз.
Үлкен электр
құралдарға арналған тегістеу шеңберлері шағын электр
құралдардың жоғары айналу жылдамдықтарына
арналмаған және сынуы мүмкін.
Тегістеу шеңберімен кесуге қатысты қауіпсіздік
техникасы туралы қосымша ерекше нұсқаулар
Кесу шеңберінің бұғатталуын немесе артық басу
қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесулерді
орындамаңыз.
Кесу шеңберіне артық жүктеме түсіру
оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және
осылайша кері соққының немесе абразивті құралдың
сынуы мүмкіндігін арттырады.
Айналатын шеңбердің алдындағы және артындағы
аймаққа жақындамаңыз.
Кесу шеңберін
дайындамада өзіңізден ары жүргізсеңіз, онда кері
соққы жағдайында айналып жатқан шеңбер бар электр
құрал сізге ыршуы мүмкін.
Кесу шеңбері сыналанса немесе жұмыс үзілісінде
электр құралды өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша
қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді
кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз,
бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.
Сыналану себебін
анықтаңыз және жойыыңыз.
Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр
құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай
тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге
мүмкіндік беріңіз.
Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы,
дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі
мүмкін.
Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен
дайындамаларды тіреңіз.
Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу
керек.
Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді
орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз.
Ендірілетін
кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр
сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Егеуқұм қағазымен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы туралы арнайы нұсқаулар
Өлшемі үлкенірек егеуқұм қағазын
пайдаланбаңыз, өндірушінің егеуқұм қағазының
өлшемдеріне қатысты нұсқауларын басшылыққа
алыңыз.
Тегістеу тәрелкесінің жиегінен шығып тұрған
егеуқұм қағазы сыналанудың, жарақаттардың, тегістеу
шеңберінің сынуының себебі болуы мүмкін немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы арнайы
қауіпсіздік нұсқаулықтары
Сымды қылшақтың әдеттегі пайдалануда да сым
жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып
артық жүктемеңіз.
Шашылып тұрған сымдар киім
және/немесе теріге қадалуы мүмкін.
Қорғаныш қаптамасының сымды қылшақпен
жанасуына жол бермеңіз.
Тәрелке және тостаған
тәрізді щеткалардың диаметрі басу қысымының және
центрифугалық күштердің әсерінен артуы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз.
Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса
немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш
бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне орнатыңыз.
Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды.
Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Дайындаманы бекітіңіз.
Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
OBJ_BUCH-1797-003.book Page 179 Thursday, September 19, 2013 2:38 PM