Қазақ |
245
Нұсқау:
зерттелетін беттегі болат торлар мен арматуралар жағдайында өлшеу
индикаторында
(i)
бүкіл аудан бойынша бірдей амплитуда болады. Әдетте болат
торлар жағдайында тікелей арматуралық өзектердің үстінде магниттік металдар
индикаторы
(e)
, ал арматуралық өзектердің арасында магниттік емес металдар
индикаторы
(d)
көрсетіледі.
"Ток кабелі" жұмыс режимі
"Ток кабелі" жұмыс режимі тек желілік кернеу өткізгіш сымдарды (110−230 В)
табуға арналған.
"Ток кабелі" жұмыс режимін іске қосу үшін "Ток кабелі" жұмыс режимінің
түймесін
(9)
басыңыз. Жарық сақинасы
(1)
және "Ток кабелі" жұмыс режимі
түймесінің үстіндегі жұмыс режимінің индикаторы
(4)
жасыл түспен жанып тұрады.
Егер кернеу өткізгіш сым табылса, дисплейде кернеу өткізгіш сымдардың
индикаторы
(f)
пайда болады. Кернеу өткізгіш сымның орналасқан жерін дәлірек
анықтау үшін өлшеу құралын бет үстінен қайта-қайта жылжытыңыз. Бірнеше рет
үстінен жылжытқаннан кейін, кернеу өткізгіш сым өте анық көрсетілуі мүмкін. Егер
өлшеу құралы сымға тым жақын орналасса, жарық сақинасы
(1)
қызыл түспен
жыпылықтап, дыбыстық сигнал жылдам ырғақпен беріледі.
Нұсқаулар:
– Кернеу өткізгіш сымдар әр жұмыс режимінде көрсетіледі.
– Ток тұтынушылары (мысалы, шамдар, құрылғылар) ізделетін сымға жалғанған
және қосылған жағдайда, кернеу өткізгіш сымдарды оңай табуға болады.
Қабырғаны бұрғалаудан, аралаудан немесе фрезерлеуден бұрын ток
тұтынушыларын өшіріңіз.
–
Белгілі бір жағдайларда (мысалы, металл беттердің артында немесе су
мөлшері үлкен беттердің артында) кернеу өткізгіш сымдарды сенімді түрде
табу мүмкін болмайды.
Кереу өткізгіш сымның сигнал күші кабель күйіне
байланысты. Сондықтан жақын ортада басқа өлшеу әрекеттерін орындау арқылы
немесе басқа ақпарат көздері арқылы кернеу өткізгіш сымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
– Кернеу өткізбейтін сымдарды "Металл" жұмыс режимінде металл нысандар
ретінде табуға болады. Бұл ретте бұрама кабельдер көрсетілмейді (толық
материалды кабельдерге қарама-қарсы).
– Статикалық электр қуаты сымдардың дәл емес көрсетілуіне (мысалы, үлкен
диапазонда) немесе мүлде көрсетілмеуіне әкелуі мүмкін. Индикацияны жақсарту
үшін бос қолыңызды өлшеу құралының жанында алақанмен қабырғаға қойып,
статикалық электр қуатын кетіріңіз.
Bosch Power Tools
1 609 92A 7LE | (07.04.2022)