Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше пайдалану түрлері бар,
оларды әрқашан ауыстыру мүмкін:
– Қиылысқан және нүктелі сызықтық жұмыс режимі:
өлшеу құралы бір көлденең және бір тік лазерлік
сызықты алға, бір тік нүктелі сәулені жоғары және
төмен, тағы бір көлденең нүктелі сәулені алға, екі
жаққа да жібереді.
– 5 нүктелі жұмыс режимі: өлшеу құралы әр тік нүктелі
сәулені жоғары және төмен және әр көлденең нүктелі
сәулені алға және екі жаққа да жібереді.
– Көлденең сызықтық жұмыс режимі: өлшеу құралы
көлденең лазерлік сызықты алға жібереді.
– Тік сызықтық жұмыс: өлшеу құралы тік лазерлік
сызықты алға жібереді.
Барлық нүктелі сәулелер бір-біріне 90° бұрышта өтеді,
лазерлік сызықтар да 90° бұрышта қиылысады.
Өлшеу құралы қосылған соң қиылысқан және нүктелі
сызықтық жұмыс режимінде болады. Жұмыс режимін
ауыстыру үшін лазерлік жұмыс режимінің түймесін
(2)
басыңыз.
Пайдалану түрлерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен немесе онсыз таңдауға болады.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу (C–E
суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең жылжымайтын табанға қойып,
ұстағышта
(15)
немесе штативте
(16)
бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/
өшіргішті
(4)
"
On
" күйіне жылжытыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° өз нивелирлеу
аймағындағы тегіс еместіктерді автоматты тегістейді.
Лазерлік нүктелер немесе лазерлік сызықтар бұдан
былай қозғалмаса, нивелирлеу аяқталады.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы,
өлшеу құралы тұрған бет көлденең сызықтан 4°
шамасынан артық ауыған болса, лазерлік сәулелер
жыпылықтайды. Қосудан соң 10 сек. ішінде бұл дабыл
өлшеу құралын туралауға мүмкіндік беру үшін өшеді.
Өлшеу құралын көлденең қойып, өз нивелирлеу
аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° шамасындағы
өзіндік нивелирлеу аймағында тұрса, лазерлік сәулелер
қайтадан үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылулар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді.
Жаңадан нивелирлеген соң өлшеу құралының жылжып
кетуіне жол бермеу үшін көлденең немесе тік лазерлік
сәулелердің күйін негізгі нүктелермен салыстырып
тексеріңіз.
Нивелирлеу автоматикансыз жұмыс істеу (F суретін
қараңыз)
Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу үшін
ажыратқышты
(4)
"
On
" күйіне жылжытыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы өшіп тұранда, лазерлік
сәулелер баяу жыпылықтайды.
Нивелирлеу автоматикасы өшкенде өлшеу құралын еркін
қолда ұстау немесе қисайған табанға қою керек. Лазер
сәулелері бір біріне тік ретте болмайды.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Температура айырмашылығы еденге жақын аймақта
үлкен болғаны үшін, өлшеу құралын мүмкіндігінше
штативке орнатып, жұмыс аймағының ортасына
орналастыру қажет.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Көлденең нүктелі сәуленің дәлдігі максималды рұқсат
етілген ауқым ішінде болса, бұл тік нүктелі сәулелер мен
лазерлік сызықтардың дәлдігі тексерілгенін білдіреді.
Егер өлшеу құралы тексеруде максималдық ауытқуды
арттырса, оны Bosch сервис орталығында жөндетіңіз.
Үзындық осьтің көлденең нивелирлеу дәлдігін
тексеру
Тексеру үшін
20
м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A
мен B екі қабырғаның арасында керек болады.
– Өлшеу құралын А қабырғасының жанында
ұстағышқа
(15)
немесе штативке монтаждаңыз немесе
берік, тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын іске
қосып, нивелирлеу автоматикасымен 5 нүктелі жұмыс
режимін таңдаңыз.
A
B
20 m
– Өлшеу құралының ұзындық осіне параллель жатқан
лазер сәулесін жақын А қабырғасына бағыттаңыз.
Өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазерлік нүктенің
ортасын қабырғада (
Ⅰ
нүкте) белгілеңіз.
Қазақ |
113
Bosch Power Tools
1 609 92A 4HF | (20.08.2018)