Қaзақша |
149
Bosch Power Tools
2 609 932 939 | (21.5.14)
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Шығарылған жоңқаларды қолға алмаңыз.
Айналатын бөлшектердан жарақат алуыңыз мүмкін.
Араны бастың үстінде ұстап жұмыс істемеңіз.
Электр құралды жеткілікті бақылай алмайсыз.
Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз.
Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
Тұрақты болмаса, электр құралмен жұмыс
істемеңіз.
Ол аралау үстелінде жұмыс істеуге
арналмаған.
Тез кесетеін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз.
Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
Қара металдарды араламаңыз.
Қызған жоңқалар
тұтануға әкелуі мүмкін.
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз.
Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Дайындаманы бекітіңіз.
Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
GKS 55:
Электр құралы қозғалмайтын тіректе ағашты бойлай және
көлденеңінен, бұрышпен кесуге арналған. Сәйкес аралау
дискілерінің көмегімен профильдер сияқты түсті
металдардан жасалған жұқа қабырғалы заттарды аралауға
болады.
Қара металдарды өңдеуге болмайды.
GKS 55 GCE:
Электр құрал қозғалмайтын тіректе ағашты бойлай және
көлденеңінен, бұрышпен кесуге арналған. Сәйкес аралау
дискілерінің көмегімен профильдер сияқты түсті
металдардан жасалған жұқа қабырғалы заттарды, жеңіл
құрылыс материалдарын және пластмассаларды аралауға
болады.
Қара металдарды өңдеуге болмайды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1
Қосқыш/өшіргіш
2
Қосқыш/өшіргішті блокадалау
3
Айналымдар санын таңдау реттеушісі (GKS 55 GCE)
4
Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)
5
Шпиндельді бекіту түймесі
6
Бұрыш шкаласы
7
Параллельді тірекке арналған құлақты бұранда
8
Еңкейту бұрышын реттеуге арналған құлақты бұранда
9
Кесік белгісі 0°
10
Кесік белгісі 45°
11
Алты қырлы дөңгелек кілт
12
Бағыттайтын планка*
13
Маятниктік қорғағыш қаптама
14
Маятниктік қорғағыш қаптаманы реттеуге арналған
иінтірек
15
Тірек платформасы
16
Еңкейту бұрышын реттеуге арналған құлақты бұранда
17
Жоңқаларды шығаруға арналған келте құбыр
18
Қорғаныш қаптамасы
19
Тұтқа (беті оқшауландырылған)
20
Шайбасы бар қысқыш бұранда
21
Қысқыш фланец
22
Аралау дискісі*
23
Тірек фланеці
24
Ара шпинделі
25
Сору адаптері*
26
Кесу тереңдігін реттеуге арналған қысқыш иінтірек
27
Аралау бұрышының шкаласы
28
Струбциналар жұбы*
29
Бағыттауыш рейка*
30
Жалғайтын бөлшек*
31
Сорғыш шланг*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
OBJ_BUCH-244-007.book Page 149 Wednesday, May 21, 2014 11:05 AM