Қaзақша |
147
Bosch Power Tools
2 609 932 939 | (21.5.14)
Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз,
тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты
пайдаланыңыз.
Сыртта пайдалануға арналған
ұзартқышты пайдалану электр тоғының соғу қаупін
төмендетеді.
Электр құралын ылғалды қоршауда пайдалану
қажет болса, автоматты сақтандырғыш
ажыратқышын пайдаланыңыз.
Автоматты
сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану тоқ соғу қаупін
төмендетеді.
Адамдар қауіпсіздігі
Сақ болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл
бөліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз.
Шаршаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь
немесе дәрі әсері астында электр құралды
пайдаланбаңыз.
Электр құралды пайдалануда
секундтық абайсыздық қатты жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш
көзілдірікті киіңіз.
Электр құрал түріне немесе
пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан
сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ
сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию
жарақаттану қаупін төмендетеді.
Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр
құралын тоққа және/немесе аккумуляторға қосуда,
оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі
болуына көз жеткізіңіз.
Электр құралын көтеріп
тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе
құрылғыны қосулы күйде тоққа қосу, жазатайым
оқиғалға алып келуі мүмкін.
Электр құралын қосудан алдын реттейтін
аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз.
Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде
тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз.
Осылай сіз
күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ
бақылайсыз.
Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді
киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты
қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз.
Кең киім,
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге
тиюі мүмкін.
Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды
құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс
пайдалынуына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғышты
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз.
Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз.
Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз.
Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз.
Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз.
Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз.
Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Фрезерлік-кесу станогымен жұмыс кезіндегі
қауіпсіздік
Аралау
ҚАУІПТІ: қолдармен аралау аймағын және аралау
дискісіне тимеңіз. Екінші қолмен қосымша
тұтқаларды немесе қозғалтқыш корпусын ұстаңыз.
Араны екі қолмен ұстасаңыз, қолдарыңыз
жарақатталмайды.
Дайындама астына тимеңіз.
Өңделіп жатқан бөлшек
астындағы қорғағыш қақпақ аралау дискісінен
қорғамайды.
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз.
Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Аралап жатқан бөлшекті ешқашан қолда немесе аяқ
астында бекітпеңіз. Өңделетін бөлшекті тұрақты
негізге бекітіңіз.
Дененің тию, сыналану немесе
бақылауды жоғалту қаупін барынша азайту үшін
бөлшекті жақсы бекіту өте маңызды.
OBJ_BUCH-244-007.book Page 147 Wednesday, May 21, 2014 11:05 AM