134
| Қазақ
Ажарлау құралдарын орнату (A суретін қараңыз)
– Ажарлау құралын SDS бекіткішінің серіппелері
(13)
ажарлау шпинделінен
(1)
ары қарап тұратындай етіп
ұстаңыз.
– Ажарлау құралын ажарлау шпиделіне
(1)
шерту
дыбысымен тірелгенше бұрап кіргізіңіз.
– Ажарлау құралының бекітілгенін тарту арқылы
тексеріңіз.
Ажарлағыш төлкелерді орнату (B1 − B2 суретін
қараңыз)
– Бекіткіш білікті
(10)
SDS бекіткішінің серіппелері
(13)
ажарлау шпинделінен
(1)
ары қарап тұратындай етіп
ұстаңыз.
– Бекіткіш білікті
(10)
ажарлау шпиделіне
(1)
шерту
дыбысымен тірелгенше бұрап кіргізіңіз.
– Бекіткіш біліктің бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.
– Ажарлағыш төлкені
(11)
бекіткіш білік
(10)
арқылы
резеңке пластиналары толықтай жабылғанша бұраңыз.
Ажарлау құралын бөлшектеу (C1 − C2 суреттерін
қараңыз)
– Босату үшін SDS іске қосу түймесін
(14)
басып,
ажарлау құралын ажарлау шпинделінен
(1)
тартыңыз.
Шаңсорғыш қалпақ
Нұсқау:
сымды қылшақтармен жұмыс істеу кезінде
әрдайым шаңсорғыш қалпақты пайдаланыңыз.
Шаңсорғыш қалпақты орнату (D суретін қараңыз)
– Шаңсорғыш қалпақты
(2)
жеңіл қарсылықпен
манипулятордың
(15)
екі бекіткіш ойығына
(16)
тірелгенше енгізіңіз.
– Қысқыш бұранданы
(4)
тартыңыз.
Шаңсорғыш қалпақ енді манипуляторға берік бекітілген.
Шаңсорғыш қалпақты реттеу (E суретін қараңыз)
u
Шаңсорғыш қалпақты
(2)
шаң немесе ұшқын
пайдаланушыға бағытталмайтындай етіп реттеңіз.
Шаңсорғыш қалпақ
(2)
ажарлау шпинделінің үстін
әртүрлі бұрыштарда жабуы мүмкін. Ол үшін ойықтар
(17)
қолданылады.
– Шаңсорғыш қалпақты
(2)
орнатқаннан кейін
пайдалану әдісіне және дайындама пішініне сәйкес
бұраңыз.
Шаңсорғыш қалпақ үш күйде бекітіледі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сыртқы сорғыш (F суретін қараңыз)
– Сорғыш шлангіні
(18)
жарамды сору адаптерімен
(19)
(диаметрі 19 мм) бірге аспирациялық келте құбыр
(3)
арқылы енгізіңіз. Сорғыш шлангіні шаңсорғышқа
(керек-жарақ) жалғаңыз.
Осы нұсқаулықтың соңында әртүрлі шаңсорғыштарға
жалғау әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі тиіс.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
u
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
u
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз.
Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Іске қосу
u
Желі қуатына назар аударыңыз!
Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу/өшіру
– Электр құралын
іске қосу
үшін ажыратқышты
(6)
алға
жылжытыңыз.
– Ажыратқышты
(6)
бекіту
үшін ажыратқышты
(6)
алдыңғы жағынан тірелгенше басыңыз.
– Электр құралын
өшіру
үшін ажыратқышты
(6)
жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты
(6)
артқы жағынан қысқаша төмен қарай басыңыз да,
қайтадан жіберіңіз.
u
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз.
Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.
Ажарлау құралын таңдау
Ажарлау құралын өңделетін үстіңгі беттің пішініне және
ажарланатын материалға сәйкес таңдаңыз. Түйіршілікті
қажетті материал эрозиясына бейімдеңіз.
1 609 92A 66Y | (13.01.2021)
Bosch Power Tools
Summary of Contents for 4053423225051
Page 3: ... 3 1 Texoro 2 3 4 5 6 7 11 10 9 8 Bosch Power Tools 1 609 92A 66Y 13 01 2021 ...
Page 4: ...4 13 12 10 A B1 B2 1 12 1 10 11 1 609 92A 66Y 13 01 2021 Bosch Power Tools ...
Page 5: ... 5 19 mm 4 15 3 18 D F E 2 16 17 19 C1 C2 14 Bosch Power Tools 1 609 92A 66Y 13 01 2021 ...
Page 202: ...202 1 609 92A 66Y 13 01 2021 Bosch Power Tools ...