24 / KZ
ТОКҚА ЖАЛҒАУ
Құрылғыдан орнатудан бұрын, электр жүйесі су қыздырғыш тұтынатын максималды қуатқа
(деректер тақтасын қараңыз) сәйкес келетін ағымдағы қауіпсіздік стандарттарына сәйкес
келетінін және токқа жалғау кабельдерінің жуандығы тиісті екенін әрі жергілікті ережелерге
сәйкес келетінін тексеру арқылы міндетті түрде дәл бақылау жасау қажет.
Өндіруші жерге тұйықтамау немесе қуат көзінің әдеттен тыс параметрлері салдарынан туындаған зақымға
жауапты болмайды. Құрылғыны іске қосудан бұрын, қуат параметрлері сипаттамалар тақтасындағы
параметрлеріне сәйкес келетінін тексеріңіз. Бірнеше ағытпалы розеткаларды, ұзартқыштарды немесе
адаптерлерді қолдануға қатаң тыйым салынады.
Құрылғыны жерге тұйықтау үшін су, жылыту және газ жүйелерінің құбырларын қолдануға қатаң тыйым
салынады. Құрылғымен бірге қуат кабелі берілген болса, оны ауыстыру керек болған жағдайда,
сипаттары дәл сондай кабельді қолданыңыз (H05VV-F түрі 3x1,5 мм
2
, диаметрі 8,5 мм).
Қуат кабелін (H05VV-F 3x1,5 мм
2
диам. 8,5 мм) құрылғы артындағы қуыс арқылы өткізіліп, клемма
қорабына жалғануы тиіс (
7-сурет, M
). Сымдарды мықтап жалғау үшін клемма винттерін қатайтыңыз.
Қуат кабелін құрылғымен бірге берілген арнайы кабель қысқышымен бекітіңіз.
Құрылғының қуат көзін ажырату үшін қолданыстағы ұлттық заңдарға сәйкес келетін екі полюсті
ажыратқышты қолданыңыз (контакт аралығы кемінде 3 мм, сақтандырғыштармен жабдықталған
болғаны жөн).
Құрылғыны белгіленген клеммаларға жалғанған кабельмен (сары/жасыл және фаза кабелінен ұзын)
жерге тұйықтау қажет (
7-сурет, G
).
Құрылғыны іске қосудан бұрын, қуат параметрлері сипаттамалар тақтасындағы параметрлеріне сәйкес
келетінін тексеріңіз.
Құрылғымен бірге қуат кабелі берілмесе, мына орнату режимдерінің бірін таңдаңыз:
- ток көзіне қатты құбырмен жалғау (құрылғыда кабель қысқышы болмаса); жуандығы кемінде 3x1,5
мм
2
кабельді қолданыңыз;
- майысқақ кабельмен жалғау (H05VV-F түрі 3x1,5 мм
2
, диаметрі 8,5 мм), ол үшін құрылғы кабель
қысқышымен жабдықталған болуы тиіс.
Іске қосу және пайдалануға беру
Құрылғыны қоспас бұрын, қыздырғышты құбыр желісінен алынған суға толтырыңыз.
Ол үшін су желісінің кранын және ыстық су шүмегін қайнатқыштан ауа түгелдей шыққанша ашып қойыңыз.
Фланецтерден, айналып өту құбырынан су ақпайтынын тексеріп, болттарды (
5-сурет, C
) және/немесе, қажет
болса, сақиналарды (
5-сурет, W
) қатайтыңыз, бірақ тым қатты қатайтпаңыз.
Ажыратқышты іске қосу арқылы құрылғы қуатын қосыңыз.
Summary of Contents for VELIS LUX PW ABSE DRY WIFI 50
Page 53: ...53 IT 1 2 3 ...
Page 54: ...54 x W ...
Page 55: ...55 POWER HOT WATER LEVEL ECO Wi Fi POWER SHOWER READY 7 6 8b 8a 1 1 2 2 ...
Page 56: ...56 POWER HOT WATER LEVEL ECO Wi Fi Wi Fi 9 10 11 12 A G F D C H B ...
Page 59: ...59 ...