165
3.0 ОРНАТУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
3.1
ЖҰМЫСТЫ ЖОСПАРЛАУ:
Жұмысқа кірісуден бұрын құлаудан қорғау жүйесін пайдалануға қатысты жоспар құрыңыз. Құлаудан
бұрын, құлаған жағдайда және одан кейін қауіпсіздігіңізге әсерін тигізуі мүмкін барлық факторларды ескеріңіз. 1-бөлімде
берілген барлық талаптар мен шектеулерді ескеріңіз.
3.2
БЕКІТУ НҮКТЕСІ:
8-суретте амортизаторлы ілгіш бауды бекіту нүктесі көрсетілген. Еркін құлау аралығы және тербеліс
салдарынан құлау қаупі ең төмен болатын бекіту нүктесін таңдаңыз (1-бөлімді қараңыз). 1-бөлімде берілген статикалық
жүктемелерді көтере алатын берік бекіту нүктесін таңдаңыз. Бас жақтағы тұсқа бекіту ыңғайсыз болса, ілгіш бауларын
қолданушының Dorsal D тәрізді сақинасы деңгейінен төмен орналасқан бекіту нүктесіне бекітіңіз, бірақ жұмысшының аяғынан
төмен бекітпеңіз.
3.3
САҚТАНДЫРҒЫШ БЕЛДІК БЕКІТПЕСІ:
Амортизаторлы ілгіш бау денені толық сақтандыратын белдікпен бірге пайдаланылуы
тиіс. Биіктіктен құлаудан сақтайтын баудың тіркеме элементтері «A» әрпімен белгіленген. Биіктіктен құлаудан сақтайтын бауды
пайдаланар кезде, ілгіш баудың амортизаторы бар ұшын баудың артқы Dorsal тіркеме элементіне (D тәрізді сақина) (8-суретті
қараңыз) немесе төс жақтағы алдыңғы артқы тіркеме элементіне (D тәрізді сақина) іліңіз. Ілмекті өзге жағдайларда пайдалану
мен ұсынылған бекіту нүктелері туралы білу үшін сақтандырғыш белдікпен бірге берілген нұсқауларды қараңыз.
Кейбір ілгіш бау үлгілерінде сақтандырғыш белдіктің D тәрізді сақина бекітпесін немесе тоқыма бау бұғалығын (9-суретті
қараңыз) қысып буатын қысу бұғалығы болады. Ілгіш бауды сақтандырғыш белдіктің D тәрізді сақина бекітпесіне немесе
тоқыма бау бұғалығына буу үшін:
1. Ілгіш баудың тоқыма бау бұғалығын сақтандырғыш белдіктегі тоқыма бау бұғалығы немесе D тәрізді сақина арқылы
өткізіңіз.
2. Ілгіш баудың тиісті ұшын баудың бұғалығы арқылы өткізіңіз.
3. Ілгішті бауды бекіту үшін тоқыма бау бұғалығы арқылы тартыңыз.
3.4
АНКЕРЛІ БЕКІТПЕ:
8-суретте амортизаторлы ілгіш бауды әртүрлі бекіту нүктелеріне бекіту әдістері көрсетілген. Амортизаторлы
ілгіш баудың бекітілетін ұшында бекітуге болатын әртүрлі ілмектерге ілу, артқы ілмекке ілу және арқанды ілу нұсқалары бар:
•
Ілмектерді бекіту:
8A суретінде ілгіш баудың арматураға арналған ілмегімен арматураға жалғау әдісі көрсетілген. 8B
суретінде ілгіш баудың ілмек-карабині көмегімен қоставр қыса буатын ілу адаптеріне жалғау әдісі көрсетілген. Жалғағыш
элементтер үйлесімділігіне және дұрыс жалғау әдістеріне қатысты мәлімет алу үшін 2-бөлімді қараңыз.
•
Артқы ілмекті ілу:
8C суретінде артқы ілмегі бар ілгіш баумен бұрыш боп иілген темірді айнала ілінетін әдіс көрсетілген.
Артқы ілмегі бар ілгіш бауды бекіту құрылымына 10-суретте көрсетілгендей орағыта бекітіңіз:
1. Артқы ілмегі бар ілгіш баудың бір бөлігін бекіту құрылымына бау бұратылып қалмайтындай іліңіз. Еркін қозғалатын
D тәрізді сақинаны (A) бекіту құрылымынан төмен ілініп тұратындай реттеңіз. Ілгіш баудың ілмек-карабинін еркін
қозғалатын D тәрізді сақинаға бекітіңіз. Ілгіш баудың бекіту құрылымына мықты бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
2. Ілмек-карабиндегі бекіткіш қақпақтың (B) бекіту құрылымына тиюіне жол бермеңіз.
•
Арқанды ілу ілмегіне бекіту:
8C суретінде тікесінен тартылған тросқа жалғанған арқан ұстағыш элементі бар
амортизаторлы ілгіш бау көрсетілген. Арқан ұстағыш элементті орнату және пайдалануға қатысты мәлімет алу үшін
тікесінен тартылған троспен бірге берілген нұсқауларды қараңыз.
;
Өздігінен жиналмалы құрылғылар:
Амортизаторлы ілгіш бауды немесе амортизаторды өздігінен жиналмалы
құрылғыға (ӨЖҚ) жалғамаңыз. ӨЖҚ-ға жалғау рұқсат етілуі мүмкін арнайы жағдайлар бар. 3M құлаудан қорғау бөліміне
хабарласыңыз.
3.5
ІЛГІШ БАУДЫ РЕТТЕУ:
Кейбір ілгіш бау үлгілері баудың бөлігін қысқарту немесе ұзартуға және баудың бостығын жоюға
арналған реттегішпен жабдықталған. Ілгіш бауды тартылған күйде ұстау бауға сүріну немесе баудың төңіректегі заттарға ілініп
қалу мүмкіндігін азайтады.
•
Бекіткішті реттегіш (11-сурет):
Бау бөлігінің ұзындығын реттеу үшін:
1. Бұғалық фиксаторын (A) бекіткіш реттегіштен (B) алысырақ сырғытыңыз.
2. Бау бөлігін қысқарту немесе ұзарту үшін бекіткіш реттегішін тоқыма баудың бойымен жоғары немесе төмен
жылжытыңыз.
3. Тоқыма бау мен бекіткіш реттегішін бекіту үшін бұғалық фиксаторын кейін қарай сырғытыңыз.
4.0 ПАЙДАЛАНУ
;
Амортизаторлы ілгіш бауларды (ілгіш бауларды) алғашқы рет немесе сирек пайдаланатын қолданушылар ілгіш
бауды пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықтың басындағы «Қауіпсіздік мәліметімен» танысуы керек.
4.1
ЖҰМЫСШЫ ТАРАПЫНАН ӨТКІЗІЛЕТІН ТЕКСЕРІС:
Әр пайдаланудан бұрын амортизаторлы ілгіш бауды те
ксеру және күтім
жасау кітапшасы (2-кесте)
бөліміндегі тексеру тізіміне сай тексеріңіз. Егер тексеріс қауіпсіз жағдайдың бар екенін немесе ілгіш
баудың зақымданғанын немесе құлау кезінде пайдаланылғанын анықтаса, ілгіш бауды пайдалануды доғарып, жойып жіберіңіз.
4.2
ҚҰЛАҒАННАН КЕЙІН:
Құлау кезінде ұстап қалу күштері әсер еткен немесе о
рнату және күтім жасау кітапшасы (2-кесте)
сипатталғандай құлаудан қорғау күштерінің әсіріне сай келетін зақымдану белгілері бар кез келген ілгіш бауды пайдалануды
дереу доғарып, жойып жіберу қажет.
4.3
ПАЙДАЛАНУ:
8-суретте амортизаторлы ілгіш баудың әдеттегі қолданыс кезіндегі жүйелік бекітпелер көрсетілген. Әрдайым
ілгіш баудың амортизаторы бар ұшын алдымен денені толығымен сақтандырғыш белдікке, содан кейін ғана төменгі жақ
ұшын ыңғайлы бекіту нүктесіне жалғаңыз. Құлау қаупіне жақын жерлерде ілгіш баудың бос бөлігін бекіту нүктесіне барынша
жақындап жұмыс жасау арқылы әрдайым азайтып отырыңыз. Сақтандырғыш белдік пен бекіту нүктесіне жалғауға қатысты
мәлімет алу үшін 3-бөлімді қараңыз.
Summary of Contents for PROTECTA AE521
Page 12: ...12 5 2 m 6 56 ft MAX 6 7 A B C 8 A B C D 9 1 2 3...
Page 13: ...13 10 1 A 2 B 11 B A 1 3 2 12 A B C D...
Page 14: ...14 13 14 A B C 15 B A B B B C 16 17 18 A B C D D C B A C C B A D E...
Page 15: ...15 19 A A A A 1 3 4 9 12 2 5 6 7 8 10 11 13 1 3 4 9 12 10 11 2 5 6 7 8 14...
Page 33: ...33 2 15 Rebar 16 D 17 18 A B C D E 19...
Page 61: ...5908270 A 61 3 3 3M ANSI Z359 3 3 Top Drive Arc Flash Hot Works 3 3 EL...
Page 68: ...68 6 1 40 C 104 F 6 2 6 3 7 0 19 19 1 2 3 4 5 6 7 CE 8 9 10 11 12 Web 13 14...
Page 69: ...69 2 15 C 16 C D 17 18 C D 19...
Page 106: ...A 5908270 106 3M 3M 3M Fall Protection ANSI Z359 3M 3M 3M HE...
Page 113: ...113 6 0 6 1 104 F 40 C 6 2 6 3 7 0 19 19 1 2 3 4 5 6 7 CE 8 9 10 11 12 13 14...
Page 114: ...114 2 15 B A C 16 C B A D 17 18 C B A E D 19...
Page 151: ...5908270 A 151 3M 3M 3M ANSI Z359 3M 3M 3M KA...
Page 158: ...158 10 10 6 0 6 1 40 C 104 F 6 2 6 3 7 0 19 19 1 2 3 4 5 6 7 CE 8 9 10 11 12 13 14...
Page 159: ...159 1 15 A B C 16 A B C D 17 18 A B r C D E 19...
Page 160: ...5908270 A 160 3M 3M 3M Fall Protection ANSI Z359 3M 3M 3M 3M KK...
Page 167: ...167 6 0 6 1 40 C 104 F 6 2 6 3 7 0 19 19 1 2 3 4 5 6 7 CE 8 9 10 11 12 13 14...
Page 168: ...168 2 15 A B C 16 A B C D 17 18 A B C D E 19...
Page 241: ...5908270 A 241 3 3 3M Fall Protection ANSI Z359 3 3M 3 3 RU...
Page 245: ...245 2 0 2 1 2 2 1 2 2 2 3 2 4 3M 3M 2 5 3M D 22 5000 6 C 2 6 3 7 A D B D 16 3600 C D E F G 1 2...
Page 248: ...248 6 0 6 1 40 C 104 F 6 2 6 3 7 0 19 19 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14...
Page 249: ...249 2 15 A B C 16 B D 17 18 A D 19...
Page 295: ...FORM NO 5908270 REV A 295 3M 3M 3M Fall Protection ANSI Z359 3M 3M 3M 3M UK...
Page 302: ...302 6 0 6 1 40 C 104 F 6 2 6 3 7 0 19 19 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14...
Page 303: ...303 2 15 B 16 B D 17 18 B D E 19...
Page 314: ...314 G L O B A L P R O D U C T W A R R A N T Y UK UA 3M 3M 3M 3M 3M 3M 3M 3...