![Vitek Winx Club WX 4001 MS Скачать руководство пользователя страница 30](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/winx-club-wx-4001-ms/winx-club-wx-4001-ms_manual-instruction_1036292030.webp)
ҚАЗАҚ
30
Қызмет көрсету орталықтарының білікті
мамандары ғана сервистік қызмет көрсетуді
жүзеге асыруы керек.
Құрылғыны желдетісі жеткілікті жерлерде
орналастырыңыз. Желдететін саңылауларды
бүркеп жаппаңыз.
Құрылғыны жылу көздерінің, мысалы,
радиаторлардың, электр жылытқыштардың,
тандырлардың жəне жылу көзі болып
табылатын басқа құрылғылардың (оның ішінде
зорайтқыштардың) қасында, сонымен қатар
тікелей күн сəулелерінің əсеріне, шамадан тыс
шаңдануға немесе механикалық соққыларға
ұшырайтын жерлерде орналастырмаңыз.
Құрылғыға майшам сияқты, ашық от көздерін
қоймаңыз.
Егер қосылған аспаптың қасында балалар
немесе мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар
болса аса назар болыңыз, оларды қараусыз
қалдырмаңыз.
Құрылғы қорабындағы саңылаулар арқылы
қандай да бір бөтен заттардың түсуіне жол
бермеңіз, бұл құрылғының өртенуіне жəне
электр тоғымен зақымдануға əкелуі мүмкін.
Егер солай болған жағдайда, құрылғыны
желіден ажыратыңыз жəне келешекте оны
пайдалану үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Тыңдағыштар арқылы деңгейі жоғары дыбысты
жаңғыртпаңыз. Дəрігерлер тыңдағыштар
арқылы ұзақ үздіксіз тыңдауды ұсынбайды.
Жөндеуді қажет ететін бұзылулар
Төменде сипатталған жағдайларда құрылғыны
розеткадан ажырату жəне құрылғыны жөндеу
үшін білікті қызмет көрсетушілерге хабарласу
қажет:
•
Желілік баудың немесе айыр тетіктің
бұзылуы
•
Құрылғыға бөтен заттар түсуі.
•
Құрылғының жаңбырдың астына түсуі
немесе оған су төгілуі.
•
Құрылғы дұрыс істемейді.
•
Құрылғы құлауы немесе қандай да бір
басқа жолмен бұзылуы.
•
Құрылғы жұмысында айқын өзгерістер
байқалуы.
Құрылғының күтімі
Тазарту алдында құрылғыны розеткадан
ажыратыңыз. Құрылғыны тазалау үшін
жұмсақ дымқыл шүберекті пайдаланыңыз.
Бұл мақсаттарға сұйық немесе аэрозолды
тазартқыш заттарды пайдалануға тыйым
салынады.
Дискілер күтімі
Шытынаған немесе деформацияланған
дискілерді пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
бұзылуына əкелуі мүмкін.
Дискілерді тек шеттерінен ұстаңыз. Дискінің
жұмыс бетіндегі шаң, сызат немесе саусақ
іздері оның істен шығуына əкелуі мүмкін.
Дискілерді тікелей күн сəулелерінің, жылу
көздерінің, жоғары температура мен
ылғалдылықтың əсеріне ұшыратпаңыз.
Пайдаланғаннан кейін дискіні сауытқа салып
сақтаңыз. Дискінің жұмыс бетін жұмсақ
шүберекпен ортасынан шетіне қарай тұрақты
сүртіп тұрыңыз.
Жұмысты бастау алдында
Магнитоланы ораудан шығарыңыз.
Пайдалануды бастау алдында CLOSE/OPEN
батырмасын басыңыз жəне қорғайтын
қыстырманы шығарыңыз.
Магнитоланың жұмысына кедергі болатын,
құрылғының жоғарғы жəне беткі жағындағы
барлық жарнамалық жапсырмаларды
жойыңыз.
АСПАП СИПАТТАМАСЫ
1. VOLUME
дыбыс деңгейін реттеу тұтқасы
2. Сыртқы құрылғыны қосуға арналған AUX
IN енуі
3. Тыңдағыштарды қосуға арналған ұя
4. FUNCTION
(MP3(AUX)/TAPE(OFF)/
RADIO) құрылғы жұмысы режимдерінің
ауыстырғышы
5. Таспалықлық деканы басқару
батырмалары (PAUSE /STOP-EJECT /
FWD / REW /PLAY /RECORD)
6. OPEN/CLOSE дискілерге арналған бөлікті
ашу ойығы
7. BAND
(FM ST. /FM/AM) ауқымдар
ауыстырғышы
8. USB-ену
9. FM
–антенна
10. TUNING
радиостанцияларды баптау
тұтқасы
11. батареялық бөлік қақпағы
12. электр желісіне қосылуға арналған ұя
13. PLAY/PAUSE/USB
жаңғырту/тоқтата тұру
жəне USB режиміне көшу батырмасы
14. STOP
■ жаңғыртуды тоқтату батымасы
15. FM ST стереорежим көрсеткіші
4001Instruk_ital.indd 30
4001Instruk_ital.indd 30
22.08.2011 12:00:52
22.08.2011 12:00:52