14
ҚАЗАҚША
ЭЛЕКТРҚЫСҚАШТАР VT-8409
Электрқысқыштар құрғақ және ылғалды шаштарды
бұйралау үшін пайдаланылады.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Ұштама
2.
Жұмыс беті
3.
Тұғыр
4.
Шашқа арналған қысу тұтқасы
5.
Жарықтық көрсеткіш
6.
Қоректендіру сөндіргіші
7.
Қолсабы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
–
Электрқысқашты суы бар ыдыстың (ванна, хауыз
және т.с.с.) жанында пайдалануға тыйым салынады.
–
Құрылғыны жуынатын бɵлмеде пайдаланғаннан кейін
оны бірден электр желісінен ажыратып қойыңыз,
ол үшін желілік баусым айыртетігін электрлік
ашалықтан ажырату керек, ɵйткені судың жақын
тұруы құрылғы сɵндіргіш арқылы сɵндірулі болған
жағдайда да қауіпті болып саналады.
–
Қосымша қорғаныс үшін жуыну бɵлмесіндегі
қоректендіру тізбегіне қорғаныс ажыратылу
құрылғысын (ҚАҚ) 30 мА-ден аспайтын номиналды
іске қосылу тоғымен орнатқан дұрыс; орнатқан кезде
маманға хабарласқан жɵн.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электраспабын пайдалану алдында аталмыш нұсқаулықты
мұқият оқып шығып, оны анықтамалық материал ретінде
қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей
мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны дұрыс
пайдаланбау жағдайы оның бұзылуына, пайдаланушыға
немесе оның мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
•
Іске қосу алдында, аспаптың жұмыс істеу кернеуі
желідегі кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Су шашты немесе синтетикалық париктерді бұйралау
үшін құрылғыны пайдаланбаңыз.
•
Шашқа арналған лакты шашты бұйралағаннан кейін
ғана жағыңыз.
•
Сепкіштер себілетін немесе тез тұтанатын сұйықтықтар
пайдаланатын жерлерде құрылғыны іске қоспаңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрған уақытта жұмсақ заттарға
(төсекке немесе диванға) қоймаңыз, оны бүркемеңіз.
IM VT-8409.indd 14
4/28/18 2:36 PM