
13
ҚазаҚша
ВЕРТИКАЛЬ ШАҢСОРҒЫШ VT-8118
Шаңсорғыш үй-жайды жинауға арналған,
шаңсорғышты вертикаль тұрақтандыру оның
қосымша жинаусыз шағын сақталу мүмкіндігін
қарастырады.
СИПАТТАМАСЫ
1.
Электрлік қылшақтың көмескі жарығы
2.
Электрлік қылшақ
3.
Шаңжинағыш-контейнер
4.
Шаңсорғыш
5.
Жиналмалы қолсап
6.
Іске қосу/өшіру түймесі
7.
Қуаттылықты көбейту түймесі «+»
8.
Қуаттылықты азайту түймесі «-»
9.
Электрлік қылшақты қосу түймесі
10.
Қолсапты бекіту тетігі
11.
Шаңсорғыштың қолсабы
12.
Шаңсорғышты бекіту түймесі
13.
Іске қосу/өшіру түймесі
14.
Шаңжинағыш-контейнерді бекіту түймесі
15.
Зарядтау/жұмыс істеу индикаторы
16.
НЕРА-сүзгіш
17.
Алдын-ала сүзгіш
18.
Шаңжинағыш-контейнердің құтысы
19.
Электрлік қылшақтың бекіткіш түймесі
20.
Шаңсорғышты тұрақтандыру орны бар
вертикаль баған
21.
Желілік адаптерді қосуға арналған ұяшық
22.
Еденүстіліу қойғыш
23.
Арнаулы қондырма
24.
Жиһаз қондырмасы
25.
Вертикаль бағанның бекіткіші
26.
Желілік адаптер
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құралды қолдану алдында осы пайдалануға
беру жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз және оны пайдалану мерзімі бойы
сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдаланбау
оның сынуына әкелуі, пайдаланушыға немесе
оның мүлігіне зиян келтіруі мүмкін.
Өрттің туындау тәуекелін төмендету үшін,
электр тогына ұшыраудан қорғау үшін және
жарақаттар алудан сақтандыру үшін төменде
берілген ұсыныстарды сақтаңыз.
•
Осы құралды тек пайдалануға беру жөніндегі
нұсқаулыққа сәйкес қолданыңыз.
•
Жеткізілім жинағына кіретін аксессуарларды
ғана пайдаланыңыз.
•
Шаңсорғыштың
аккумуляторлық
батареясын бірінші рет қуаттандыру
алдында электрлік желідегі кернеудің
желілік адаптердің жұмыс кернеуіне сәйкес
келетіндігіне көз жеткізіңіз.
•
Шаңсорғышты жоғары ылғалдықты және
температурадағы орындарда қуаттандыруға
болмайды. Шаңсорғыштың аккумуляторын
қуаттандыруды +5°C бастап +35°C дейінгі
температурада және 80% аспайтын
салыстырмалы ылғалдылықта жүргізу керек.
•
Егер желілік адаптер розеткаға қосулы болса,
онда оны қараусыз қалдыруға болмайды.
•
Желілік адаптердің корпусына дымқыл
қолмен тиюге болмайды.
•
Шаңсорғыш
жұмыс
істеген
кезде
шаңсорғыштың кірістік және шығыстық
саңылауларын қандай да бір заттармен
жабуға тыйым салынады.
•
Егер шаңсорғыштың ауа сіңіру саңылауына
басқа заттармен тосқауыл қойылса, құралды
қосуға тыйым салынады.
•
Шаштың, сонымен қатар еркін салбыраған
киім бөліктерінің, саусақтардың немесе
басқа дене мүшелерінің шаңсорғыштың ауа
сіңіру саңылауы жанында орналаспауын
қадағалаңыз.
•
Баспалдақ алаңдарын жинау кезінде
айрықша сақ болыңыз.
•
Шаңсорғышты бензин, еріткіштер сияқты
жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды жинау үшін
қолдануға тыйым салынады. Шаңсорғышты
осындай сұйықтықтар сақталатын жерде
қолдануға тыйым салынады.
•
Шаңсорғыш көмегімен жанып тұрған
немесе түтіндеген темекілерді, сіріңкелерді,
бықсыған күлді, сонымен қатар жұқа
дисперсиялық шаңды – мысалы, әрлеме,
бетон шаңдарын, ұнды немесе ысты
жинауға тыйым салынады.
•
Шаңсорғышты келесілер:
–
шаңжинағыш-контейнер орнатылмаса;
–
НЕРА-сүзгіш орнатылмылмаған болса,
онда пайдалануға тыйым салынады.
•
Шаңсорғышты, желілік адаптерді және
аккумуляторлық батареяны суға немесе
кез-келген басқа сұйықтықтарға салуға
болмайды.
•
Егер жұмыс істеп тұрған құралдың маңында
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі
адамдар болса, ерекше сақ болыңыз.
•
Осы құрал балалардың қолдануына
арналмаған.
•
Жұмыс істеу уақытында және жұмыс
циклдері арасындағы үзілістерде құралды
балалардың қолы жетпейтін жерде қойыңыз.
IM VT-8118.indd 13
02.04.2018 16:59:17
Содержание VT-8118
Страница 2: ...IM VT 8118 indd 2 02 04 2018 16 59 15 ...
Страница 3: ...IM VT 8118 indd 3 02 04 2018 16 59 15 ...