25
ҚазаҚша
ТАҒАМДАРДЫ
ДАЙЫНДАУҒА
АРНАЛҒАН
ТОСТАҒАНДЫ (3) ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
• Мультипісіргішті және оның шешілмелі тостағанын
(3) қатаң міндеті бойынша ғана пайдаланыңыз.
Тостағанды (3) басқа қыздырғыш аспаптармен
немесе беттермен пайдалануға тыйым салынады.
• Тостағанды (3) басқа ыдыспен алмастырмаңыз.
• Қыздырғыштың элементтің беті (4) және тостаған
(3) түбі таза және құрғақ болуын қадағалаңыз.
• Тостағанды (3) тағамдарды араластыруға
арналған ыдыс ретінде пайдаланбаңыз. Күюге
қарсы қабаттың бүлінуіне жол бермеу үшін
ешқашан тағамдарды тікелей тостағанның (3)
ішінде ұсақтамаңыз.
• Тостағанның (3) ішінде қандай да бір заттарды
бөтен қалдырмаңыз.
• Тостағанадағы (3) тағамдарды тек ожаумен
(20) немесе күрекшемен (21) араластырыңыз,
сондай-ақ ағаш, пластик немесе силиконды асүй
аксессуарларын қолдануға жол беріледі.
• Тостағанның (3) күюге қарсы қабатын бүлдіре
алатын металл заттарды пайдаланбаңыз.
• Тостағанның (3) ішкі жағынан ұрмаңыз.
• Дәмдеуіштері бар тағамдарды пісіріп болғаннан
кейін тостағанды (3) дереу жуу керек («Тазалау
және күтімі» тарауын қар.).
• Тағамдарды пісіріп болғаннан кейін, күюге қарсы
қабаттың бүлінуіне жол бермеу үшін, тостағанды
(3) бірден суық судың астына салмаңыз, оған әуелі
салықндауға уақыт беріңіз.
• Тостаған (3) ыдыс жуатын машинада жууға
арналмаған.
АЛҒАШ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температурада тасымалдау
немесе сақтаудан кейін оны қоспаңыз,
құрылғыны бөлме температурасына дейін
жылытып қойыңыз.
• Құрылғыны
орамасынан
шығарыңыз,
мультипісіргіштің қалыпты жұмысына бөгет
болатын барлық орамалық материалдар мен
жапсырмаларды алып тастаңыз.
• Мультипісіргішті тегіс жылуға төзімді бетке,
барлық жылу көздерінен алыста (газ плитасы,
электр плитасы немесе пісіру панелі сияқты)
онатыңыз.
• Құрылғыны қабырғадан корпусқа дейін кем
дегенде 20 см қалатындай, ал оның үстіндегі бос
кеңістік кем дегенде 30-40 см құрайтындай етіп
орнатыңыз.
• Құрылғыны шығып жатқан будың жоғары
температурасынан бүліне алатын заттардың
тікелей қасында орналастырмаңыз.
Назар аудараңыз! Құрылғыны бұлау, шұңғылша
немесе өзге де су толтырылған ыдыстарға
жақын орналастырмаңыз.
1.
Қақпақты құрсаулау тұтқасын (16)
күйіне
орнатыңыз.
2.
Мультипісіргіш қақпағын (10) батырмаға (2) басып
ашыңыз.
3.
Бекіткішті (8) босатып, қорғаушы экранды (9)
шешіп алыңыз.
4.
Бу клапанын (17) шешіп алып, оның төменгі жағын
сағат тіліне қарсы бағытта бұрап айналдырыңыз.
5.
Конденсатты жинауға арналған ыдысты (13)
шығарып алыңыз.
6.
Барлық алынбалы бөлшектерді (бу клапанының
бөлшектерін (17), қорғаушы экранды (9), тостақты
(3), буда әзірлейтін науаны (18), ожауды (20),
қалақшаны (21), өлшеуіш стақанды (19) йогурт
стақандары мен қақпақтарын (23)) жұмсақ
губкамен бейтарап жуғыш заттарды қоса отырып
жуыңыз, ағын судың астында шайып, кептіріңіз.
7.
Йогуртты әзірлемес бұрын, йогуртқа арналған
стақандар мен қақпақтарды (23) қайнап тұрған
суға малып дезинфекциялаңыз.
8.
Құрылғы корпусын дымқыл матамен сүртіңіз.
Құрылғыға құрғауға уақыт беріңіз.
9.
Төменгі бөлігіндегі шығыңқыларды жоғарғы
жағындағы ойықтармен сәйкестендіріп, құлақша
бөліктерін қосыңыз және жоғарғы бөлігін сағат тілі
бойынша бекітілгенге дейін бұраңыз.
10.
Қорғаушы экранды орнатып (9), оны бекіткіштің
(8) көмегімен бекітіңіз, оны сағат тілінің бойымен
бұраңыз.
11.
Конденсатты жинауға арналған ыдысты (13) және
бу клапанын (17) орнына салыңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Басқару тақтасы
• Басқару тақтасының батырмаларының әр басылуы
дыбыстық сигналмен сүймелденеді.
«МУЛЬТИПІСІРГІШ» тәртібі
Назар аудараңыз!
•
Ешқашан жұмыс істеп тұрған құрылғыны
қараусыз қалдырмаңыз.
•
Күйіктерде жол бермеу үшін қақпақты
(10) ашқанда сақ болыңыз, бу шығатын
саңылаулардың үстінен жұмыс уақытында
төнбеңіз, дененің ашық бөліктерін (3)
тостағанның үстінен ұстамаңыз!
•
Мультипісіргішті алғашқы пайдаланған кезде
қыздырғыш элементтен бөтен иіс пайда
болуы мүмкін, бұл қалыпты құбылыс.
• Тостағанның (3) күюге қарсы жабынын жырып кетуі
мүмкін металл заттарды қолданбаңыз.
1.
Қақпақты құрсаулау тұтқасын (16)
күйіне
орнатыңыз.
2.
Мультипісіргіш қақапағын (10) пернені (2) басып
ашыңыз. Тостақты (3) мульти ас әзірлегіштің
жұмыс камерасынан шығарып алыңыз.
VT-4208.indd 25
24.12.2013 9:41:26