23
ҚазаҚша
бөлме температурасында екі сағаттан кем емес
ұстау қажет.
–
Құрылғыны қаптамадан шығарыңыз және құрылғының
жұмыс жасауы үшін кедергі келтіретін, кез-келген
жапсырмаларды алып тастаңыз.
–
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінген жерлері
болған кезде құрылғыны пайдаланбаңыз.
–
Құрылғыны қосар алдында электрлік желі кернеуінің
құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес келетіндігіне
көз жеткізіңіз.
ПАЙДАЛАНУ
Сәндеу алдында шашты сусабынмен жуып, фенмен
кептіріңіз және тараңыз.
Ескерту:
• Жұмыс пластиналары жеңіл еритін немесе жеңіл
тұтанатын заттармен түйісуін болдырмаңыз.
Құрылғыны тек тегіс жылуға төзімді бетке
қойыңыз.
• Алғаш пайдаланғанда жұмыс пластиналарынан
бөгде иіс білінуі немесе аз мөлшерде түтін шығуы
ықтимал, оған жол беріледі.
• Температураны белгілегенде, тілімдердің жылдам
қызатынын, ал олардың салқындауы анағұрлым көп
уақытты қажет ететінін есте сақтаңыз.
• Назар аударыңыз! Корпустың сыртқы беті
қатты қызады, сондықтан аспап корпусының
бетін тек қолсап (2) аймағында ұстауға болады.
• Құрылғының ыстық беттері бетке, мойынға және
басқа да дене мүшелеріне тиюін болдырмаңыз.
• Шашты сәндегеннен кейін бірден тарамаңыз,
оларды суытыңыз. Сәндеу табиғи көріну үшін
шашты абайлап саусақпен бөліңіз.
–
Қорғаныс қақпақты (6) шешіңіз.
–
Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
–
(4) түймесін
басып құрылғыны қосыңыз.
–
«+/-» түймелерімен (3) жұмыс пластиналарының
(1) қызу температурасын белгілеңіз, индикатор (5)
жыпылықтайды. Пластиналардың қыздырылуы
олардың сууынан да жылдам болатындығын есте
сақтаңыз.
VT-2312_IM_70x130.indd 23
28.07.2014 11:35:02