25
ҚАЗАҚША
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ПАЙДА
ЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН
ЖҰМЫС ҮЙЖАЙЛАРЫНДА АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУҒА
ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
БІРІНШІ РЕТ ҚОСУ АЛДЫНДА
Құрылғыны төмен температура жағдайында
тасымалдаған немесе сақтаған кезде, оны бөлме
температурасында үш сағаттан кем емес уақыт
бойы ұстау қажет.
–
Құрылғының жұмысына кедергі келтіретін қаптама
материалдары мен кез-келген жарнамалық
жапсырмаларды алып тастаңыз.
–
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінген жерлері
болған кезде құрылғыны пайдаланбаңыз.
–
Қосу алдында аспаптың жұмыс кернеуі электр
желісінің кернеуіне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Жүздері (1)
–
Жүздері (1) шығыс материалдары болып табылады,
және оларға кепілдік қолданылмайды.
–
Жүздердің кесетін жиектерінің жай-күйін тұтынушы
өздігінен бақылауға міндетті, өйткені жүздердің
кесетін жиектерін қайрау (ажарлау) кепілдік
міндеттемелерге кірмейді.
–
Егер жүздері (1) тазалау немесе алмастыру
үшін шешілген болса, оларды орнына қайтадан
орнатыңыз,
теңдестіріңіз
және
бекітетін
бұрандаларды тартыңыз (сур. 1).
Жүздің қозғалысын реттеуші (2) (сур. 2)
–
Қондырмаларсыз (5, 6, 7, 8) қырқу кезінде сіз жүзін
қозғалту арқылы, қиылатын шаштың ұзындығын
реттей аласыз.
–
Реттегіштің (2) жоғарғы күйінде қырқылған шаш ең
қысқа болып шығады.
–
Реттегіш (2) төменгі күйде орналасқанда қиылатын
шаштың ұзындығы, қондырманы (5) 3 мм
пайдаланған кездегімен бірдей болады.
–
Шаш қырқу кезінде реттегіш (2) күйін өзгерте
отырып, қиылатын шаштың қажетті ұзындығын
таңдауға болады.
–
Егер шашты қию кезінде жүздердің (1) арасында
шаш қысылып қалса, шашты босату үшін