23
ҚазаҚша
–
Үтіктің қызуы, оның сууына қарағанда
тез.
Сондықтан
алдымен,
төменгі
температурадағы киімдерді үтіктеп алған
жөн (мысалы, синтетикалық маталар).
–
Одан кейін жоғарырақ температурада
үтіктеуге кірісіңіз (жібек немесе жүн
маталар). Мақта мен зығыр бұйымдарын
соңғы кезекте үтіктеген жөн.
–
Егер матаның құрамына аралас талшықтар
енсе, онда ең төмен температураны белгілеу
қажет (мысалы, егер бұйым мақта мен
эластаннан құралса, онда оны эластанға
сәйкес температурада үтіктеу қажет «•»).
–
Егер сіз матаның құрамын анықтай
алмасаңыз, онда киімнің киген кезде көзге
түсе қоймайтын жерін тауып алыңыз да,
тәжірибелік жолмен үтіктеу температруасын
таңдаңыз (үнемі ең төменгі температурадан
бастаңыз да, қалаған нәтижеге қол
жеткізбейінше оны көбейте беріңіз.)
–
Вельветті және басқа да тез түгі түсетін
маталарды қатаң түрде бір бағытта ғана
(түктің ығына қарай) сәл батыңқырап үтіктеу
керек.
–
Синтетикалық және жібек маталарда түгі
түскен дақтардың пайда болуын болдырмас
үшін оларды астары жағынан үтіктеген жөн.
ҚҰРҒАҚТАЙ ҮТІКТЕУ
–
Үтікті түбіне (8) қойыңыз.
–
Желілік
шнурдың
ашасын
электр
розеткасына сұғыңыз.
–
Бу жіберу реттегішін (3) «
» күйіне
орнатыңыз (бу жіберу сөндірулі).
–
Реттегішті (11) бұрып, мата түріне
байланысты
үтіктеу
температурасын
белгілеңіз: «•», «••», «•••» немесе
«MAX»,
осы кезде көрсеткіш (9) жанады.
–
Табанның (14) температурасы белгіленген
температураға дейін қызған кезде көрсеткіш
(9) сөніп қалады, осыдан кейін үтіктеуге
кірісе беруге болады.
–
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін
температура реттегішін (11) «
MIN
» күйіне
орнатыңыз. Желілік шнурдың ашасын
электр розеткасынан суырыңыз да, оның
толық сууын күтіңіз.
БУМЕН ҮТІКТЕУ
Бумен үтіктеу тек температура реттегіші (11)
«••», «•••» немесе «
MAX
» күйіне орнатылған
кезде ғана мүмкін болады.
–
Үтікті түбіне (8) қойыңыз.
–
Желілік
шнурдың
ашасын
электр
розеткасына сұғыңыз.
–
Резервуардағы (10) судың жеткілікті екеніне
көз жеткізіп алыңыз.
–
Реттегішті (11) бұрап, қажетті үтіктеу
температурасын белгілеңіз, сол кезде
көрсеткіш (9) жанады.
–
Табанның (14) температурасы белгіленген
температураға дейін қызған кезде көрсеткіш
(9) сөніп қалады, осыдан кейін үтіктеуге
кірісе беруге болады.
–
Тұрақты бу беру реттегішімен (3) қажетті бу
түзу қарқындылығын орнатыңыз.
–
Тұрақты бу жіберу режимінде табанның
саңылауларынан (14) шыққан бу үтіктің
тек көлденең күйінде тұрған кезде
ғана шығады. Бу беруді тоқтату үшін
үтікті тік күйге орнатыңыз немесе (3)
«
» күйіне ауыстырыңыз (бу жіберу
сөндірулі).
–
Үтікті пайдаланып болғаннан кейін
температура реттегішін (11) «
MIN
» күйіне,
ал тұрақты бу беру реттегішін (3) «
» (бу
беру сөндірілген) күйіне орнатыңыз.
–
Желілік
шнурдың
ашасын
электр
розеткасынан суырыңыз да, оның толық
сууын күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер жұмыс істеу уақытында тұрақты бу
беру болмаса, бу беру реттегіші (3) күйінің
дұрыстығын және резервуарда (10) судың
болуын тексеріңіз.
СУ ШАШЫРАТҚЫШ
–
Сіз шашыратқыш пернесін (5) бірнеше рет
басып матаны дымқылдай аласыз.
–
Резервуарда (10) судың жеткілікті екендігіне
көз жеткізіңіз (ол кем дегенде бірден төрт
бөлігіне толуы тиіс).
ҚОСЫМША БУ ЖІБЕРУ
Қосымша бу жіберу функциясы жиырылған
жерлерді жазу кезінде пайдалы және
жоғары температуралы үтіктеу күйінде ғана
пайдаланыла алады (температуры реттегіш
(11) «•••» немесе
«MAX»
күйінде).
Қосымша бу беру батырмасын (4) басқан кезде
табанының (14) саңылауларынан бу қарқынды
шыға бастайды.
Ескерту:
Судың бу саңылауларынан ағуын
болдырмау үшін қосымша бу беру батырмасын
(4) 4-5 секунд аралығымен басыңыз.
VT-1237.indd 23
12.02.2015 10:46:46