![Vitek Airo2 VT-2173 Скачать руководство пользователя страница 18](http://html1.mh-extra.com/html/vitek/airo2-vt-2173/airo2-vt-2173_manual-instruction_1035735018.webp)
18
ҚАЗАҚ
желдеткіштің торына бөтен заттарды
қоюға тыйым салынады.
• Аспап жұмыс істеп тұрған кезде оның
бетін жабуға тыйым салынады.
Аспапты жайлардан тыс жерде
пайдалануға тыйым салынады.
• Аспапты ванна бөлмелерінде
немесе ылғалдығы жоғары жайда
пайдаланбаңыз .
• Аспапты ваннаға немесе су
толтырылған басқа ыдысқа құлап кетуі
мүмкін жерлерге орналастыруға тыйым
салынады.
• Резервуардағы су деңгейі ең төменгі
белгіден төмен жəне ең жоғарғы
белгіден асып кетпеуін қадағалаңыз.
Су деңгейі төменгі белгіден төмендеп
кеткен кезде, сорғының жұмыс істемей
тұрғанын білдіретін дыбыс сигналын
естисіз.
• Судың құрылғы панеліне тиюін
болдырмаңыз.
• Егер құрылғының корпусына су
тисе, оны ұстамас бұрын, электр
тоғының соғуын болдырмас үшін
желі шнурының ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде
судың төгілуін болдырмас үшін оны
еңкейтпеңіз.
• Құрылғыны электрлік желі шнурынан
жылжытуға тыйым салынады.
• Аспапты тазалау алдында немесе
оның резервуарына су толтырмас
бұрын, оны үнемі желіден ажыратып
алыңыз.
• Желі шнурының ашасын су қолмен
ұстамаңыз.
• Желі шнурын құрылғы корпусына
айналдыра орауға тыйым салынады.
Желі шнурларын орау үшін арнайы
кронштейндерді пайдаланыңыз.
• Электр шнуры немесе желі шнурының
ашасы бүлінген болса, құрылғы дұрыс
жұмыс істемей тұрған болса немесе
ол бүлінген жағдайда аспапты қосуға
тыйым салынады. Бұл жағдайда
құрылғыны тексерту жəне жөндету
үшін сервис орталығына жолыққан
жөн.
• Егер сіз құрылғыны ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз, онда
сақтау алдында судың қалдықтарын
төгіп тастап, резервуарды жəне кəрез
буландырғышты құрғатыңыз, осыдан
кейін ғана құрылғыны сақтауға алып
қойыңыз. Құрылғыны құрғақ салқын
жерде сақтаңыз.
• Кірді кетіру үшін жұмсақ тазартқыш
заттарды пайдаланыңыз, қажайтын
жуғыш заттарды пайдаланбаңыз.
• Аспапты ұйықтаған кезде қосулы
қалдырмаңыз.
• Климаттық станция тек үйде
пайдалануға ғана арналған.
Назар аударыңыз!
Су толтырылған резервуары бар
құрылғыны аударып алған жағдайда
оны дереу электр желісінен ажыратыңыз
да, аспапты тік етіп орналастырыңыз.
Суға арналған резервуардың бекіткішін
(16) сағат тіліне қарсы бұраңыз да,
резервуарды (13) шығарып алыңыз.
Ағызушы қақпақты (17) суырып алыңыз
да суды корпустан ағызыңыз. Құырлғыны
қосар алдында, тексеру үшін жəне
құрылғыны жөндеу қажет болған
жағдайда сервис орталығына жолыққан
дұрыс.
Бірінші рет пайдаланар алдында
• Құырлғыны қораптан шығарыңыз.
• Аспаптың жұмыс кернеуі желі
кернеуіне сəйкес келетінін тексеріңіз.
Құрылғыны «ON» күйіне орната отырып,
оны қорек ажыратқышымен (7) қосыңыз,
осы кезде екі дыбыс сигналы естіледі
жəне «ҚОСУ» қосу көрсеткіші (40)
жыпылықтайды.
2173.indd 18
2173.indd 18
17.07.2008 9:55:55
17.07.2008 9:55:55
Содержание Airo2 VT-2173
Страница 2: ...2 2173 indd 2 2173 indd 2 17 07 2008 9 55 54 17 07 2008 9 55 54...
Страница 13: ...13 16 13 17 2173 indd 13 2173 indd 13 17 07 2008 9 55 55 17 07 2008 9 55 55...
Страница 18: ...18 16 13 17 ON 7 40 2173 indd 18 2173 indd 18 17 07 2008 9 55 55 17 07 2008 9 55 55...
Страница 32: ...32 16 13 17 7 ON 40 2173 indd 32 2173 indd 32 17 07 2008 9 55 56 17 07 2008 9 55 56...
Страница 37: ...37 I 16 13 17 7 ON 2173 indd 37 2173 indd 37 17 07 2008 9 55 56 17 07 2008 9 55 56...
Страница 48: ...2173 indd 48 2173 indd 48 17 07 2008 9 55 56 17 07 2008 9 55 56...