KAZAKH
KAZAKH
26
27
•
Құралдың қақпағын қысым реттегіштің герметизация жойылған күйде болған кезінде ғана
шешуге рұқсат етіледі.
•
Ішкі тостағанның түбі мен жылдам пісіргіштің Қыздыру элементін жиі тазалаңыз, олардың
ластануына жол бермеңіз. Ішкі тостағанды осы нұсқаулықта сипатталғаннан басқа тәсілмен
пайдалануға тыйым салынады. Тостағанды ашық отта, қысқа толқынды пеште және т.б.
қандай да болмасын тағамдарды пісіру үшін пайдаланбаңыз.
•
Жылдам пісіргіштің ішіне, құралмен бірге жиынтықта берілетін, Ішкі тостағаннан басқа,
қандай да болмасын басқа тостаған немесе контайнерді қоюғы тыйым салынады.
•
Алынбалы тостағанның ішкі бетінде, ұқыпты және күтіммен пайдалануды талап ететін,
күюге қарсы арнайы жабын бар. Тостағанның күюге қарсы жабынын зақымдап алмау үшін,
құралмен бірге жиынтықта берілетін, Пластик қасықты немесе ағаш қасықты пайдалану
қажет.
•
Есіңізге сақтаңыз, жылуды ұстап тұру функциясын пайдаланудың максималды уақыты
24 сағатты құрайды. Бұл уақыт өткеннен кейін, Сізге құралды электр желісінен ажырату
арқылы сөндіру қажет. Жылуды ұстап тұру функциясын 24 сағаттан артық пайдалануға
тыйым салынады. Ішкі тостағанда жылдам бұзылатын азықтар болған жағдайда, жылуды
ұстап тұру функциясын пайдалануға тыйым салынады.
Назар аударыңыз!
Есіңізге сақтаңыз, бұл құрал қысым астында жұмыс істейді және өте
ұқыпты және мұқият қарауды талап етеді. Егер құрал ішіндегі қысым қалыпты қысымнан
артық болған жағдайда, артық қысым, Сақтандыру клапанының көмегімен, автоматты түрде
жойылатын болады. Құралдың ішіндегі қысымды тұрақтандырған жағдайда, артық бу
Сақтандырғыш клапан арқылы шығады.
•
Жылдам пісіргіште тамақ пісіру кезінде, будың дененің ашық аумақтарына, қолға немесе
бетке тиюін болдырмаңыз. Күйіп қалу қаупі бар!!! Пайдалану барысында будың көп
мөлшерде шығуы құралдың жұмысы үшін қалыпты болып табылмайды. Егер бу көп болатын
болса, құралды электр желісінен жедел ажыратып, UNIT сервистік орталығына оны көрсету,
жөндеу немесе баптау үшін жүгініңіз.
•
Ыстық тағам немесе сұйықтық бар жылдам пісіргішті қозғаған кезде, абай болыңыз. Құралды
қозғағанда немесе орнын ауыстырған кезде, жылдам пісіргішті тек Тұтқаларынан ғана
ұстаңыз. Құралды қозғағанда немесе орнын ауыстырған кезде, оны ешқашан қақпағының
тұтқасынан ұстамаңыз.
Назар аударыңыз!
Құралды өз еркіңізбен бөлшектеуге қатаң тыйым салынады (сонымен
қатар, құралдың негіздемесін де), себебі бұл өртке, электр тогының соғуына немесе қайғылы
оқиғаға алып келуі мүмкін. Жөндеу тек UNIT сервистік орталықтарында ғана жүзеге асырылуы
тиіс.
•
Мұқият болыңыз, пайдалану кезінде құралдың кейбір бөлшектері қызады. Құралдың ыстық
беттерін ұстамаңыз. Құралды пайдалану кезінде тек тұтқалар немесе батырмаларлы
пайдаланыңыз.
•
Өрт, электр тогының соғуы немесе жарақат алуды болдырмау үшін, жылдам пісіргіштің
Алынбалы желілік бауы, ашасы және негізі суға немесе басқа сұйықтыққа тимеуін
қадағалаңыз!!!
•
Құралды балалардың және мүгедек жандардың жанында пайдаланған кезде аса абай
болыңыз. Құралды балалардың пайдалануына тыйым салынады.
•
Құралдарды пайдаланып болғаннан кейін және тазалардан бұрын үнемі электр желісінен
суырыңыз.
•
Құралды электр желісінен ажыратқан кезде, Желілік бау емес, ашадан ұстаңыз. Тазалардан,
және жылдам пісіргіштің қандай да болмасын бөлігін шешерден немесе орнатардан бұрын,
құралдың толық сууын күтіңіз.
•
Көзге көрінетін механикалық бүлінулері бар (сонымен қатар, Желілік бау немесе ашаның),
сонымен қатар ол құлағаннан кейін немесе басқа зақымдануынан кейін электр құралын
пайдалануға тыйым салынады. Бұл жағдайда, құралды көрсету немесе жөндету үшін, UNIT
сервистік орталығына жүгініңіз.
•
Құрал тұрмыстық пайдалануға арналған. Құралды коммерциялық мақсатта пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құралды ғимараттан тыс пайдаланбаңыз.
•
Желілік баудың ыстық беттерге тиюіне жол бермеңіз. Желілік бауды тартуға, бұрауға немесе
созуға болмайды. Пайдалану кезінде Желілік бау үстел шетінен немесе жұмыс бетінен
салбырамауы тиіс.
•
Құралдың жиынтығына кірмейтін құрылғыларды, аспаптарды және керек – жарақтарды
пайдалану өртке, электр тогының соғуына немесе қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін.
Құралмен бірге берілетін аспаптар мен керек – жарақтарды ғана пайдаланыңыз. Олай
болмағанда, Сіз кепілдеме мен кепілдемелік қызмет көрсету құқығын жоғалтасыз.
•
Құрал мен керек – жарақтарды тазарту үшін, абразивті тазартқыштар мен агрессиялы жуу
құралдарын пайдаланбаңыз.
•
Құралды электр желісіне қосудан бұрын, құралда көрсетілген кернеу (220-240 В, 50 Гц)
Сіздің үйіңіздегі электр желісіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Ішкі тостағанда азықтар және/немесе сұйықтық болмаса, жылдам пісіргішті ешқашан
пайдаланбаңыз.
•
Құралдың Ішкі тостағаны мен жылдам пісіргіштің өзін азықтарды сақтау үшін пайдаланбаңыз.
•
Жылдам пісіргіште азықтарды сусыз пісіруге тыйым салынады!
•
Егер де пісіру барысында, Сіз дыбыс дабылын естісеңіз және СК дисплейде қате кодының
белгісі пайда болса (төмендегі кестені қараңыз), құралды жедел электр желісінен
ажыратыңыз және оны жөндету немесе баптау үшін, UNIT сервистік орталығына жүгініңіз.
Бұл жағдайда құралды пайдалануға тыйым салынады.
Қателер кодтары
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
1. Құралдың ішінде автоматты түрде қысым төмендесе, ерекше сақ болыңыз, себебі бұл сәтте,
Сақтандыру клапанынан бу шығады. Ыстық будың бетке немесе қолға тиюін болдырмаңыз –
күйіп қалу қаупі бар.
2. Ыстық беттер мен құралдың қақпағын ұстамаңыз. Құралдан қақпақты шешерден бұрын не
месе тазалардан бұрын, құрал толық суығанша күтіңіз.
3. Қандай да болмасын жолмен, қақпақтың құралдың корпусына жанасу орнын оқшаулауға,
мысалы оны орамалмен жабуға қатаң тыйым салынады.
4. Қысым астындағы құралдың Қақпағын ашуға қатаң тыйым салынады. Қақпақты ашардан
бұрын, құралдың ішіндегі қысымның мәні, қауіпсіз мәнге жеткенге дейін, күту қажет.
5. Құралдың қақпағын ашардан бұрын, құралды үнемі электр желісінен ажыратыңыз.
БҰЛ НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ БҮКІЛ МЕРЗІМІНІҢ ІШІНДЕ
САҚТАҢЫЗ!
ҚҰРАЛДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электрлі жылдам пісіргіш – бұл заманауи және көп функционалды құрал, Сіз онда Өзіңіздің
сүйікті тағамдарыңызды оңай және жылдам дайындау аласыз. Жылдам пісіргіште азықтар буға
немесе өз нәріне пісіріледі, бұл оларды дайындау үшін майды пайдаланбауға мүмкіндік береді,
бұл кезде қарапайым қайнату немесе қуыру кезінде жоғалатын дәрумендер мен минералдар
сақталады.
Электрлі жылдам пісіргіш – бұл тек өз денсаулықтарын ғана ойлап қоймай, уақыттарын
бағалайтын заманауи үй шаруасындағы әйелдер үшін таптырмас құрал. Сізге пештің маңайында
тұрып, тамақтың пісуін бақылаудың қажеті жоқ. Сіз бар болғаны жылдам пісіргішке барлық
қажетті ингредиенттерді салып, тағамды дайындау параметрлерін қоясыз.
USP-1070D үлгісі бейімделген мәзірмен жабдықталған, соның арқасында Сіз дайындағыңыз
келген тағамға арналған жұмыс тәртібін таңдай аласыз. Енді жаңа тағамдар пісірген кезде,
Индикация коды Е1
Е2
Е3
Е4
Ақау
Сенсорлы
датчиктің
электр жүйесі
сөндірілген
Сенсорлы
датчиктің
қысқаша
тұйықталуы
Құрал қызып
кетті
Сөндіргіш
блокталуының
дабылы
Содержание USP-1070D
Страница 1: ...ELECTRIC PRESSURE COOKER USP 1070D...
Страница 7: ...RUSSIAN RUSSIAN 12 13 220 240 50 UNIT 24 24 UNIT UNIT UNIT 1 2 3 4 1 2 3 4 5...
Страница 11: ...RUSSIAN RUSSIAN 20 21 9 P0 40 40 20 60 3 5 25 10 11 3 00 00 24 1 1 2...
Страница 13: ...KAZAKH 25 RUSSIAN 24 USP 1070D UNIT UNIT UNIT 25 27 29 31 31 34 35 35 36 36 36 37 2 2 3 2 2 3 UNIT www unit ru...
Страница 14: ...KAZAKH KAZAKH 26 27 24 24 UNIT UNIT UNIT 220 240 50 UNIT 1 2 3 4 5 USP 1070D 1 2 3 4...
Страница 17: ...KAZAKH KAZAKH 32 33 1 3 5 2 3 4 3 5 6 2 7 00 00 4 00 4 24 8 9 P0 40 40 20 60 3 5 25 10 11...
Страница 18: ...KAZAKH KAZAKH 34 35 00 00 24 1 1 2 1 5...