Сіздерді Tupperware өнімі болып табылатын сусынды жылы не салқын етіп сақтайтын
ThermoTupT құмырасын сатып алғандарыңызбен құттықтаймыз. Пайдалану және күту
жөніндегі нұсқауларды тиянақты оқып шығуыңызды өтінеміз, себебі нқсқауларды ұстану
арқасында ұзақ жылдар бойы өнімнің жоғары сапалылығының рақатын көре аласыз.
a s l G F J D H
Қуатты үнемдеп, қоршаған ортаны қорғау мақсатында ыдыс жуғыш машинаны төмен температуралы бағдарламаға
қойып қолданыңыз.
Пайдалану
•
Үнемі жаңа өнімді пайдаланар алдында жуыңыз.
•
Құмыраны алғаш қолданар кезде ортаңғы дискінің нық орнатылғанына көзіңізді жеткізіңіз, қажет
болған жағдайда сағат тілінің бағытымен бұраңыз. Уақыт сала отыра, тексеріп қойыңыз.
•
Қақпағының үстінде үш әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үш белгі бар.
1.
Толтыру үшін – отраңғы белгіні сабына сәйкестендіріп қойған жағдайда қақпағы ішін толтыру
үшін ашылады.
2.
Құю – шыныаяқ белгісін сабына сәйкестендіріп, құмыраны еңкейтсеңіз қалпақшасы автоматты
түрде ашылып, сусын құйылады.
3.
ThermoTup™ құмырасындағы сусын ағып кетпесін десеңіз құлып белгісін сабына
сәйкестендіріп қойыңыз.
•
Құмыраның шыны сауытын шытынап кетуден сақтау үшін ыстық сусын құяр алдында жылы
(қайнап тұрған емес) сумен, ал суық сусын құяр алдында салқын сумен алдынала ішін шаю
ұсынылады.
•
Құмыраны толтырмаңыз, қақпағына дейін 2 см арақашықтық қалдырыңыз.
•
ThermoTup™құмырасы толы болған жағдайда шыныаяқты қақпақшасына жақын қойып,
сусынның құйылуын бақылаңыз.
Тазалауға қатысты нұсқаулар
•
Ішін жылы су мен жууға арналған заттармен жуыңыз. Жақсылап шайыңыз. Суды төгіп, кептіруге
ашық қалдырыңыз.
•
Сыртын таза дымқыл матамен сүртіңіз.
•
Құмыраны суға салмаңыз.
•
Абразиялы тазалау құралдары мен хлорлы ізбестен абай болыңыз.
•
Жабынын ыдыс-аяқ жуу машинасының жоғарғы сөресіне қоюға болады.
•
Құмыраны үнемі ашық күйінде сақтаңыз. Құмыра ұзақ уақыт қолданылмаған жағдайда
пайдаланар алдында ішін жылы сумен шайыңыз.
•
Шыны сауытты тұрақты түрде жылы су мен натрийді құйып қойып, шаю арқылы тазалап
отырыңыз. Жақсылап шайыңыз.
Маңызды сақтық шаралары
•
Шыны сауытты абайлап ұстаңыз және ыстық сұйықтықпен толтыру кезінде өзіңізден алшақ
ұстаңыз.
•
Шыны сауыт шытынап кетпеуі үшін метал заттармен араластыруға, мұз бөліктері мен газдалған
сусындарды сақтауға және тасымалдауға болмайды.
•
Құмыра құлаған кезде, сонымен қатар дұрыс пайдаланбаған жағдайда шыны сауыты сынып кетуі
мүмкін. Мұндай кезде ішіндегі сусынды қолдануға болмайды. Өйткені сусынның ішінде шыны
бөліктері болуы мүмкін. Шыны сауытты алмастыруға болады.
•
Сақтық шаралары мақсатында, әсіресе аққан тамшы белгілері болған жағдайда оқшауланған
контейнерден тікелей ішпегеніңіз дұрыс болады, себебі оның ішінде сынған шынының паршалары
болуы мүмкін.
•
Құмыраны жылы сүт өнімдері мен сәбилер тамағын сақтау үшін қолданбаған жөн, себебі бұл
жағдайларда бактериялардың көбею қаупі бар.
•
Балалардан алшақ жерде сақтаңыз.
Сапа кепілдігі
ThermoTup™ құмырасы ең жоғары сапалы материалдардан әзірленген өнім болып табылады.
Тағаммен бірге қолдануға мақұлданған өнім. ThermoTup™құмырасы барлық Tupperware өнімдеріне
сай кепілдікке ие, яғни өндірістік не болмаса қолданыс кезінде ақаулары болса, сіздің оны міндетті
түрде ауыстырып алуға құқығыңыз бар.
Ескеріңіз: шыны сауыт Тupperware кепілдігіне кірмейді. Жаңа шыны сауыт сатып алғыңыз келсе
Tupperware Демонстраторына хабарласыңыз.
www.tupperwarebrands.com
KK
ThermoTup
™